Тақырып: Жапырақ. Жапырақтың сыртқы және ішкі құрылысы


+ Транспирация маңызы неде? Транспирация



бет9/10
Дата08.02.2022
өлшемі178,84 Kb.
#99275
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Құттыбаева Зарина

18+

  1. Транспирация маңызы неде?

Транспирацияөсімдіктің суды буландыруы; күрделі физиологиялық процесс. Су негізінен жапырақтың бетін қаптап тұратын кутикуладағы лептесіктерінде буланады. Транспирация өсімдіктегі су тасымалының жоғарғы, шеткі қозғаушы күші болып саналады. Себебі судың булануы нәтижесінде жапырақ клеткаларындағы су мөлшері азайып, су потенциалы төмендейді. Ондай клеткалардың су сорғыш күші артып, өткізгіш шоқтар (ксилема) арқылы судың өрлеу ағыны жүзеге асады. Тамырдың су сіңіру қабілеті қалыпты деңгейде сақталады. Транспирация қарқыны сыртқы ортаның температурасы мен ауаның қозғалысына және оның ылғалдылығына тәуелді болады. Температура жоғары, атмосферадағы ауа құрғақ және желді болса Транспирация қарқынды жүреді.



  1. Жапырақ түрөзгерістерін атаңдар.

Мұртшаға айналған жапырақтар.
Асбұршақ, үрмебұршақ мұртшалары əлсіз сабақтарының жарыққа қарай көтеріліп өсуіне сүйеніш.
Қабыршаққа айналған жапырақтар.
Бүршіктердің сыртындағы қабыршақтар, тамырсабақтағы қабыршақтардың барлығы түрін өзгерткен жапырақтар. Бүршіктің, пиязшықтың ішкі бөліктерін зақымданудан, улы газдардың зиянды əсерінен қорғайды. Орамға айналған жапырақтар жүгері собығының сыртын орап тұрады.
Шырынды жапырақтар.
Пияз, қырыққабат өсімдіктерінің жапырақтары қоректік заттарды қорға жинайтындықтан қалың, шырынды. Құрғақшылық болғанда шырын, қор заттарын пайдаланып, тіршілік етеді.
Əлсіз жетілген жапырақтар.
Ылғал жетіспейтін шөлді, шөлейтті, құмды жерде өсетін өсімдіктер мен паразитті тіршілік ететін өсімдіктердің жапырақтары жетілмейді немесе мүлде болмайды. Мысалы:сексеуіл, жүзгін, қылша, арамсояу, сұңғыла жəне т.б


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет