Суреттегі1 – 12сандар арқылы не бейнеленген? 1-кутикула,2-эпидерма,3-ксилема,4-флоэма,6-коллнехима,7—устьице,8-бағаналы мезофилл,9-борпылдақ мезофилл,10-безді түк,11-волоски,12-жасуша аралық кеңістіктер Жапырақ эпидермисіне тән сипатаманы атаңдар? эпидермис-қызметі: жапырақты сыртқы орта факторларынан қорғау және бөгде контаминант ағза әсерінен сақтау, гутация, транспирация және фотосинтез процесстерін реттеу Жапырақ мезофилліндегі бағаналы ұлпалар қандай қызмет атқарады? Бағаналы ұлпа клеткаларының пішіні бағана немесе діңгек тәрізді болып, үстіңгіэпидерма клеткаларына көлденең бағытта, өзара тығыз орналасады.
Бағаналы ұлпа клеткаларында жапырақтағы барлық хлоропластардың 3/4-тен 4/5 -ке дейінгі бөлігі орналасқан, сондықтан жапырақтардың үстіңгі беті қою жасыл түсті және негізінен фотосинтез қызметін атқарады.
Жапырақ мезофилліндегі борпылдақ ұлпалар қандай қызмет атқарады? Борпылдақ ұлпа клеткалары дөңгелек, сопақтау және басқа да әр түрлі пішінді, олар бір-бірімен тығыз жанаспай клеткаралық кеңістіктер қалдырып, астыңғы эпидермаға таяу орналасады. Бұларда хлоропластардың саны бағаналы ұлпамен салыстырғанда кем, сондықтан фотосинтез қарқындылығы төмен. Негізінен борпылдақ ұлпа арқылы ауа алмасу және транспирация жүзеге асады.