Тақырып. Бөлімшелерді басқару және ұрыста атысты басқару


а) тұрған жергілікті жерді оның белгілі сипаттары мен бағдарлары бойынша танып білу; б)



бет4/7
Дата19.10.2023
өлшемі335,12 Kb.
#186627
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Тактика 800100-3-такырып
?аза?стан Республикасы Білім ж?не ?ылым министрлігі, 10-saba -jelektr-tizbegi-degenimiz-ne, тжа, Т және ИЖӘ, 6-2-готово, Саптық д-қ №1-2, Т және ИЖӘ, 6-1-готово, Т және ИЖӘ, 5-2-готово, Т және ИЖӘ, 8-1
а) тұрған жергілікті жерді оның белгілі сипаттары мен бағдарлары бойынша танып
білу;
б) орналасу орнын анықтау (өзінің, бақылайтын нысаналардың және басқа да бізді қызықтыратын объектілерді);
в) жергілікті жердегі бағыттарды іздестіру және анықтау.
Бағдарланудың ең маңызды міндеті болып кез келген жағдайда - ұрыс алаңында, барлауда, маневр және шеру жасауда - қозғалыстың қажетті бағытын табу және ұстану болып табылады.
Жергілікті жерді бақылап тексергенде көзге бірден түсетін кез-келген жергілікті зат бағдар болуы мүмкін. Оларға қатысты өз орналасу орны, нысаналар (объектілер) қалпы анықталатын және қозғалыс бағыты көрсетілетін жергілікті заттар мен бедер формалары бағдарлар деп аталады.Олар әдетте өздерінің өз формасымен, түсімен ерекшеленеді және жергілікті жерді бақылап тексергенде оңай байқалады. Бағдарлар алаңдық, сызықтық және нүктелік болып бөлінеді.
Алаңдық бағдарлар - үлкен алаңды қамтиды. Оларға елді мекендер, өзендер, саздар, ірі орман алқаптары және т.б. жатады. Олар оңай байқалады және жергілікті жерді бақылағанда есте сақталады.
Сызықтық бағдарлар - шағын ені бола тұра үлкен ұзақтыққа ие жергілікті заттар мен бедер формалары, мысалы: жолдар, өзендер, каналдар, электр берілісі желілері, тар ойпаттар және т.с. Олар көбіне қозғалыс бағытын үстану үшін қолданылады.
Нүктелік бағдар - мұнаралық түрдегі құрылыстар, жолдардың қиылысы, көпірлер, жол төсегіштер, зауыт және фабрика құбырларды, тау шыңдары, шұңқырлар және шағын алаңды қамтитын басқа да жергілікті затар. Олар әдетте өз орналасу орнын, нысаналарын орнын дәл анықтау, ату, бақылау секторларын (желілерін) көрсету үшін.
Әскери топографияның әскерлердің жауынгерлік дайындығы жүйесіндегі орны.
Оқу пәні ретінде әскери топография басқа да оқу пәндерімен, әсіресе тактикамен, атыс және инженерлік дайындықпен, тығыз байланыста өткізілетін барлық әскер тектері офицерлері, сержанттары және қатардағы жауынгерлер кұрамы жауынгерлік дайындығының ең маңызды кұрамдас бөлімінің бірі болып табылады. Әскери топографияның осы пәндермен байланысы тығыз болуы соншалықты, оның көптеген сұрақтары, мысалы, жергілікті жерде бағдарлану, барлау барысында далалық өлшеулер әдістері, атыс, нысананы көрсету үшін деректер дайындау және т.б. әскерлердің тактикалық, атыс және арнайы міндеттеріне үйлесімді кіреді және бұл әскери жарғыларда және тәлімдемелерде тиісті көрінісін табады.
Сонымен, топографиялық дайындық тек қана әскери топография бойынша сабақтарда жүзеге асырылмайды. Ол басқа да пәндерді зерделеу үрдісінде үнемі жетілдіріледі, әсіресе жауынгерлік міндеттерді шешу үшін жергілікті жерді зерделеу және бағалау, онда бағдарлану, барлау жүргізу және далалық өлшеулерді жасау қажет болған далалық сабақтарда және әскери оқу-жаттығуларда.
Әскери топографияның әскерлердің жауынгерлік дайындығы жүйесіндегі рөлі. Әскери топография курсын меңгерген барлық офицерлер:

  • карталар мен аэротүсірілімдер қасиеттерін және оларды қатесіз оқуды және жауынгерлік жағдайда дұрыс қолдануды;

  • олар бойынша жергілікті жердің тактикалық қасиеттерін жылдам зерделеуді және бағалауды;

  • таныс емес жергілікті жерде, әсіресе түнде, көруі шектеулі шарттарда және үлкен шерулік жылдамдықта сенімді бағдарлануды;

  • бөлімшелерді басқару және нысананы көрсету барысында карталарды шебер қолдануды;

  • карталар мен аэротүсірілімдер бойынша байқалған нысаналар мен басқа да объектілердің координаттарын дәл анықтауды;

  • ұрыс тәртібі элементтерін және барлау нәтижелерін тез және дәл картаға түсіруді;

  • жергілікті жерде далалық өлшеулерді қажетті дәлдікпен жасауды;

Сарбаздар мен сержанттардың топографиялық дайындығынын шебер ұйымдастыруды және жүргізуді жақсы білуі кажет.
Тактикалық және топографиялық бағдарлау.
Топографиялық бағдарлау- кокжиек тұстарының орналасуын, өзінің түру нүктесін, жерглікті жердің қоршаған объектілерінің қалпын және олардан алыстауды анықтау. Кейіннен өз күштерімен байланыс құралдары көмегімен өзара әрекеттесу барысында картамен жұмыс жасауды және нысананы көрсетуді жеңілдетеді. Сонымен бірге жергілікті жер шартты түрде төртбұрыштар бойынша кодталады. Координаттар жүйесі жалпы мемлекеттік карталарда қолданылатындармен сәйкес келмеуі қажет.
Тактикалық бағдарлау- қарсыластың және өз бөлімшелерінің орналасу орнын және әрекеттер сипатын анықтау.
Бастапқыда бақылау құралсыз көзбен жүргізіледі. Жергілікті жер оңнан солға қарай, жақын заттардан алысқа қарай бақылап тексеріледі. Бағдарлар ретінде жергілікті жерде жақсы көрінетін жылжымайтын табиғи немесе жасанды заттар, сондай-ақ бедер элементтері таңдалады. Түнгі уақытта бағдарлану ыңғайлылығы үшін жергілікті жерде ашық көрінген немесе түнде көрінетін заттарды таңдау қажет.
Жергілікті жердің тактикалық қасиеттері арнайы операцияларды ұйымдастыруға және жүргізуге, қару мен ұрыс техникасын қолдануға ықпал ететін жергілікті жердің қасиеттері. Олардың негізгілері болып табылатындар: жергілікті жердің өту мүмкіндігі, оның қорғану қасиеттері, бағдарлану, бақылау, бүркеніш, атысты жүргізу және инженерлік жабдықтау шарттары.
Жергілікті жердің қорғану қасиеттері - бұл ядролық және қарапайым қарудың залалдауыш факторларын әлсіздететін жергілікті жердің қасиеттері. Жергілікті жердің қорғану қасиеттерін дұрыс анықтау және қолдану жеке құрамды қарудың әртүрлі түрінің залалдауыш факторларынан қорғауды ұйымдастыру ісін жеңілдетеді. Жергілікті жердің қорғану қасиеттері, ең алдымен, бедердің, өсімдіктің сипатымен, жергілікте жерде бөлімшелер қорғанысын толық немесе ішінара қамтамасыз етуге қабілетті әртүрлі табиғи және жасанды тасалардың бар болуымен анықталады. Бедердің әртүрлі формалары соққы толқынының, жарық сәулелегіштің және өткір радиацияның әсерін айтарлықтай әлсіретуге қабілетті. Мысалы, алдыңғы (ядролық жарылыс жағына қараған) ылдиларда соққы толқынының зақымдауыш әрекеті айтарлықтай өседі. Кері (ядролық жарылысқа қатысты) ылдиларда соққы толқынының зақымдауыш әрекеті айтарлықтай томендейді. Жыралар, алқаптар, арықтар, шұқанақтар, орлар және басқа да тереңдіктер де соққы толқынының әрекетін, егер ол оларды көлденең кесіп өтсе, айтарлықтай әлсіретеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет