Тақырып Малдардың әр түрлі ауруларында қанды серологиялық әдіспен зерттеу Антиген – антидене реакциялары микроорганизмдердің денеге енген бөгде заттарды залалсыздандыруға бағытталған қорғаныс механизмі болып табылады. Организмнен тыс жағдайда өтетін антиген – антидене реакциялары жануарлар мен құстардың аса қауіпті жұқпалы ауруларын анықтаудағы маңызы өте зор, өйткені бұл реакцияларға тән антигендер мен телімді антиденелердің саны мен сапасын бағалауға мүмкіндік береді. Осы мақсаттарға ұсынылған иммунологиялық реакциялар ауруға шалдыққан малдардың қанындағы антиденелерді белгілі бір ауру қоздырушысына тән антигендердің көмегімен немесе антигендерді оларға үйлесімді антиденелері бар қан сарысуларымен анықтауға жағдай жасайды.
Ветеринариялық медицина тәжірибесінде аса қауіпті жұқпалы ауруларды балауда иммунологиялық реакциялардың ішінен – гемагглютинация, преципитация, комплементті байланыстыру, иммунды флуоресценция реакциялары мен иммунды ферменттік талдау тәсілдері кеңінен қолданылып жүр.