Тақырып Кіріспе. Биологияның оқыту мен тәрбие теориясы дамуының бағыттарын анықтайтын факторлар



бет5/6
Дата13.09.2020
өлшемі49,19 Kb.
#78457
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1-апта лекция

Арнайы ұғымдардың дәрежелері.

Арнайы ұғымдардың

дәрежелері.



Мысалдар

өсімдіктер

бактериялар,

саңырауқұлақтар,

қыналар


жануарлар

адам

Анатомия -

морфология-

лық


тұқымның

ішкі және

сыртқы құрылысы


саңырауқұлақтың

ішкі және сыртқы

құрылысы


қоңыздың ішкі және

сыртқы құрылысы



ас қорыту

жүйесінің

сыртқы және

ішкі құрылы-

сы


Физиология-

лық



тұқымның

тыныс алуы;

өскіннің өсуі

және қорек-

тенуі


бактериялардың,

қыналардың қо-

ректенуі


қоңыздың

көбеюі


асқазан ішіндегі тағамдардың

өзгеруі


Экологиялық

тұқымдардың

өсу жағдайлары; дәндердің таралуы;



саңырауқұлақтардың, қыналардың

өсу жағдайлары



ормандағы,

су қоймаларындағы,

сазды жерлердегі құстар



жұқпалы ауырулардың

ауа арқылы

таралуы


Систематика

лық


түр,

өсімдіктер

патшалығы





тип, класс




Эволюциялық

өсімдік әлемінің дамуы, мәдени өсімдіктердің пайда

болуы





қосмекенділердің,

бауырымен жорғалаушылардың,

құстардың

шығу тегі



адамның сүтқоректі жануарлармен

ұқсастығы


Биологияны оқыту әдістемесі- мектеп пәндерінің ерекшелігіне байланысты оқыту және тәрбиелеу процестерінің жүйесі туралы ғылым. Бұл жүйені білу мұғалімге биологияны оқытуды меңгертеді. Әдістеме педагогикалық ғылым.Сондықтанда оның мақсат, міндеті жалпы білім берумен тәрбиелеуге бағытталған. Биологияны оқыту әдістемесі түрлі әдістерді мұғалімге меңгертудің нәтижесінде оларды оқушыларға нақты 8 биологиялық білім беруге және осы алған білімдерін ӛмірде қолдануға үйретеді. әдістеме пән оқулығының мазмұның әдістер тәрбиелеу мен оқытудың формаларын қарастырады. Әдістеме биологияны не үшін оқыту керек, қалай оқыту керек және неге тәрбиелеу керек деген сұқраққа жауап береді.

Биологияны оқыту әдістемесінің өзіндік пән ретінде ерекшеленеді. Мұнда нақты обьектілер (ӛсімдіктер, жануарлар, адам) және тірі табиғат және оның дамуы қарастырылады. Сондықтан сабақты ұйымдастыруға ерекше түрлер үйге тапсырма, кластан тыс жұмыс және кӛрнекіліктер, сарамандық жұмыстар қажет. Биология курсын оқыту үшін дұрыс толық жабдықталған кабинет, тірі аймақ бұрышы қажет. Биология қоршаған ортаны толық білуге, қорғауға, ауыл шаруашылығының ғылыми негізгі жалпы және еңбек гигиенасының ролін беруге мүмкіндік беріп өмірге дайындайды.

Биологияны оқыту әдістемесіне биологиялық оқытудың жалпы әдістемесіне және жеке әдістемесі болып екіге бӛлінеді. Биологиялық оқытудың жалпы әдістемесі мектепгі биология курсына құрылым мазмұнын, жүйесін және оның басқа пәндермен байланысын биологиялық ұйымдардың дамуын материалдық бағасының жалпы ұйымдасуын, әдістәсілдерді оқытудың түрлерінің тәсілдері тәрбиелеу жүйесін қарастырады. Ол жеке әдістеме толық әдістеме мен тығыз байланысты Биологияны оқыту әдістемесі- биология ғылымымен байланысты.

Мектеп биология курсын оқыту үшін мұғалімнен биология теориясын білімді практикалық дағдыны табиғатта ӛсімдіктермен жануарларды тану және оны аңықтай алу, оларды ӛсіру эксперемент жүргізе білуді сұрайды. Биология ғылымымен мектептің биология пәнінің мақсаттары әртүрлі. Биология ғылымының мақсаты: табиғаты зерттеу нәтижесінде тану, ал биологиялық пәннің мақсаты: осы зерттеулер нәтижесінде алынған ғылыми фактілермен жабдықтарды оқушыларға беру. Биологияны оқыту әдістемесі агрономия, медицина, психология, педагогикамен тығыз байланысты. Әдістеменің дамуы мұғалімнің жеке тәжірибесінің нәтижесінде алынған әдістемелік нұсқаулар зерттелуінен пайда болған. Әдістемелік проблемаларды шешу алғашқы уақытта шашыраңқы болған жаратылыстың жалпы әдістемесінен жеке әдістемелер бӛліп шығып, ӛзіңше дамыған жинақталған материалдарды қорытып, бір жүйе келтірудің нәтижесінде әдістеменің негізін қалайды. Әдістеме оқушыларды дұрыс оқуға және оқыту уақытын үнемдеп пайдалануға мүмкіндік беретін практикада тексерілген ғылыми теорины ұсынады. Әдістеме оқытудың мақсатын тануға және тәрбиелеуге кӛмектеседі. Мұғалім әдістеме теориясының негізін білмей сабақты жүйелі береді деу ӛте қиын

Әлемдік қауымдастықтың заманауи даму кезеңінде адамзат факторын жандандыру әлемдік прогрестің бір шарты ретінде талап етіледі. Бүгінгі білім берудің мақсаты – дүниетанымы кең, интеллектісі дамыған, білім деңгейі жоғары индивид қана емес, сонымен қатар, көп жағдайда қоғамның болашағы зияткерлік, саяси, мәдени деңгейінің дамуымен байланысты рухани тұлғаны қалыптастыру. Білім беру – оқыту мен тәрбиенің тығыз байланысы.

Қазақстандық білім беруді жаңғырту тәрбиені білім берудегі маңызды басымдық ретінде оқыту мен дамыту процесіне кіріктірілген педагогикалық ісәрекеттің құрамдасы болуын көздейді. Оқытудың өмірмен байланысының күшейтілуі оқыту әдістерінің тәрбиелік ықпалын күшейту туралы, тәрбие және білім беру жұмыстарының бірлігі жайындағы мәселені алдыңғы орынға шығаруда. Тұлғаны қалыптастыру – өзін-өзі ұйымдастыру, отбасы және қоғамдық тәрбиелеу мен ағартудың ұзақ, табанды және мақсатты процесінің нәтижесі.

Тәрбиенің басты міндеті – оқушыларда азаматтық жауапкершілігі мен құқықтық өзіндік санасын, руханилығы мен мәдениетін, ынталылығын, дербестігін, толеранттылығын, қоғамда табысты әлеуметтену қабілеттілігін қалыптастыру. Тұлғаның өзін өзі билеуін, өзін өзі жүзеге асыру, отбасы және білім беру мекемелері педагогикалық ұжымдарының өзара іс-әрекеті үшін жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында тәрбиенің нақты мақсаттары мен міндеттерін 4 анықтау, тәрбие кеңістігін модельдеу – рухани тұлға қалыптастырудың негізі болады. Заманауи оқу бағдарламалары мазмұнының айтарлықтай тәрбиелік әлеуеті бар. Оның іске асырылуы оқушыларға адамгершіліктің, патриоттықтың, руханилықтың, азаматтық және гумандықтың шынайы үлгісін ұсынатын оқу материалының мазмұнын мақсатты іріктеуге байланысты. Сабақтағы оқу пәнінің мазмұны – оқушы тұлғасының құрылымына әсер ететін күшті құрал. Алайда, білім алушылардың санасына баянды, берік білім негізінде тұтас қабылдау арқылы жеткізілген жағдайда ғана мазмұн тәрбие құралы бола алады. Жүйелі білімді және олар арқылы сенім мен көзқарастар жүйесін қалыптастыруға ықпал ететін пәнаралық байланыстарды, кіріктірілген курстарды кеңінен қолдану керек. Өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу процесінде адамгершілік сезімдерді қалыптастыруға көмектесетін, тұлғаның құндылықты бағдарын қалыптастыратын – тарих, мәдениет бойынша материалдар жеткілікті қолданылмайтынын атап көрсету қажет. Жастарға қазіргі заманғы іс-әрекет принциптері мен өзекті проблемаларында өткеннің прогрессивті, гумандық идеяларының тарихи тамыры бар екендігін көрсетудің маңызы зор. Білім беру процесінің маңызды құрамдасының бірі ретінде оқытумен қатар тәрбие процесі жай-күйінің талдауы және зерттеуі көрсеткендей, қазіргі оқушылардың тәрбиесі біздің қоғамда болып жатқан әлеуметтік жүйенің дағдарысы: өмірдің қылмыстануы; экологиялық жағдайдың нашарлауы; адамгершіліктің төмендеуі және т.б. көптеген келеңсіз процестермен күрделендірілген. Негізгі әлеуметтік институт – отбасының өзінің тәрбиелік қызметін орындауы жеткілікті емес. Көбінде ата-аналар мен балалар арасындағы қарапайым рухани жылулық жетіспейді. Соңғы жылдары мектептің тәрбиелік қызметі төмендеді. Әр баланың бойында адамгершілік, қайырымдылық, азаматтық, еңбекке шығармашылық қатынас, тіршілік атаулыға ұқыпты қарау, өз халқының мәдениетін сақтау қасиеттерін тәрбиелеу – мектептің педагогикалық ұжымы басшылыққа алуы қажет және оқу-тәрбие жүйесі толығуы тиіс басты құндылықтар. Заманауи жағдайларда білім беру мекемелеріндегі тәрбиені дербес түр ретінде емес, кез-келген педагогикалық қызметке тән іс-әрекет ретінде қарастыру қажет. Оқу процесінің тәрбиелік бағыттылығын арттыру қажеттілігіне орай, мектептегі оқу пәндерінің тәрбиелік бағыттылығын күшейту бойынша мектеп мұғалімдері үшін нақты практикалық басшылықтар, құралдар, әдістемелік ұсыныстар қажет.

Сондықтан, биологияны оқыту әдістемесінің басты мақсаты да, әдістемелік ұсыныстардың мақсаты – тәрбие процесін білім берудегі маңызды басымдық ретінде жетілдіру және қазіргі мектептегі оқу процесінің тәрбиелік бағыттылығын күшейтуге ықпал ету.

Қазіргі жалпы білім беру жүйесіндегі мектеп биология бағдарламасына жаңартылған мазмұндағы бағдарлама бойынша биологияны оқыту мәселесі кезең-кезеңмен енгізілуіне байланысты, 7- сыныптан басқа сыныптарда бұрынғы мазмұндағы оқулықтармен сабақтар жүргізіліп жатқаны белгілі. Дегенмен, оқытудың озық әдіс-тәсілдері мен технологиялары кеңінен қолданыста екенін атап өтпеске болмайды.

Яғни, 2017-2018 оқу жылында 2, 5, 7-сыныптар жаңартылған білім мазмұнына көшті. Кезең кезеңмен жаңартылған мазмұн бағдарламасына көше отырып, биылғы оқу жылында 11 сыныптар толық көшкені белгілі.

Жаңартылған мазмұн бағдарламасындағы биологияны оқыту басқа да жаратылыстану пәндеріндегі сияқты мысалы, химия пәні сияқты шиыршықты түрде беріледі. Жалпы білім беру заңына сәйкес номативтік құжаттар білім стандарттары мен әдістемеліктерге сүйеніп жүргізіледі.

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесінің шешімімен баспаға ұсынылды (2020 жылғы 15 маусымдағы №7 хаттамасы)

2020-2021 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы: Әдістемелік нұсқау хат. – Нұр-Сұлтан қ.: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2020. – 384 б. жарияланған. Жинаққа 2020-2021 оқу жылында Қазақстан Республикасының мектепалды даярлық және білім беру ұйымдарының 1-11-сыныптарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру бойынша материалдар енгiзiлген.

Жинақ жалпы орта бiлiм беретiн мектептердiң басшылары, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне, бастауыш сынып және пән мұғалімдеріне, сонымен қатар білім басқармалары/бөлімдерінің, білім саласындағы бақылау департаменттерінің басшыларына, мамандарына арналған.

«Жаратылыстану» білім саласында келесі пәндер оқытылады: «Жаратылыстану» – 5, 6-сыныптар, «Физика» – 7-9-сыныптар, «Биология» – 7-9-сыныптар, «Химия» – 7-9-сыныптар, «География» – 7-9-сыныптар.

Жаратылыстану ғылымын оқыту білім алушылардың бойында табиғи құбылыстар мен заңдылықтар туралы түсініктерді қалыптастырып, табиғатты танудың ғылыми әдістерін ашып көрсетеді. Ол табиғаттың бір бөлігі ретінде адамға, табиғат әлемін ұғыну ғана емес, осы өзгергермелі әлемдегі өз орнын сезінуге бағытталған және жеке тұлғалық құндылық қасиеттер жүйесін тәрбиелеуге, жеке тұлғаның дүниетанымдық, мәдени, тәжірибеге бағдарланған қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған.

«Жаратылыстану» пәнін география, биология, физика және химияның кіріктірілген курсы ретінде география пәнінің мұғалімі сияқты биология пәнінің мұғалімі де, немесе физика немесе химия пәні мұғалімі жүргізе алады.

Негізгі орта білім деңгейінде «Жаратылыстану» білім саласы бойынша келесі пәндер оқытылады:

5, 6-сыныптарда – «Жаратылыстану»;

7, 8,9 -сыныптарда - «География», «Биология», «Химия», «Физика».

Негізгі орта білім берудің жаңартылған мазмұнына сәйкес 7-сыныптан бастап бір мезгілде «Физика», «Химия», «Биология», «География» пәндері оқытылады, мектептегі жаратылыстану ғылымдарын оқытудың үздіксіздігін және әлемнің біртұтас ғылыми көрінісін қалыптастыру қамтамасыз етіледі.

Бұл 5-сыныпта оқыған «Жаратылыстану» пәнінен кейінгі үзілістің болуын жояды, өйткені қолданыстағы оқу бағдарламалары бойынша «Физика» пәні 7-сыныптан, ал «Химия» пәні 8-сыныптан бастап оқытылатын.

«Физика», «Химия», «Биология», «География» пәндерінің синхронды оқытыла басталуы әр пәннің мазмұны басқа пәнде жалғасын табуға ықпал етеді, оған сәйкес осы төрт пән бойынша кейбір тақырыптар бір академиялық кезеңде зерделенеді.



  • Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары (мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) және оқу бағдарламаларын Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының www.nao.kz. Сайтынан алуға болады.

  • Білім беру ұйымының әкімшіліктеріне бір данада МЖМБС-ның, үлгілік оқу жоспарларының, үлгілік оқу бағдарламаларының қағаз нұсқасының болуы ұсынылады.

  • Педагогтер МЖМБС, Үлгілік оқу жоспарлары, үлгілік оқу бағдарламаларымен жұмыс істей алады.

  • 1-11-сыныптарға арналған барлық оқу пәндері бойынша орта мерзімді жоспарлар жүйелік-әдістемелік кешенге орналастырылған (сілтеме: smk.edu.kz).



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет