Тақырып: Конденсаторлар. Конденсаторлардың түрлері. Конденсаторларды жалғау. Мақсаты: Білімділік



Дата28.06.2017
өлшемі62,78 Kb.
#20126
түріСабақ
Мұғалім: Алтынбеков Аян Серікұлы

8сынып


Күні: 25.11.2010ж

Тақырып: Конденсаторлар. Конденсаторлардың түрлері. Конденсаторларды жалғау. Мақсаты:

Білімділік: Алғашқы түсініктер мен ұғымдар қалыптастыру және бекіту: конденсаторлар, түрлері, электр сыйымдылылық, өлшем бірліктері, конденсаторларды тізбектей, параллель және аралас жалғау.

Дамытушылық: Күрделі есептерді қарапайым есептерге жіктеу арқылы сатылап шығару әдісін демонстрациялау, жаттығулар орындау;

Тәрбиелік: Оқушыларды өз жұмысын, уақытын дұрыс ұйымдастыра білуге, өзіндік бақылау жасау өзіндік жұмыс және өзіндік коррекция жасай білуге баулу;

Көрнекі құралдар: Слайдтар, жеке карточкалар

Сабақ жоспары:

I. Ұйымдастыру кезеңі,үй жұмысын тексеру.

Экспресс-тест «Формулалар»

ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру , презентация , бейнефильмдер

ІІІ. Есеп шығару, жеке карточка бойынша өздік жұмыс

IV. Қорытындылау



Сабақ барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі , үй жұмысын тексеру
ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру, презентация, бейнефильмдер

Әр аттас едәуір электр зарядтарын жинақтау үшін конденсаторлар қолданылады.



Конденсатор деп қалыңдығы өткізгіштердің өлшемдерімен салыстырғанда өте аз, диэлектрик қабатымен бөлінген қос өткізгіштен тұратын денелердің жүйесін айтады.

Мысалы,параллель орналасқан және диэлектрик қабатымен бөлінген екі жазық металл пластина жазық конденсатор кұрайды.



Конденсатордың   электрсыйымдылығы   деп   конденсатор   зарядының  

 конденсатор  пластиналары арасындағы потенциалдар айырымына қатынасымен өлшенетін физикалық шаманы айтады.



 Мұндағы С шамасы конденсатордың электрсыйымдылығы деп аталады, ол конденсатордың электр зарядтарын, яғни электр өрісін жинау және сақтау қасиетін сипаттайды, q— өткізгіштің біреуіндегі зарядтың абсолют шамасы, U— потенциалдар айырымы.

SI  жүйесінде   электрсыйымдылығының   бірлігіне   1   фарад

1Фарад—1Кл заряд бергенде, потенциалдар айырымы 1 В-қа өзгеретін өткізгіштің электрсыйымдылыгы.

Бұл бірлік өте үлкен: мысалы, Жер сияқты аса үлкен өткізгіштің сыйымдылығы не бары 7·10 -4Ф, сондықтан тәжірибелік мақсатта үлестік бірліктер қолданылады:

1 мкФ = 10 -6 Ф;   1 нФ = 10 -9 Ф;    1 пФ = 10 -12 Ф.

Жазық конденсатордың сыйымдылығы пластиналардың ауданы мен пластиналарды бөлетін диэлектриктің салыстырмалы диэлектрлік өтімділігіне тура пропорционал және пластиналардың арақашықтығына кері пропорционал екендігі тәжірибе жүзінде анықталды: 

мұндағы S–бірдей екі пластинаның біреуінің ауданы;d—пластиналардың арақашықтығы; ε0 — электр тұрақтысы;ε—конденсатор пластиналарының арасындағы кеңістіктегі заттың диэлектрлік өтімділігі; әр зат үшін ε мәндері тәжірибемен анықталып, кестеде беріледі.

II. Конденсаторларды техникалық құрылғыларда электр зарядтарын жинақтау үшін кеңінен қолданады.

Конденсатордың электр зарядтарын жинақтау және сақтау қасиетін, мысалы, электронды фото-жарқылын алуда қолданады. Бұл аспапта конденсатор гальвани элементтерінің батареяларынан ұзақ уақыт зарядталады да, арнайы лампа арқылы  тез разрядталады.

Іші мен сырты станиольмен желімделген Лейден банкасы деп аталатын конденсатор алғаш рет XVIII ғасырда жасалған.

Қағаз конденсаторда  астарлар ретінде станиоль жолақтары, ал изолятор ретінде парафинге малынған қағаз таспалар қызмет етеді. Электр конденсаторларда  бірінші астар ретіндегі фольга жолағы, екінші астар қызметіндегі электролит ерітіндісіне орналастырылады. Диэлектриктің рөлін оксидпен қапталған фольга атқарады. Кейде конденсатор сыйымдылығын ауыстыруға тура келеді, ол үшін ауыспалы сыйымдылықты конденсаторлар пайдаланылады .


ІІІ. Есеп шығару, жеке карточка бойынша өздік жұмыс
13. Конденсаторды 1,4 кВ кернеуге дейін зарядтағанда ол 28 нКл заряд алатын болса, конденсатордың сыйымдылығы қандай болмақ?

14. Оңашаланған өткізгішті 100В потенциалға дейін зарядтап, 1,1 Кл электр зарядын жіберген өткізгіштің электр сыйымдылығын анықтаңдар.
ІІ деңгей (12 ұпай: әр тапсырма үшiн 2 ұпай)

1. Зарядтардың қанша тегі бар?

А. 1. Ә. 3 Б. 2 В. 4

2. Электрон деген не?

А. Ұсақ бөлшек Ә. Теріс зарядты ең кіші бөлшек Б. Ядро В. Молекула

3. Зарядтарды қалай атайды?

А. Әр текті Ә. Оң және теріс Б. Бір текті В.Нейтрал

4. Электр өрісінің болатындығын зерттеген ғалымдар кім?

А. Резерфорд Ә. Вольт Б. Фарадей В. Максвелл

5. Зарядтардың біреуін 4 есе арттырғанда, өзара әсер күші өзгеріссіз қалу үшін, олардың ара қашықтығын неше есе өзгерту керек?

А. 2 есе арттыру керек Ә. 2 есе кеміту керек Б. 4 есе арттыру керек

В. 4 есе кеміту керек

6. 20 нКл потенциалы 700 В нүктеден потенциалы 200В нүктеге орын ауыстырғанда өріс қандай жұмыс істеді?

А. 10 мкДж Ә.20 мкДж Б. 40мкДж.
ІІІ деңгей

ІІІ деңгей (20 ұпай: әр тапсырма үшiн 5 ұпай)

1. Конденсаторда 100 пФ; 300В деген жазулар бар. 50 нКл заряд жинақтау үшін осы конденсаторды пайдалануға бола ма?

А. Болады Ә. Болмайды Б. Өзгеріссіз

2. Конденсатордың пластиналарының жұмыстық ауданын 2 есе азайтса, ал олардың ара қашықтықтарын 3 есе кемітсе, конденсатордың сыйымдылығы неше есе өзгереді?

А. 2 есе артады Ә. 1,5 есе артады Б. 1,5 кемиді В. 2 есе кемиді

3. Сыйымдылығы 4*10-6Ф конденсаторға Кл заряд беру үшін конденсаторға қандай кернеу түсiру керек?

А. 1,1*102В Ә. Б..

4. Заряд бір нүктеден екінші нүктеге дейін орын ауыстырған кезде потенциалдар айырмасы 1кВ өрісте 400 мкДж жұмыс атқарды. Заряд неге тең?

А. 4*10-7Кл; Ә. Б.
Үй жұмысы : 17 жаттығу, № 1,2

IV. Қорытындылау

Кафедра меңгерушісі Ескендирова Т.Н

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет