Тақырып 1 Кросс-мәдени психологияға кіріспе Мақсаты



бет26/33
Дата03.02.2023
өлшемі146,49 Kb.
#167327
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33
Байланысты:
Та ырып 1 Кросс-м дени психология а кіріспе Ма саты

«Этностық сәйкестілік» ұғымы ХХ ғ. ортасынан бастап әлеуметтік және психологиялық әдебиеттерде қолданыла бастаған жаңа ұғым. Алғаш рет америкалық социолог Д.Рисман қолданған. 70-ші жылдары мәдениетаралық қарым-қатынастардың, әлемдегі ғаламдық әлеуметтік және саяси өзгерістердің күшеюімен батыста осы феноменді зерттеуге арналған жұмыстардың саны күрт көбейеді. Кеңестік дәуірден кейін, КСРО ыдырауы себепті, тәуелсіз және суверенді мемлекеттердің, эносаралық шиеленістердің пайда болуымен этностық сәйкестілік мәселесі ерекше көкейкесті мәселеге айналды. Сол себепті қазіргі шетелдік және отандық этнопсихологияда этностық сәйкестілік мәселесі этнопсихологияның теориялық және эмпирикалық зерттеулерінің басты пәніне айналды.
Бүгінгі күні кең мағынасында алғанда, этностық сәйкестілік өзінің белгілі бір этностық қауымдастыққа жататынын сезінетінін айқындайтын әлеуметтік-психологиялық категорияға жатады.
Этнопсихологиялық сөздікте этностық сәйкестілік - субьекттің бір этностық топтағы басқа өкілімен бірігудегі эмоционалды-когнитивті процесі, сондай-ақ оның тарихына, мәдениетке, ұлт салттары мен барлық халықтар дәстүрлеріне, оның идеалдарына, сезімі мен мүдделеріне, фольклоры мен тіліне, этностың мекендейтін аймағы мен мемлекеттілігіне деген жағымды көзқарасы деп анықталады. Алайда бұл өзін басқалармен жай ғана біріктіру емес, сонымен қатар Т.Г.Стефаненко айтқандай, өзін этнос өкілі ретінде сезінуінің когнитивті-эмоционалды процесінің нәтижесі.
Этностық сәйкестілік тек қана өзінің этностық топқа жататынын сезіну ғана емес, сонымен қатар оны бағалау, оның мүшесі болғанының мағынасын түсіну. Бұл этносаралық салыстырудың басты критерийлері болып табылатын мақтаныш, абырой, реніш, қорқыныш сезімдері. Осыған байланысты позитивті және негативті этностық сәйкестілікті бөліп көрсетуге болады. Позитивті этностық сәйкестілік адамның сол этностың мүшесі болғанына қанағаттану, мүшесі болу тілегін, халқының табыстарына мақтаныш сезімін білдіреді. Негативті этностық сәйкестілік өз этносына деген теріс сезімнен қалыптасады. Бұл өз этносынан ұялу, қорлану түрінде көрінеді, кейде өз этносынан басқа этносты артық көреді. Мысалы, 50-ші жылдардың соңынан бастап, қазақ жеріне орыстардың көптеп қоныс аударуына байланысты, орыстандыру саясаты жүруіне байланысты, қазақтардың көпшілігі өз тілін, мәдениетін ұмытып, өз этносына деген қанағаттанбаушылық, негативті сезім пайда болды. Тіпті кейбіреулері өз есімдерін орысшаға аударып алды, ана тілін ұмытып орыс тілінде сөйледі, ұлтын айтуға ұялды, барлық жағынан орыстарға еліктеді. Орыс тілінің кеңінен қолданылуы қазақ тілінің ролін төмендетті. Қазақ мектептері күрт азайды.
Алайда Қазақстанның тәуелсіздік алуымен байланысты, бұл жағдай өзгерді. Қазақтар өз этносының басқаларға қарағанда ерекшелігін түсіне бастады, өз этносына деген позитивті сезімдері пайда болды. Өз ұлтын, жерін, халқын құрметтей бастады, ұмытыла бастаған туған тіліне деген құрмет сезімі туды. Қазақ тіліне, мәдениетіне, тарихына деген тек қазақтардың ғана емес, Қазақстанда тұратын басқа да ұлттардың қатынасы өзгерді.
Позитивті этностық сәйкестілік оның әртүрлі көріністерімен айқындалады. Оның жоғарғы деңгейі моноэтностық сәйкестілік – ресми түрде бір этностың мүшесі болуы. Кей жағдайда ол этностық гиперсәйкестілікке ұласады. Бұл басқа этностық топқа төзбеушіліктен көрінеді. Егер полиэтностық (көпұлттық) қоғамда басқа этнос өз этносына қарағанда экономикалық, әлеуметтік тұрғыдан жақсырақ көрінсе, басқа этностық топпен моноэтностық сәйкестілік пайда болады. Бұндай жағдайда индивид басқалардың тілін, мәдениетін, салт-дәстүрлерін, құндылықтарын қабылдап, өзін сол этноспен сәйкестендіреді. Егер адам өзін екі этноспен сәйкестендірсе, яғни екі этностың тілін, қасиеттерін меңгерсе, биэтностық сәйкестілік пайда болады. Мысалы, көпұлтты мемлекетте өмір сүрушілер өздерін екі немесе одан да көп этносқа жатқызады. Алайда, мұндай екіжақтылық маргиналдық этностық сәйкестілікті туғызады. Этностық маргинал – қос этностық өзіндік сана тудыратын екі этностық мәдениетке бірдей тән болу. Маргинал тұлға – екі ұлттың мәдени өмірі мен салттарына саналы түрде қатысып өмір сүретін адам. А.Б.Мулдашева этностық маргиналдарды төрт типке жіктейді. Бірінші тип – немқұрайлы маргиналдар, екі этносқа да тән болу сезімдері жоқ, екі этностың да мәселелеріне немқұрайлы қарайды. Екінші тип – селқос маргиналдар, этнопсихологиялық екіжақтылықтың шиеленімен сипатталады. Өздерінің этностық сәйкестілігін шатастырып, ішкі шиеленісті шешуде жеңіл жолдарды іздейді. Үшінші тип – ұлтшылдар, агрессиялы түрде әрекет етеді. Төртінші тип – шығармашылдар, олар үшін маргиналдық этностық сәйкестілік жеке дамуының көзі болып табылады.
Этностық сәйкестіліктің құрылымы екі компоненттен тұрады: когнитивтік және аффективтік. Когнитивтік – өз тобының ерекшеліктерін білу, этнобелгілері: тілі, әдет–ғұрыптары, діні, тарихы, ұлттық мінезі мен мәдениеті негізінде өзін бір ұлтқа жатқызу. Аффективтік – өзін топқа жатқызу сезімі, оның қасиеттерін бағалау, оның мүшесі болуына деген қатынасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет