Тақырып 1-2. Кросс-мәдени психологияға кіріспе Мақсаты: студенттерді кросс-мәдени психологияның теориялық негіздерімен таныстыру.
Түйін сөздер: кросс-мәдени психология, кросс-мәдени психологияның пәні мен міндеттері,психологиялық антропология, этностық психология, мәдени психология, индигендік психология, тарихи-мәдени психология.
Жоспар: Кросс-мәдени психологияның мақсаты мен міндеттері
Басқа пәндермен байланысы: психологиялық антропология, этностық психология, мәдени психология, индигендік психология, тарихи-мәдени психология
Қазіргі заманғы психологиялық білім беру жүйесінде адамның психологиясын этностық және мәдени байланысы арқылы түсінуге және зерттеуге екі ғылыми дәстүр бар:
1) батыс психологиясында (бірінші кезекте американдық), мәдениет пен психология арасындағы байланысты психологиялық антропология мен кросс-мәдени (мәдениетаралық) психология зерттейді;
2) еуропалық философия мектебінен шыққан отандық ғылыми дәстүрде этностық психология зерттеу жүргізеді.
Кросс-мәдени психология (ағ. cross-cultural psychology) - әлеуметтік, мәдени және экологиялық факторлардың ықпалымен психиканың қалыптасуын, даму заңдылықтарын зерттейтін психологияның саласы. Кросс-мәдени психология психикалық дамудың әмбебап және арнайы ерекшеліктерін, сондай-ақ олардың теорияларын сипаттайды.
Психология, академиялық пән ретінде, Солтүстік Америкада пайда болғандықтан, кейбір психологтар, әмбебап ретінде қабылданған тұжырымдамалар бір мәнді емес деп есептеді. Кросс-мәдени психология осылайша түрлі мәдениеттер адам мінез-құлқына әсер етеді деп тұжырымдайды.
Кросс-мәдени психологияның мақсаттары: - «ауысу және тексеру», яғни бір мәдениетте алынған психологиялық теория және фактілер басқа мәдениеттерде сыналады; Осылайша, әмбебап және мәдени ерекшеліктерді іздейді;
- зерттеушінің мәдениетінде жоқ психологиялық ерекшеліктерін табу үшін басқа да мәдениеттерді зерттеу;
- түрлі мәдениеттерде алынған мәліметтерді біріктіру және интеграциялау, теориясы мен заңдары көп мәдениеттер үшін барынша жарамды әмбебап психологияны құру.