Тақырып 8. Инвестицияның экономикалық тиімділігі. Инвестициялық жобаларды бағалау әдістері
Күрделі қаржы жұмсалымы – негізгі капиталдың ұдайы өндірісіне (қолданыстағы негізгі қорларды қайта құруға, кеңейтуге және техникалық жарақтандыруға, жаңадан құруға) бағытталған инвестиция.
Күрделі қаржы жұмсалымының салыстырмалы экономикалық тиімділігі. Кез-келген авансталған күрделі қаржы жұмсалымы шешімнің әр түрлі нұсқаларымен көрсетіле алады. Ең үнемді нұсқа салыстырмалы тиімділік негізінде таңдалады.
Егер нұсқалардың бірінде өзіндік құнның төмендеуі қамтамасыз етілсе, онда күрделі қаржы теңдігінде сол нұсқа ең тиімді болып табылады. Өзіндік құндардың теңдігі жағдайында күрделі қаржы жұмсалымы аз нұсқа тиімді болып мойындалады.
Егер нұсқалар тек күрделі салым жұмсалымымен ғана емес, сонымен қатар өзіндік құнмен де ерекшеленсе онда олардың тиімділігі өтелі мерзімі және тиімділік коэффициенті көмегімен анықталады.
Өтелу мерзімі келесі формула арқылы анықталады:
мұнда: КҚ1,КҚ2 – сәйкесінше 1 және 2 нұсқалар бойынша күрделі салым жұмсалымы (2 нұсқа салым сыйымдылығы көбірек нұсқа);
С1, С2 – нұсқаларға сай өнім бірлігінің өзіндік құндары;
Qг – шығарылатын өнімнің жылдық өндіріс көлемі.
Тиімділік коэффициенті – қосымша күрделі салымның 1 теңгесіне келетін үнемді сипаттатын көрсеткіш:
Салымы сыйымдылығы артық нұсқа (КВ2) тиімдірек болып есептеледі, егер келесі шарт орындалса: ЕЕн немесе ТоТн. Егер шарт орындалмаса үнемдірек нұсқа болып бірінші нұсқа танылады.
Нұсқалар санының көптігінде тиімді нұсқаны келтірілген шығын әдісі бойынша таңдау мақсатты:
Зк = Ен КҚ + С1 min
Ең үнемді нұсқа болып келтірілген шығыны ең аз нұсқа танылады.
«Инвестиция» - терминін, дәлірек аударғанда, капиталды жұмсау деген мағына береді, бірақ қазіргі уақытта бұл термин көп мағынада қолданылады.
Инвестиция- бұл пайда немесе кіріс табу мақсатында ақшалай қаражаттардың,мүліктің, интелектуалдық құндылықтардың түрлерін қолдану. Оның 2 түрі бар:
Нақты немесе капиталдық
Қаржылық немесе портфельдік.
Нақты инвестиция – бұл кәсіпорынның капиталын жөндеу мақсатында жаңа негізгі қорларды, ғимаратты қайта жаңарту, техникалық қайта жарақтандыруға жұмсалатын қаражат.
Қаржылық инвестиция- бұл инвестордың қаржылық капиталын өсіру мақсатында басқа қаржылық құралдарды пайдалана отырып,акция және т.б. бағалы қағаздарды сатып алуға жұмсалатын қаражат.
Инвестициялық жобаларды бағалаудың нарықтық әдістері: таза келтірілген құн, инвестициялар табыстылығының индексі, инвестициялар табыстылығының ішкі нормасы, инвестициялардың өтелу мерзімі.
Инвестициялық жобалардың тиімділігі. Инвестициялардың тиімділігін бағалауда тең көрсеткіштер дисконттау әдісімен өлшенеді, яғни оларды бір жолғы шығындарды авансылаудың бастапқы ақша қаражатына келтіру.
Таза келтірінді (ағымдағы) құнды есептеу әдісі инвестициялар шамасы дисконтталған таза ақшалай түсімдермен салыстыруға негізделген, ол былай анықталады:
NPV= ,
мұнда NPV – таза келтірінді (ағымдағы) құн;
- n жылында жобамен туындаған ақшалай түсімдер;
дисконттау коэффициенті;
t – инвестициялық жобаны іске асыру мерзімі,жыл;
ІC – инвестицияға жұмсалатын бастапқы шығындар.
Таза ақшалай түсімдерге инвестициялық жобаны іске асырғаннан алынған таза табысты, жобада қолданылатын жабдықтардың амортизациясы, сонымен қатар айналым капиталынының өсімін жатқызуға болады. Дисконттау коэффициенті ретінде банк несиелерін пайдаланған үшін пайыздық мөлшерлемені қолдануға болады.
Өрнектің бірінші бөлігі таза ақшалай түсімдердің ағымдық құны PV деп аталады.
PV=
Егер NPV ˃0, инвестицялық жобаны қабылдауға болады;
егер NPV =0, инвестицялық жоба пайдалы да, зиянды да емес;
егер NPV ˂ 0, инвестицялық жобаны қабылдауға болмайды.
Инвестициялар табыстылығының индексі- ол инвестициялық шығындардың бірлігіне келетін дисконталған ақшалай түсімдерді көрсететін шама
PI=
Егер PI˃1, инвестицялық жобаны қабылдауға болады;
егер PI=1, инвестицялық жоба пайдалы да, зиянды да емес;
егер PI˂ 1, инвестицялық жобаны қабылдауға болмайды.
Инвестициялар табыстылығының ішкі нормасы-бұл жобаның таза келтірілген тиімін нольге теңестіретін дисконттау коэфицентінің мәні.
IRR= +
- таза келтірілген құның оң немесе теріс болдыратын дисконттау коэфиценті (%).
- дисконттау коэфициентімен есептелінген таза келтірілген құн (тг).
Кірістің ішкі мөлшерлемесі (IRR) анықталып, инвестицияның тиімділігін бағалау үшін қолданылады:
IRR=I, бұл арада NPV=f(i)=0:
егер IRR>CC, инвестицялық жоба қабылданады;
егер IRR
егер IRR=CC, инвестицялық басқа шешім қабылданады,
мұнда СС – капитал немесе қаражаттың тиісті қайнар көзінің бағасы.
Инвестицияның дисконтталған және дисконтталған өтелу мерзімі.
1.Инвестициялардың дисконтталған өтелу мерзімі:
РРд = t кезінде
мұндағы t- таза дисконтталған ақшалай түсімдер инвестициялық салымдардан көп немесе тең болатын уақыт кезеңі,жыл.
2.Инвестициялардың дисконтталмаған өтелу мерзімі:
РР нд = t кезінде
мұндағы t- таза ақшалай түсімдер инвестициялық салымдардан көп немесе тең болатын уақыт кезеңі,жыл.
Достарыңызбен бөлісу: |