2-тапсырма
Әр түрлі ғалымдар анықтаған кәсіпкердің барлық қасиеттерін жинақтайық. Олар: 1) тәуелсіздікке ұмтылу, 2) іс-әрекет еркіндігі, 3) шығармашылық жұмыс, 4) капитал құру, 5) үстемдікке, билікке, беделге ұмтылу, 6) жеңіске деген ерік-жігер, 7) қарсыластармен және өзімен күресте табысқа ұмтылу, 8) мүмкіндіктерді ажырата білу, 9) жобалай білу, 10) тәуекелдерді басқара білу, 11) сәтсіздікті бастан өткере білу, 12) жоспарлау емес, іс-әрекеттерге бейімділік.
Енді сіз осы қасиеттерді кестеде тарата аласыз: бірінші бағанада – сізде бар қасиеттер, екіншісі-сізде әлі жоқ қасиеттер.
Кәсіпкерліктің түрлері
Біз мұндай кәсіпкерлердің кім екенін анықтадық.Бірақ кәсіпкерлік дегеніміз не?
Кәсіпкерлік – адамдардың әр түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын, оларға табыс әкелетін және рақат сезіміне бөлейтін игіліктерді өндіру.
3-тапсырма
Кәсіпкерлердің қандай игіліктерді өндіре алатыны туралы ойланып көрейік. Кәсіпкерліктің қандай түрлері бар, болжамдапкөріңіз.
Не өндіріледі?
|
Кәсіпкерлік түрі қалай аталады
|
Кәсіпкерлік әр түрлі болады. Кәсіпкерлікті түріне қарай бөлудің ең қолайлы тәсілі келесілер болып табылады: B2C, B2B және B2G.
«Тұтынушыға арналған кәсіпкерлік» B2C («Вusiness to Consumer») – бұл өндіруші немесе сатушының өз өнімін сату үшін тікелей тұтынушымен өзара іс-әрекет ететін кәсіпкерліктің түрі.
«Кәсіпкерлікке арналған кәсіпкерлік»B2B («Business to Business») – бұл, өндіруші мен сатушының өнімдерді немесе қызметтерді түпкі тұтынушыға емес, басқа кәсіпкерлікке өткізетін кәсіпкерліктің түрі.
Достарыңызбен бөлісу: |