Тақырып 15. Әдістемелік жұмыстар және мұғалімдерді аттестациялау


Пәндік әдістемелік бірлестіктер. Ол пәндес мұғалімдер мен бастауыш сынып мұғалімдерін біріктіреді де ең кемі 4-5 пән мұғалімдерін топтастырады. Оның жұмысының мазмұны



бет2/2
Дата30.12.2022
өлшемі36,5 Kb.
#164907
1   2
Байланысты:
Ta yryp 15 pedagogika

Пәндік әдістемелік бірлестіктер. Ол пәндес мұғалімдер мен бастауыш сынып мұғалімдерін біріктіреді де ең кемі 4-5 пән мұғалімдерін топтастырады. Оның жұмысының мазмұны:


- оқу-тәрбие жұмысының және оқушылар білімінің деңгейін көтеру;
- тәжірибе алмасуды ұйымдастыру, озық педагогикалық тәжірибені және педагогика ғылымының жетістіктерін енгізу мәселелерін қарастырады;
- жаңа оқулықтар мен оқу бағдарламаларының күрделі тараулары талданады;
- тәжірибелік оқу бағдарламалары мен оқу құралдарының нұсқалары, олардың нәтижелері талқыланады;
- білім беретін және қадағалайтын компьютерлік бағдарламаларды талдап, жасайды және сынақтан өткізеді, оның тиімділігі мен нәтижесіне баға береді;
- оқушылар білімін тексеретін тақырыптық, шығармашылық бақылау жұмысын қарастырады.
Әдістемелік бірлестіктердің жұмысы сол пәннің мұғалімдерінің педагогикалық қызметін, оқушылардың білім сапасын арнайы жоспармен іске асырылады. Жоспарда жаңа оқу жылының мақсаттары мен міндеттері айқындалып, негізгі ұйымдастырушылық-педагогикалық шаралар қамтылады, ғылыми-әдістемелік баяндамалардың тақырыптары, пән бойынша ашық сабақтар белгіленіп, оқушылардың білім, іскерлік, дағды сапасын тексерудің мерзімі мен түрі айқындалады.
Бірыңғай әдістемелік күн. Екі тоқсан аралығында атқарылған әдістемелік жұмыстарды қорытындылауға арналады. Әдістемелік күн тақырыбы мұғалімдерге алдын-ала хабарланады. Әдістемелік күн қарсаңында арнайы тақырыпқа педагогикалық бюллетень шығарылып, әдістемелік талдамалардың, мұғалім мен оқушылар шығармашылығын, психологиялық-педагогикалық әдебиеттердің көрмесі ұйымдастырылады. Әдістемелік күнде атқарылатын жұмыстардың мазмұны:
- ашық сабақтар мен сыныптан тыс шаралар өткізу, оларға талдау жасау;
- жаңа әдістемелік әдебиеттерге шолу жасау;
- әдістемелік күн қорытындысы мен “дөңгелек үстел”, мәжіліс немесе баспасөз конференциясын өткізу.
Проблемалық семинарлар мен практикумдар. Мұғалімдердің теориялық және практикалық дайындығының біртұтастығын қамтамасыз етеді. Олар мұғалімдердің өз білімін көтеру әрекетін ынталандырып, оны педагогикалық инновацияға ұмтылдырады. Практикалық сабақтардың белсенді түрлері: іскерлік, ролдік ойындар, ойын-практикумдар, түрлі тренингтер.
Озат тәжірибе мектебі. Негізінен дербес және ұжымдық тәлімгерліктің мақсаты мен міндетін іске асыратын әдістемелік жұмыс түрі. Негізгі міндеті – тәжірибелі мұғалімнің, басшының өз әріптесіне әдістемелік көмек көрсетуі. Озат тәжірибе мектебінің тиімділігі екіжақты: 1-ден, мектеп басшысы мұғалімнің сабағына қатысып, оларға сабақ технологиясы мен әдістемесі, жоспарлау мәселелері бойынша ақыл-кеңес беріп, білім берудің теориялық мәселелерін талқылаумен бірге мектептің педагогикалық жүйесін жетілдіреді, өз кәсіптік позициясының дұрыстығына көз жеткізеді. 2-ден, мұғалім әріптестердің жаңашыл, шебер мұғалімдердің шығармашылық лабораториясымен тікелей танысуға мүмкіндігі болады.
Озат тәжірибе мектебінің құрылымында оның бір көрінісі немесе дербес буыны ретінде жас мұғалім мектебінің жұмысын ұйымдастыруға болады. Оның мәні – жұмысты жаңа бастаған жас мұғалімдер тәжірибелі мұғалімдердің немесе мектеп басшысының жетекшілігімен бірлестікке бірігеді. Оның жұмысы сабақтың және сыныптан тыс шаралардың мақсатын белгідеудің техникасы мен әдістемесі, сынып жетекшісінің жұмысын жоспарлау ерекшелігі, сынып ұжымының тәрбиелік деңгейін анықтау сияқты арнайы жоспармен жүргізіледі.
Мектептегі әдістемелік жұмыстың ұжымдық түрлерінің бірі – педагогикалық ұжымның таңдаған ғылыми-әдістемелік тақырып бойынша қызметі. Бұл істе мектеп басшылары алынатын нәтижені, оған жеткізетін мақсаттарды, әдіс-тәсілдерді анықтап, ұжымды соңынан ерте білуі, олардың сол тақыраппен жұмыс істеуге деген құлшынысын оятып, шығармашылық қасиетін жұмылдыра білуі тиіс. Онда қажеттілігіне қарай ғылыми-педагогикалық күштерді бірлесіп жұмыс жасауға тартудың маңызы зор.
Ұжымдық зерттеу тақырыбы бес жылға жоспарлануы мүмкін. Мұндайда әр жылдың мақсаты, міндеті айқындалып, әр әдістемелік буынның жұмыс көлемінің мазмұны белгіленеді, оны іске асыру, есеп беру мерзімі жоспарланып, әр аралық кезең ғылыми практикалық конференция, педагогикалық оқу, жалпы мектептік семинар, педагогикалық әдістемелік кеңес түрінде жалпы мектептік есеппен қорытындыланады.
Ғылыми-педагогикалық конференциялар, педагогикалық оқулар, шығармашылық есептер жеке мұғалімдердің, әдістемелік бірлестіктердің әдістемелік жұмысының қорытынды түрі болып табылады. Мектеп директорының ғылыми істер бойынша орынбасары қызметі енгізілген мектептерде бұл жұмыс барынша қомақты, нәтижелі болып жүргізіледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет