5.1 Тақырып: Инклюзивтік білім беру жағдайында дефектологтің рефлексиялық іс-әрекеті
Мақсат: мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасау барысында дефектологтің рефлексиялық іс-әрекетіне сипаттама беру
Міндеттер: 1. дамудың жағымсыз нұсқаларын айқындау және баланың оқудағы қиындықтарын анықтау
2. балалардың ақыл-ой дамуы деңгейі мен түзету шараларының нәтижесін динамикалық зерттеу;
Жетекші идея:Оқытушылар ДМШ балаларға әлемді тануға, шығармашылық қуанышына бөленуге және өз күшіне деген сенімін оятуға көмектесуі тиіс. Мұндай педагогтердің бірі дефектолог мұғалім болып табылады. Бұл қарапайым материалды жеткізудің «өзіндік» барынша тиімді әдістерін меңгерген маман. Оның негізгі қызметі оқу білімдерін, машықтарын, дағдыларын меңгеруде қиналатын ДМШ балаларға бағытталған.