Тақырып 5: Ғылыми педагогикалық зерттеулердің алғашқы қойылу кезеңі. Оқыту нәтижелері



бет1/5
Дата14.10.2023
өлшемі37,34 Kb.
#185421
түріДиплом
  1   2   3   4   5
Байланысты:
5. Лекция


Тақырып 5: Ғылыми педагогикалық зерттеулердің алғашқы қойылу кезеңі.
Оқыту нәтижелері:
5.1 Ғылыми педагогикалық зерттеудің алғашқы қойылу кезеңі, оны құрудың логикасын біледі.
5.2. Зерттеу пәні, мақсаты, болжамы, теориялық тұжырымдамасын түсіндіреді.
5.3 Курстық және диплом жұмыстарының ғылыми аппаратын жазады.
5.1 Ғылыми педагогикалық зерттеудің алғашқы қойылу кезеңі, оны құрудың логикасы
Педагогикалық зерттеу – оқыту мен тәрбиелеудің нақты заңдары мен заңдылықтарын, құрылымы мен тетіктерін, мазмұнын, принциптерін, ұйымдық формалары мен әдістерін ашуға арналып бағытталған, қоғамдық маңызы бар жаңа педагогикалық білім қалыптастыру үдеріті және нәтижесі, танымдық іс-әрекет түрлерінің бірі болып табылады.
Зерттеудің негізгі компоненттері: мақсат қою, қолда бар ақпаратты, осы типтегі міндеттерді шешудің шарттары мен әдістерін алдын ала талдау, бастапқы болжамды тұжырымдау, болжамға теориялық талдау, экспериментті жоспарлау мен ұйымдастыру, алынған мәліметтерді талдау және жинақтау, мәліметтер мен заңдарды түпкілікті тұжырымдау, түсініктер мен ғылыми болжауды алу. Педагогикалық зерттеу үш деңгейге ажыратылады:

  • әдіснамалық – педагогикалық құбылыстардың жалпы принциптері мен зерттеу әдістерін тұжырымдау, эмпиристік және теориялық зерттеулер негізінде теориялар құру;

  • теориялық – бұрын ашылған деректерді түсіндіруге, сондай-ақ болашақ оқиға мен оның дамуын болжамдауға мүмкіндік беретін негізгі, жалпы педагогикалық заңдылықтарды ұсыну және тұжырымдау;

  • эмпиристік – педагогикалық ғылымның жаңа деректерін анықтау және оларды жинақтау негізінде эмпиристік заңдылықтарды тұжырымдау.

Ғылыми – педагогикалық зерттеудің құрылымы мен логикасы
Педагогикалық зерттеудің динамикасын қарастырмас бұрын, жалпы категорияларды, кез келген әрекетпен сипатталатын мақсат, нәтижені қолдануымыз қажет. Жалпы ғылыми деңгейдегі ұғымдар: эмпирикалық суреттер, теориялық модель, нормативтік модель, проект. Осы айтылған терминологияны қолдана отырып, педагогикалық зерттеу логикасының этаптарын көрсетеміз.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет