Тақырып. Бөлімшелерді басқару және ұрыста атысты басқару



бет6/7
Дата19.10.2023
өлшемі335,12 Kb.
#186627
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Тактика 800100-3-такырып
?аза?стан Республикасы Білім ж?не ?ылым министрлігі, 10-saba -jelektr-tizbegi-degenimiz-ne, тжа, Т және ИЖӘ, 6-2-готово, Саптық д-қ №1-2, Т және ИЖӘ, 6-1-готово, Т және ИЖӘ, 5-2-готово, Т және ИЖӘ, 8-1
3-ші оқу сұрағы. Бөлімшені және оны ұрыста атысты басқарудың маңызы мен шарттары.
Взвод (бөлімше) командирі жауынгерлік тапсырманы ала отырып, оны түсіндіреді, жағдайы бағалайды, шешім қабылдайды, алдын ала барлау жүргізеді, жауынгерлік бұйрық береді, өзара іс-қимылды, жауынгерлік қамтамасыз етуді және басқаруды, жеке құрамды, қару-жарақ пен әскери техниканы ұрысқа даярлауды ұйымдастырады, содан соң взводтың жауынгерлік міндеттерді орындауға әзірлігін тексереді және бұл туралы рота командиріне баяндайды.
Жауынгерлік бұйрықта взвод командирі мыналарды көрсетеді:

  • бағдарларды;

  • қарсыластың құрамын, жағдайын және іс-қимылының сипатын;

  • ротаның, взводтың міндетін;

  • көршілердің міндеттерін, үлкен командирдің құралдарымен тойтарыс берілетін взводтың іс-қимылы бағытындағы объектілер мен нысаналарды;

  • «БҰЙЫРАМЫН» деген сөзден кейін бөлімшелерге, берілген бөлімшелерге және атыс құралдарына міндеттер қойылады, ал мотоатқыштар взводының командирі одан басқа, тікелей бағыныстағы жеке құрамға және құрылатын топтарға міндеттер қояды;

  • міндетті орындауға әзірлік уақыты;

  • өзінің және орынбасарының орнын.

Жауынгерлік бұйрық жұмыс картасының екінші жағына рәсімделеді.
Бөлімше (танк) командирі ұрыс барысында:

  • ұрыс жүргізу үшін бөлімшені (танк экипажын) ұдайы жауынгерлік әзірлікте және жоғарғы шоғырлануда ұстауға, өз бағысындағылардың моральдық және іскерлік қасиеттерін білуі;

  • ұрыста бөлімшеге дұрыс команда беруге және қойылған міндеттердің орындалуына табанды қол жеткізуі;

  • байланыс құралдарын жұмысқа әзірлей және оларда жұмыс істей білуі, взвод командирімен тұрақты байланысты ұдайы қолдауы;

  • жаяу әскер жауынгерлік машинасын ЖӘЖМ (сауытты транспортер), танк пен қару-жарақты білуі және оларды ақаусыз ұстауы, оларға уақытылы техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыруы, ал зақымдалған жағдайда взвод командиріне баяндауы және жөндеуді ұйымдастыруы;

  • бағынысты жеке құрамның гуманитарлық құқық ережелерін, соның ішінде соғыс іс-қимылдарын жүргізудің халықаралық ережелерін сақтауын қадағалауы тиіс;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет