Тақырып 1 Криминалистиканың пәні, жүйесі, әдістері мен міндеттері. Криминалистикалық идентификация және диагностика


Сонымен тергеу және анықтама жүргізуші органдардың тергеу үстінде қалыптасатын қарым-қатынасыныц түсінігі -



бет8/15
Дата30.01.2018
өлшемі3,46 Mb.
#36250
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15

Сонымен тергеу және анықтама жүргізуші органдардың тергеу үстінде қалыптасатын қарым-қатынасыныц түсінігі - қылмыстық істі тергегенде бір-біріне әкімшілік түрғыдан тәуелсіз тергеу және жедел-іздестіру органдарының қылмысты ашуға, оны сапалы тергеуге, қылмыстың алдын алуға бірлесіп, іскерлікпен істейтін жүмыстары.

Тергеуші мен анықтама жүргізуші органдардың арасында екі түрлі қарым-қатынас калыптасуы мүмкін: тұрақты және бір жолғы. Тұрақты қатынас жағдайында тергеуші мен жедел-іздестіру органдарының қызметкерлері бір істі басынан аяғына дейін бірлесіп, бір жедел топ құрып тергейді. Қарым-қатынас қылмыс осы органдарға белгілі болған кезеңнен, тіпті іс қозғалмай тұрып-ақ қалыптасады. Мұндай жағдайда жедел-іздестіру органдары іс қозғауға негіз бола алатын фактілерді, мәліметтерді жинап, оны тергеушіге береді. Бұл мәліметгер тергеушінің қылмысты қозғау кезеңінде дұрыс шешім қабыддауына көмектеседі. Қылмыстық іс қозғалғаннан кейін жедел топ кұрылып, оған тергеуші және қылмыстың түріне байланысты бірнеше жедел-іздестіру органдарының қызметкерлері кіреді. Жедел топқа кірген тергеуші және жедел-іздестіру органдарының қызметкерлері жалпы тергеу жоспарын жасап, онда көрсетілген іс-әрекеттерді нактылы кім орындайтынын көрсетеді. Кей жағдайда тергеуші өз алдына жоспар жасап, жедел-іздестіру органдарының қызметкерлері өзінше жоспар жасаулары мүмкін. Мұндай жағдайда жедел топтың кеңесінде екі жоспарда көрсетілген іс-әрекеттер салыстырылып, екі жоспарға да белгілі бір дәрежеде өзгерістер енгізілуі керек. Анықтама жүргізуші органдар жедел-іздестіру жұмысын өткізгенде алынған мәліметтерді дереу тергеушіге хабарлап отыруы тиіс. Тергеу әрекетін жүргізу үстінде алынған дәлелдеме фактілерді тергеуші анықтама жүргізуші органдардың қызметкерлеріне хабарлап отыруы қажет. Бір-біріне осындай мәлімет беріп, іскерлік қарым-қатынаста болғанда ғана тергеу дұрыс бағыт алып, жедел топтың жұмысы нәтижелі аяқталып, қылмыс дер кезінде ашылады.

Тергеу үстінде осындай тұрақты қатынаспен бірге, көбінесе жеңіл қылмыстарды тергегенде, эпизодтық, былайша айтқанда, бір жолғы қарым-қатынас та қалыптасуы мүмкін. Мысалы, қылмыстық заңға сүйеніп тергеуші істің кейбір мән-жайларын жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу арқылы анықтап беру жөнінде осы органға нұсқау береді. Осымен қатар тергеуші кейбір күрделі тергеу әрекеттерін өткізуге көмек беру үшін жедел-іздестіруші органның кызметкерлерін шақырып, тергеу әрекетін өткізу үстінде оларға арнайы тапсырмалар береді.
2. Тергеу қарауы - кылмысты тергеуге және ашуға маңызы бар немесе маңызды болуы мүмкін заттарды, құжаттарды және өзге де іздерді табу, бекіту, алу және қылмыстық істің мән-жайларын зерттеу мақсатында тергеушінің кез келген объектілерді тікелей кабылдауы мен зерттеуінен тұратын тергеу әрекеті.

Қылмыстық іс жүргізу заңы бойынша қарау - қылмыс ізін, әзге материалдық объектілерді анықтау, сондай-ақ іс үшін маңызы бар жағдайларды айқындау мақсатында тергеуші, ал ол жоқ болған жағдайда анықтаушы немесе қылмыс туралы арыз немесе хабар түскен анықтау органының лауазымы жағынан жоғары қызметкері жерді, үй-жайларды, заттарды, құжаттарды, көзі тірі адамдарды, мәйіттерді, жануарларды тексеру әрекеті.

Криминалистикалық оқулықта тергеу қарауының келесідей мақсаттары көрсетілген:

- тергеушінің жеке объектіні, объектілердің жиынтығы немесе кешенін тікелей зерттеу;

- оқиғаның, қылмыстың механизмі, жері орны, қылмыскердің және жәбірленушінің жеке басы және де қылмыстық іс бойынша анықтауға жататын өзге де мән-жайлар туралы типтік, жалпы және жеке болжауларды ұсыну үшін бастапқы ақпаратты алу;

- қылмыстың суымаған ізі бойынша қылмыскерді іздестіруді және қажетті жедел-іздестіру шараларын ұйымдастыру үшін мәліметтерді алу;

- тергеу барысында кейінгі әрекеттерді (кезектегі шараларды) жоспарлау үшін мәліметтерді алу;

- тергелетін қылмыстың жасалуына себеп болған жағдайларды анықтау.



Тергеу қарауының түрлерін әр түрлі негізер бойынша жіктеуге болады: қарау объектісі бойынша, жүргізу кезектілігі бойынша, көлемі бойынша.

Қылмыстық іс жүргізу заңы бойынша тергеу қарауының келесі түрлері керсетілген:

-оқиға болған жерді;

- заттай дәлелдемелер;

- мәйіт;

- сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің, куәгердің денесін карау.

Криминалистикада тактикалық мағынасы жағынан қарау объектілеріне:

- үй-жайдағы оқиға болған жер;

- ашық жердегі оқиға болған жер;

- мәйіт;


- қылмыстың қаруы және құралы;

- құжаттар, фото, бейне-жазбалар, киноқұжаттар сонымен қатар, пошта-телеграфты хат-хабар;

-жануарлар;

- көлік құралдары;

- компьютерлер; - сезіктінің, айыпталушыньщ, жәбірленушінің, куәгердің денесі.

Кезектілігі бойынша тергеу қарауының екі түрін ажырата-мыз:

- алғашқы;

- қайталама.

Қайталама қарауды жүргізу жағдайлары әр түрлі болуы мүмкін: алғашқы карауды сапасыз жүргізу (қолайсыз метеорологиялық жағдайлар, түнгі уақыт және т.б.), кажетті техникалық құрал-жабдықтарды қолданбау, тергеу барысында қайталама қарауды жүргізу кажет екендігін көрсететін мәліметтердің алынуы, алғашқы карауды толық, егжей-тегжейлі жүргізілмесе және дұрыс жүргізілгендігінде күмән туындаса, сонымен қатар, прокурор мен тергеу бөлімі бастығының тікелей нұсқауымен жүргізіледі.

Көлемі бойынша тергеу қарауы негізгі және қосымша деп бөлінеді. Алғашқы қарау көп жағдайда негізгі карау болып табылады. Сондыктан тергеуші қараудың жан-жақты, толық жүргізілуіне тырысып, қосымша қарау жүргізу қажеттілігін болдыртпауы қажет. Бірақ кей жағдайларда қосымша қарау жүргізу ситуациялары да кездеседі: негізгі қарау кезінде жекеленген учаскелерге, объект элементтеріне карау жүргізілмеген жағдайларда.

Барлық объектілерге қарау жүргізуде жалпы процессуальдық және тактикалық талаптар қойылады.

Тергеу қарауы екі куәгердің міндетті қатысуымен жүргізіледі, ал оқиға болған жерді қарау кезінде өзге жағдайлар да болуы мүмкін.

Куәгер болып әрекет қабілеттілігі бар, іске мүдделі емес, заң талаптарын мүлтіксіз орындайтын азаматтардың болуы қажет. Олардың міндетіне тергеушінің барлық әрекеттерін, сонымен қатар, хаттаманың толтырылуын объективті бағалауы мен куәландыруы жатады. Куәгерлер мақсатты түрде тергеушінің, криминалист-маманның барлық әрекеттеріне бақылау жүргізуі керек.

Тергеуші қарау әрекетіне жәбірленушіні, сезіктіні, куәні, айыпталушыны олардың келісімімен қатыстырта алады.

Қарауға сонымен катар, тергеуші мамандарды шақыра алады.Қаралатын объектінің түріне байланысты криминалист-маман, дәрігер (медицина кызметкері), экономист, инженер, химик және т.б. шақыртылады.

Тергеу ситуациясына, қаралатын объектіге байланысты участковый, патруль, жол полиция қызметкерлері карауға қатысады.

Тергеу тәжірибесі қарауының бірнеше тактикалық нұсқауларын ұсынады:

1) қараудың кейінге қалдырылмай, дер кезінде жүргізілуі;

2) мақсатты түрде жүргізілуі, қараудың барысы мен нәтижесіне талдау жасау;

3) криминалистикалык техника талаптары мен ережелерінің сақталуы;

4) қараудың бір бастамамен жүргізілуі;

5) тергеу қарауының барлык нәтижелерін толық және объективті бекіту.
3. Қылмыстық істерді тергегенде әр түрлі объектілерді карауға тура келеді. Жеке заттарды, мәйітті және басқа да объектілерді қарау бірде дербес тергеу қарауының түрі болып саналады да, кей жағдайларда олар оқиға болған жерді қараумен қамтылады. Егер айтылған объектілер оқиға болған жерден тыс жерде қаралса, бұл қарау жеке тергеу әрекеті есебінде саналады.

Мұндай жағдайлар, әрине сирек кездеседі, көбінесе жоғарыда айтылған объектілер оқиға болған жерде қаралады.

Оқиға болған жерді қарау, тергеудің бастапқы кезеңінде, қылмыстық іс қозғалмай тұрғанда-ақ жүргізіледі. Көп қылмыстардың тергеуі окиға болған жерді қараудан басталады. Бұл тергеу әрекетін кешіктірмей, дер кезінде жүргізген жағдайда қылмысты ашуға керекті, ете құнды дәлелдемелер жинап алуға болады. Қылмыстық оқиға бір адамның немесе бірнеше адамдардың белгілі бір әрекет-қимылдарынан тұратындықтан ол айналадағы ортаға әсер етіп, сол қылмыс жасалған жерде көптеген іздер қалдырады.

Оқиға болған жерді қараудың тергеу әрекеті есебіндегі маңызын дұрыс ұғу үшін алдымен оның түсінігіне тоқталайық. Біріншіден, оқиға болған жер дегенге не жатады, оның ұғымын талдайық. Оқиға болған жер деген түсінікке оқиға болған жер және осы қылмыстың іздері табылған жерлер жатады. Сондықтан бұл ұғымға тек қана қылмыс жасалған жер ғана жатпайды. Мұнымен қатар бұл ұғымға қылмыс жасауға дайындық жұмыстарын жүргізген жер, қылмыс жасауға қолданған қару және басқа да заттай дәледдемелер тапқан жер де жатады. Ол - жеке үй, пәтер, ашық алаң, су айдыны, вагон, тағы баска да объектілер болуы мүмкін. Бір кылмыс бойынша бірнеше оқиға болған жер болуы мүмкін.

Айтылғандарды тұжырымдайтын болсақ, оқиға болған жер дегеніміз қылмыстың жасалған жері және де сол қылмыстың іздері табылған ашық алаң, пәтер, жеке үй және басқа да объектілер.

Енді тергеу әрекетінің оқиға болған жерді қарау деген түсінігіне талдау жасайық.

Криминалистикалық оқулыктарда бұл тергеу әрекетінің мағынасына әр түрлі түсінік, ұғым беріледі.

Оқиға болған жерді қарау дегеніміз іздерді, заттай дәлелдемелерді іздеп табуға, оларды бекітуге, алуға және зерттеуге бағытталған, сонымен қатар жасалған қылмыстың мән-жайын, оның болу механизмін анықтау максатымен кідіртпей жүргізілетін, заңда көрсетілген тергеу әрекеті.

Осы түсінікте оқиға болған жерді қараудың міндеттері де көрсетілген. Атап айткднда, оқиға болған жерді қарау үстінде іздер, заттай дәлелдемелер белгілі криминалистикалық әдістер мен тәсілдер, арнайы құрал-саймандарды пайдалану арқылы ізделіп, бекітілуі зерттелуі керек. Сонымен қатар қарау үстінде объектілердің орналасуы және жалпы жағдайы бойынша қылмыстың мән-жайы жөнінде деректі мәліметтер алу қажет, оқиға болған жерді қарауда бұл мәліметтердің маңызы зор. Оқиға болған жерді қарау тергеудің ең бастапқы кезеңінде, кылмыс болғаннан кейін іле-шала жүргізілетіндіктен, бүл тергеу әрекетін жүргізу арқылы өте құнды деректер, дәлелдемелер жинап алуға болады. Қарау мезгілінде табылған заттай дәлелдемелер, іздер арқылы қылмыстың механизмін, қылмыс жасау әдісін анықтауға, қылмысты жасауға қатынасқан адамдар жөнінде және істің басқа да мән-жайлары жөнінде өте керекті мәліметтер жиналады.


4. Оқиға болған жердің толық, пәрменді және дұрыс қаралуы тергеушінің осы тергеу әрекетіне ұқыпты дайындалуына тікелей байланысты.

Тергеушінің дайындық жұмысы екі кезеңге бөлінеді.

Бірінші кезең — тергеушінің оқиға болған жерге шықпай тұрып, оқиға жөнінде хабар алысымен жүргізетін дайындық жұмыстары. Бүл бірінші кезеңде тергеуші мына төмендегі дайындық жұмыстарын атқарады:

1.өзі келгенше оқиға болған жерді өзгеріссіз сақтап калу үшін белгілі бір лауазымды адамдарға, атап айтқанда, полиция кызметкерлеріне нұсқау береді;

2.оқиға болған жерді қарауға өзімен бірге қатынасатын лауазымды адамдарды (жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізетін), мамандарды нақтылап белгілеп, олардың оқиға болған жерге кешікпей келуіне керекті шара қолданады;

3.оқиға болған жерді карағанда қолданатын криминалистикалық құрал-саймандарды және басқа да қажетті жабдықтарды дайындайды.

Оқиға болған жерге келісімен тергеуші мына төмендегі дайындық жұмыстарын жүргізеді:

• жәбірленушінің хал-жағдайы анықталып, керек болса оған жедел медициналық жәрдем көрсетіледі;

• оқиға болған жердің шекарасын анықтайды;

• полиция қызметкерлерінің және басқа да лауазымды адамдардың баяндауынан оқиға болған жерде қандай өзгерістер болғанын біліп, егер оқиға болған жерде өзгерістер болса, олардың қандай себептен болғанын анықтайды;

• қылмысты көзімен керген куә адамдарды сұрау арқылы, оқиға жөнінде деректі мәліметтер алады;

• керекті жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу жөнінде полицияға және жедел-іздестіру органдарының қызметкерлеріне нұсқау береді;

• қарауға қатынасатын куәгерлерді анықтап, оларды заңда көрсетілген құқықтары және міндеттерімен таныстырады, арнайы нұсқау береді;

• тергеу әрекетін қарауға қатысы жоқ бөтен адамдардың бұл жерден кетуін талап етеді;

• жедел-іздестіру органдарының қызметкерлеріне арнайы дайындығы бар, үйретілген итті пайдалану арқылы қылмыскердің ізіне түсіп, оны ұстауға нүсқау береді.

Жоғарыда керсетілген және де оқиғаның ерекшелігінен туын дайтын басқа дадайындық жүмыстарын бітіріп, тергеуші оқиға болған жерді қарауға кіріседі.


5. Оқиға болған жерді қарау екі кезеңге бөлінеді және осыған байланысты арнайы әдіс-тәсіл қолданылады.

Тергеу әрекеті оқиға болған жерді жалпы шолып қараудан басталады да, бұл қараудың бірінші кезеңі деп саналады. Кей авторлар бұл кезенді оқиға болған жерді бағдарлау сатысы деп те атайды. Негізінен, бұл кезенде тергеуші оқиға болған жерді толығымен, жалпы шолып қарау арқылы осы жерді бағдарлайды. Сондықтан жалпы шолуды бағдарлау үшін пайдаланатын әдістің бір түрі деп те санауға болады.

Бұл кезеңнің негізгі міндеті — оқиға болған жерді нақтылап анықтау, ондағы орналасқан жеке объектілерді, олардың ара қашықтығын, орналасуын, жағдайын белгілеу. Оқиға болған жерді жалпы аралап, қаралатын жердің негізгі, түйінді, қарауға күрделі жерлерін алдын ала белгілеу керек. Оқиғаның түйінді жері дегенге іздердің, заттай дәлелдемелердің неғүрлым көбірек шоғырланған жерлері жатады. Бағдарлау үстінде сонымен қатар шешілетін сұрактар: қылмыскер бұл жерге (айталық, пәтерге) қалай келуі (кіруі) мүмкін, оқиғаны қай жерден көруге болады, қылмыс әрекеттерінің ерекшелігіне байланысты қылмыстың ізі кай жерде қалуы мүмкін. Жалпы шолып қарау арқылы объектілердің орналасуын, олардын, ара қашықтығын және басқа да жағдайларды есептей келіп, тергеуші оқиғаның болу механизмін болжап, көз алдына елестетіп, болған оқиғаның көрінісін ойша жасап көруі керек. Міне, осы тұрғыдан алғанда оқиға болған жсрді қараудың бұл сатысы тергеушінің шығармашылық талдауын қажет етеді. Осындай талдаудың сапасы қараудың және гергеудің дұрыс бағытта болуына тікелей ықпал етеді. Қараудың бұл сатысында тергеуші объектілерді қарау кезегін, ретін шешіп алады. Криминалистикада карау, ситуациялық жағдайларға байланысты, оқиға болған жердің ортасынан не шетінен басталады. Сонымен қатар оқиға болған жерді сүзе толық алға қарай бір бағытта карау әдісі де қолданылады.

Оқиға болған жердің шетінен бастап спиральдық әдіспен оның ортасына қарай жүргізілетін қарауды орталыққа шоғырлану концентрлік әдісі дейміз.

Айталық, бөлменің ортасында мәйіт жатса, кіре берістен, мысалы есіктен басталып, бөлменің қабырғасын жапсарлай тұрған объектілер спираль тәрізді оңнан солға, не керісінше, солдан оңға қаралып, бірте-бірте бөлменің ортасына, мәйіт жатқан жерге келіп, мәйітті қараумен тергеу әрекеті аяқталады. Қараудың мұндай түрі оқиға болған жердін шегі (шекарасы) нақты белгілі болған жағдайда қолданылады. Егер де оқиғаның шегі қай жермен шектелетіні белгісіз жағдайда, айталық мәйіт ашық аланда жатыр, қарау ортадан басталып, спираль тәрізді бағытпен жүріп, окиға болған жердің, тек аймақтарын қараумен аяқталады. Мұндай кезектілікпен қарауды оқиға болған жерді эксцентрлік әдісі бойынша карау дейді. Кейде оқиға болған жердің түйінді тұсы белгісіз, тек бір оқиға болған кеңістікті (аланды) толық карауға тура келеді. Егер осындай ситуациялық жағдай туындаса, қаралатын кеңістіктің басынан бастап, бір шетінен екінші шетіне дейін көлденен және алға бір бағытта жүріп, кеңістік толық сыпырыла сүзіліп қаралады. Айтылғандарды тұжырымдайтын болсақ, оқиға болған жердегі объектілерді қарау кезегінің үш түрі бар: концентрлік — оқиға болған жердің шетінен ортасына қарай шоғырланып қарау; эксцентрлік — ортасынан шетіне карай қарау, фронтальды - толық сүзіп қарау.

Объектілер қозғалыссыз қаралады – оны статикалық әдіс дейді.

Жалпы шолып қарау үстінде оқиға болған жерде пайда болуы ешқандай негізсіз жат, бөгде іздер және кылмыстың болу механизміне қайшы келетін жағдайларды байқап аңғаруға болады, Мұны криминалистикада негативті жағдайлар деп атайды. Айталық, қылмыстың белгілі бір жағдайда, я белгілі бір әдіспен жасалғанда міндетті түрде пайда болатын іздердің (заттардың) болмауы, не керісінше жалпы жағдайға жат, осы жерге бөгде іздердің (заттардың) оқиға болған жерде болуы. Мысалы, оқиға болған жерде жатқан мәйіттің денесінде пышақ жарасы бар, бірақ мәйіттің астында (оның жанында) қан өте аз. Осындай келеңсіз жағдайларды тергеудің кейінгі кезендерінде тексеріп зерттеу арқылы нақтылы кандай қылмыстың жасалғандығын анықтауға болады.

Оқиға болған жерді караудың екінші кезеңінде жердегі әр объект бөлшек-бөлшегімен жеке-жеке қаралып, зерттеледі.

Мұндай жағдайда, әр объект орнынан қозғалып, басқа жерге қойылады. Осындай қозғалмалық әдістер қолданғандықтан бүл қарау кезеңінде қолданылатын әдістерді серпінді (динамикалық) әдістер дейді.

Әр объектіні қараудың өзіндік ерекшеліктері бар. Пәтерді қарағанда белмеге кірген есіктен солдан оңға қарай (не керісінше оннан солға қарай) қабырғада ілініп түрған жабдықтар қаралады. Қарау үстінде олардың орналасуына, жалпы жағдайына көңіл аудару керек. Кабырға бойындағы нәрселерді қарап біткен соң бірте-бірте спираль тәрізді бағытпен бөлменің ортасында тұрған үй жабдықтары қаралады.

Мәйітті карау үстінде белгілі бір кезекпен мына төменгі мәселелер анықталады:

• мәйіттің дене тұрысы және жалпы кейпінің белгілері.

• мәйіттің жатқан орны осы жердегі бір тұрақты және көрнекті объект арқылы белгіленеді.

• мәйіттің үстіндегі киім, оның қандай қалыпта екендігі.

• мәйіттің денесінде кандай жарақаттар бар, олардың түрі, өлшемі және орналасқан орны;

• мәйіт белгілері, атап айтқанда, мәйіт дағы бар ма, жоқ па? Егер бар болса, дененің кай жерінде екендігі.

Егер мәйіттің қасында қару (ату қаруы, пышақ) жатса, онын, мәйіттен қандай қашықтықта жаткандығы өлшеніп белгіленеді.

Болған қылмыстын механизмін ойша болжау аркылы қылмыскердің белгілі бір объектілерді ұстау мүмкіндігін анықтап, осы объектіде қолдың саусақтарынан шыққан, майлы терден пайда болған іздерді табуға әрекет жасау керек. Мүндай іздер кебінесе көзге көрінбейтін не өте нашар көрінетін болғандықтан, оларды көрінетін жағдайға келтіру үшін осындай іздерді табуға арнайы ұнтақтар пайдаланылады.

Егер механизмі өте күрделі қүлыптар бұзылған болса (мысалы, сейфтің кұлпы) оны бұзып-ашу әдісіне мән беру керек, себебі мұндай кұлыптың механизмін біліп, ашу белгілі кәсіби дағдысы бар адамның ғана қолынан келеді. Мұндай жағдайда кұлыпқа басқадай әрекет жасамай (келеді-ау деген кілттермен ашып көрмей) оның белгілі бір әдіспен ашылуын анықтау үшін ол трасологиялық сараптамаға жіберіледі.

Көліктің іздерін қарау үстінде зер салып аныктауға жататын мәселелер: доңғалақтың протекторыньщ түрі; екі доңғалақтың (артқы және алдыңғы) ара қашықтығы, доңғалактың тежеу ізі және оның өлшемі; көліктің сынып түсіп қалған бөлшектері (сыдырылып түсіп қалған бояуы, әйнек, шыны т.б.). Осы іздер бойынша оқиғаға қатысы бар көліктің (автомашинаның) маркасын (моделін) білуге, оның қай бағытта кеткенін анықтап, бүл мәліметтерді осы машинаны іздеп табуға пайдалануға болады. Ол сараптама бойынша анықталады.

Қылмыс жасауға ату құралы қолданылған болса, оқиға болған жерде оқтың іздерін зерттеуге тура келеді. Қарау үстінде оқтың кірген және шыққан жерін анықтау керек. Оқтың іздерін қарау және зерттеу арқылы атылған оқтың бағытын, қашықтығын және қанша оқ атылғандығын анықтап білуге болады.

Оқиға болған жерде кылмыскердің иісі де қалады (адамның иісі зерттейтін ілімді криминалистикада одорология дейді). Адамның иісін оқиға болған жерден алып, сол бойынша адамды идентификациялау әдістемесі әзірге толық зерттелмеген. Сондықтан мұндай идентификациялық зерттеулер әлі күнге дейін жүргізілмейді. Бірак адамның иісін осы иіс қалдырушы қылмыскер адамды ұстауға пайдалануға болады. Ол үшін арнайы осыңдай жұмысқа дағдыланып үйренген иттерді ізге түсіру арқылы қылмыскерді «ізін суытпай» соңына түсіп ұстауға болады.

Егер тергеу қарауы түнде, қараңғыда жүргізілсе, осы жер жарық түскеннен кейін қайта қаралуы тиіс. Мұндай жағдайда оқиға болған жер бірінші қарауда толық қаралмай, оның тек түйінді, маңызды жерлері ғана қаралады.

Оқиға болған жерді қараудың соңғы кезеңінде табылған іздерді, заттай дәлелдемелерді олардың жағдайын, орналасуын, бәрін есептей келе, оларды талдау жасау арқылы бұл жерде не болды, ол калай болды, оған қанша адам және кімдер катынасуы мүмкін, болған окиғаның зардабы қандай деген сұрақтарға жауап алуға тырысу керек. Осындай шығармашылык, талдау үстінде тергеуші қарауға катысқан мамандардың пікірін, олардан алынған ауызша мәліметтерді де ескере отырып логикалық талдау және синтездеу, дедукциялык және индукциялык әдістерді қолдану арқылы қылмысты ашуға керекті сұрақтардың бәріне жауап алуға тырысуы тиіс.

Окиға болған жерді қарау үстінде анықталған мәселелердің, табылған айғақтардың дәлелдеме есебінде іске тіркелуі оның қорытындысының заң жүзінде дұрыс және толық бекітілуімен тығыз байланысты.

Оқиға болған жерді қараудың барысын және нәтижесін бекіту тәсілдері жалпы және жеке болып екіге бөлінеді.

Бекітудің жалпы тәсілі дегенімізоқиға болған жердің жалпы көрінісін толық көлемде бекіту болса, жеке тәсілі - қарау үстінде табылған іздердің үлгісін алу және заттай дәлелдемелерді бекіту. Бұл кейінгі айтқан жеке бекіту амалдары жалпы бекітумен қамтылатын болғандықтан, бұл жұмыста оқиға болған жерді бекітудің жалпы түрлері қаралады.

Оқиға болған жерді бекітудің ең негізгі және заңда нақты лап көрсетілген түрі - хаттама жазу. Хаттаманы толтыру үстінде анықталған барлық жағдайлар, табылған және алынған іздер, заттай дәлелдемелер толық, объективті түрде белгілі бір кезекпен жазылуы тиіс.

Хаттама үш бөлімнен тұрады. Бірінші, кіріспе бөлімінде оқиға болған жердің қай күні және қай уақытта, кімдердің қатысуымен қаралғандығы, оқиға болған жердің мекен-жайы, (не орналасқан жері), қаралған объектілері, оқиға болған жер қандай жағдайда каралғандығы туралы мәліметтер жазылады.

Екінші, сипаттап жазу бөлімінде қаралатын жердің ерекшелігі, үй (пәтер) болса неше белмеден тұратыны, бөлмелердің орналасуы, есігінің қай жақта екендігі, терезелерінің қай қабырғаға қондырылғаны, т.б. ерекшеліктері толық жазылуы тиіс. Қаралған объект сол қаралу ретімен хаттамаға тіркеледі, қаралған заттардың орналасқан орны осы жердегі тұрақты бір объектіге байланыстырылып, яғни осы объектіден қанша ара қашыктық жерде тұрғандығы көрсетіледі.

Үшінші, қорытынды бөлімінде оқиға болған жерді қарау үстінде қандай заттай дәлелдемелер алынғаны, осы хаттамаға кандай қосымша бекіту әдістері қолданылғаны көрсетіледі. Айталық, оқиға болған жердің схемасы сызылып, объектілер фотосуретке түсіріледі.

Хаттамаға қосымша оның кей жерлерін нақтылап көрсету оқиға болған жердің схемасы сызылады. Схемада оқиға болған жердің жалпы көрінісі түсіріліп, ондағы әр объектінін орналасуы, олардын ара қашықтығы кестелі түрде бейнеленеді, схемада оның белгілі өлшем көлемі, оңтүстік не солтүстік бағыты көрсетіледі.

Оқиға болған жердің жалпы көрінісін және ол жердегі жеке объектілердің орналасуын түсіндіріп, нақтылап керсету үшін қарау кезінде арнайы сот-фотографиясының әдістерін қолдану арқылы бұл жер фотосуретке түсіріледі.

Қарау үстінде қолданылған бекіту тәсілдері мен қолданылған техникалық құралдардың бәрі міндетті түрде хаттамада көрсетілуі тиіс.


6. Тергеу әрекетінің ерекше бір түрі - адамдарды куәландыру.

Қылмыстық істерді тергеу кезінде кейбір жағдайларда сезікті адамның, айыпкердің не жәбірленушінің, денесінде әр түрлі дақ, ерекше белгілер, не іздер барлығын анықтау үшін оларды заңда көрсетілген тәртіпті сақтай отырып, куәландырып карауға тура келеді. Өзіндік міндеті бойынша және қарау мезгілінде қолданылатын тәсілдер бойынша куәландыру бірде тергеу әрекеті есебінде жүргізілсе, екінші жағдайда сот-сараптамасының ерекше түрі есебінде жүргізіледі. Осыған байланысты олар тергеулік және медициналық куәландыру деп аталады.

Тергеу әрекеті есебінде жүргізілген жағдайдан басқа, объектілерді қарау үстінде әдеттегідей пайдаланылатын әдістер колданылады. Айталық, адам куәландырылғанда, біріншіден, оның киген киімдері қаралады, олардың жалпы жағдайы, жыртылған жері, үзілген түймесі, дақ, таңба, тағы басқа да ерекше белгілердің бар-жоғы анықталады. Киімін қарап болғаннан кейін, оның денесі қаралады. Егер куәландырылатын адамды мұндай қарау кезінде жаландштандыруға тура келсе, онда бұл тергеу әрекетіне басқа жыныстын, адамдары қатыса алмайды. Сондықтан егер әйел адам жалаңаштандырылып каралса, бұл тергеу әрекетін әйел тергеуші жүргізу керек те, ал еркек адам куәландырылса, еркек тергеуші өткізуі керек. Қалай болғанда да бұл тергеу әрекетін жүргізу кезінде куәландырушы адамның намысына тиетіндей, оны кемсітетіндей іс-әрекеттер жасалмай, жүргізілетін жұмыстардың бәрі моральдық нормаларға сай болуы тиіс.

Бұл тергеу әрекетін жүргізгенде негізінен куәландырылатын адамның үстінде бір ерекше белгілер, дақ және басқа іздердің болуы тексеріліп, қаралады. Тергеудің бастапқы кезеңінде үсталған сезікті адам бұл қылмысқа қатыспағанын және жәбірленушіні танымайтынын айтып жауап берді. Оны куәландыру үшін беліне дейін шешіндіргенде жәбірленушінің айтқанындай қылмыскердің иығында қал, кеудесінде татуировка бар екені анықтадды. Сонымен куәландырудың қорытындысы істі дер кезінде ашуға өте кұнды дәлелдеме есебінде пайдаланылды.

Куәландыру сонымен катар сот-медициналык сараптаманың ерекше түрі есебінде жүргізіледі. Сезіктінің, айыпкердің, не жәбірленушінің денесін карағанда арнайы медициналық білім колданылып, олардың денесінде бар жарақат тексеріліп, зерттелсе ондай куәландыру сараптамалық зерттеудің бір түрі болып саналады. Мүндай зерттеп қарау үстінде негізінен мына төмендегі сұрақтар анықталады:

а) куәландырған адамның денесінде, қай жерінде, қандай жарақаттар бар?

ә) жарақаттардың түрі, өлшемі, саны және олардың жалпы ауырлығының дәрежесі?

б) куәландырған адамның денесінде бұрын жасалған операцияның белгісі бар ма?

Егер де жай қарау арқылы бұл сұрақтарды шешуге мүмкіндік болмай, оларды анықтауға медициналық зерттеулер қажет болған жағдайда сот-медициналық сараптама тағайындалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет