Ұсынылатын әдебиеттер
Негізгі
Идентичность и конфликт в постсоветских государствах. - М.1997. - С.205-224.
Кукушкин В.С, Столяренко Л.Д. Этнопедагогика и этнопсихология. -Ростов/ н Д.: Феникс, 2000. - 448 с.
Лебедева Н.М. Введение в этническую и кросс-культурную психологию. - М.: Изд. Дом "Ключ", 1999.-224 с.
Қосымша
Платонов Ю.П. Этническая психология. - СПб.: Речь, 2001. - 320 с.
Платонов Ю.П. Основы этнической психологии.-СПб.: Речь, 2003.-452 с. ЗЗ.
ПоршневБ.Ф. Принципы социально-этнической психологии. - М. 1966.
Саракуев Э.А., Крысько В.Г. Введение в этнопсихологию. - М: Ин-т. практич. психологии, 1996. - 344 с.
Современная этнопсихология. Хрестоматия. -Мн.: Харвест, 2003. 368 с.
Тақырып 27-28. Кросс-мәдени психология құрылымындағы этностық таптаурындар (стереотиптер)
Мақсаты: этностық стереотиптердің көрінісі, ерекшелігі мен мазмұнын түсіндіру.
Түйін сөздер: стереотиптер, стереотиптер, авто-және гетеростереотиптер, стереотиптердің трансформациясы.
Жоспар:
Қазіргі заманғы этнопсихологиядағы этностық таптаурындар мәселесі.
Этностық таптаурындардың функциялық және этнопсихологиялық табиғаты.
Этностық таптаурынның әлеуметтік және психологиялық функциялары.
Этностық таптаурынның негізгі қасиеттері мен "шынайылық" және "шынайы еместік" мәселесі.
Қазіргі заманғы психологияда әлеуметтік-этностық проблемаларды зерттеуде таптаурын ұлтаралық қатынастардың процесін сипаттайтын әлеуметтік-психологиялық құбылыс болып табылады.
Әлеуметтік таптаурын – адам психикасының санасыз бөлігінде шоғырланған тұрақты құрамалар, олар белгілі бір жағдайларда адамның санасы мен қылықтарында қайта көріне алады. «Әлеуметтік таптаурын» ұғымын Уолтер Липпман енгізген, ол оны әлемнің адам басындағы реттелген, схемаланған, айқындалған образы деп қарастырады.
Таптаурындар келесі қызметті атқарады:
Ақпараттардың реттелуі;
Күрделі әлеуметтік обьектілерді қабылдағанда адамның күшінің үнемделуі;
Құндылықтарды, адамның құқы мен позициясын қорғау;
Әлеуметтік ақпараттар теңізінде адамның бағдарлануы;
Адамның өзін–өзі жоғары бағалауына көмектесу;
Стереотиптердің ең маңызды түрлерінің бірі этностық стереотиптер болып табылады, олардың зерттеуі ғасырдан астам тарихы бар.
1899 жылы екі этностық топтардың қара және ақ өкілдерінің этностық қабылдауға арналған В.Дю Буа «Филадельфииский негр» атты еңбегі жарыққа шықты. С.Богардус әзірлеген әлеуметтік қашықтық әдісі, этностық стереотиптер зерттеу үшін теориялық және әдіснамалық базаны құру үшін негіз болды. Д.Катц және этностық стереотиптердің эмпирикалық зерттеулерінің бірін өз қасиеттерін белгілеу әдісімен өткізді.
Этнотаптаурындар әлеуметтік таптаурынның бір түрі.
Этнотаптаурындар әр түрлі халықтар мен ұлттардың өзара қатынасының, байланыс сфераларының позитивті және негативті тәжірибесі, оның өткені мен қазіргі өмірінің болашағының бейнесі болып табылады.
Этнотаптаурындардың келесі белгілері бар:
Эмоционалды–бағалау сипаты бар, өзара әсерлесетін этностық топтардың бір–біріне әр түрлі сезімде болуы;
Этнотаптаурындар оң және теріс болуы мүмкін, бұл стереотип этностың жағымды не жағымсыз қасиеттерінен құралуына байланысты.
Осыған байланысты психологияда этнотаптаурындардың екі түрі бөліп көрсетіледі: автотаптаурын және гетеротаптаурын, олардың айырмашылығы халықтар арасындағы өзара түсінушілік және психологиялық жағдайының деңгейін бейнелейді.
Автотаптаурын дегеніміз – берілген этностық қауымның өкілдеріне қатысты ой пікірлер мен бағалаулар. Автотаптаурындар әрқашан да жағымды бағалаулардан турады.
Гетеротаптаурын дегеніміз – басқа халықтар өкілдері туралы бағалаулар мен пікірлер жинағы. Олар аталған халықтардың өзара әрекеттестігіне қарай жағымды да, жағымсыз да болуы мүмкін.
Этностық таптаурындар келесі қызметтерді атқарады:
Достарыңызбен бөлісу: |