Тақырып: Нөлдермен аяқталатын көптаңбалы сандарды жазбаша бөлу/ Ерте замандағы тарих пен мәдениет



бет11/26
Дата28.01.2020
өлшемі13,52 Mb.
#56696
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26
Байланысты:
4-с Матем 2-3 тоқсан ҚМЖ ГУЛ-1


Математика 64-сабақ.


Тақырып:Өнімділік. Бірлескен жұмыс / Кәсіби мерекелер


Мектеп: №66 Қазығұрт ЖОББМ

Күні: 12.2019 ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Жолдасбекова К.Н.

Сынып: 4 «А»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты


4.5.1.2 ** есептерді шығаруда жұмысқа жіберілген уақыт, атқарылған жұмыс; өнімділік/егіннің түсімділігі; ауданы мен массасы/жылдамдық арақашықтық, уақыт шамалары арасындағы тәуелділікті пайдалану

Күтілетін нәтижелер

Барлық оқушылар:

-өнімділік, уақыт, жұмысқа кеткен уақыт, жұмыстың нәтижесін тапсырма барысында өзара байланысын қолдана алады.



Тілдік мақсаттар

Оқушылар:-формулаларды оқи отырып, мағынасын түсіндіреді.Өнімділік, уақыт, жұмысқа кеткен уақыт, жұмыстың нәтижесі.Пəндік лексика жəне терминология

-өнімділік, уақыт, жұмысқа кеткен уақыт, жұмыстың нәтижесі.



Диалогке/ жазуға қажетті пайдалы фразалар топтамасы

Талқылау:Өнімділікті қалай табамыз?

Жұмысқа кеткен уақытты қалай табамыз?Жұмыс нәтижесінің көлемін қалай табамыз?






Жазу: өнімділік, уақыт, жұмысқа кеткен уақыт, орындалған жұмыс.




Алдыңғы алған білім

Өнімділік, уақыт, жұмысқа кеткен уақыт, жұмыстың нәтижесі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар

Қызығушы-лықты ояту

Ынталандыру

№1 тапсырма.Бірдей мәндерді таба отырып, қай кәсіп иесінің мерекені қай күні атап өтетінін біле аласың.

Мұғалімдер күні – 607 с = 10 мин 7 сек / қазан айының бірінші жексенбісі

Шахтерлер күні – 385 с = 6 мин 24 с / тамыз айының бірінші жексенбісі

Геологтер күні – 169 сағ = 6 күн 25сағ/сәуір айының бірінші жексенбісі

Полияция күні – 800 м = 13 сағ 20 м / 23 маусым тамыз айының бірінші жексенбісі



Оқулық

Мағынаны тану



Өзектендіру.

Формулаларды қайталау керек.

1-оқушы нысанды және оның белгісін атайды, мысалға: «өнімділік» – уақыт бірлігі аралығында дайындалған өнімдер саны;

2-оқушы көрсетілген белгінің тура сол мәнімен басқа нысанды атайды, мысалға: сағатына 15 бөлшек;

3-оқушы соған ұқсас белгімен өзінің нысанын және жаңа белгіні атайды.

Мақсат қою

№2 есепті шығару жоспарын қарастыру.

Екі баспахана 1200 кітап басып шығаруы керек. Бірінші баспахана барлық кітапты 6 күнде, ал екіншісі 12 күнде басып шығарады. Екі баспахана бірігіп жұмыс істесе, осы кітаптарды қанша күнде басып шығара алады?

Шығару жоспары:



1) Бірінші баспахананың өнімділігі қандай?

2) Екінші баспахананың өнімділігі қандай? 

3)Бірлескен өнімділік жұмыс қандай?

4) Бірлесіп жұмыс істегенде екі баспахана барлық кітапты неше күнде басып шығарады?

-Біз бірлескен жұмыс өнімділігін таба алдық па?

-Жоқ, бір адам (мәшине) жұмыс істеді және т.б.

Мақсат қойып жаңа тақырыпты карастырамыз:

Бірлесіп жұмыс істеуге арналған тапсырмаларды үйрену.

1200 : 6 = 200 (кітап/күн) – 1-баспахана.

1200 : 12 = 100 (кітап/күн) – 2-баспахана.

200 + 100 = 300 (кітап/күн) – екі баспахана бір күнде шығарады.

1200 : 300 = 4 (күн) – барлық кітапты екі баспахана басып шығаруға керек күн.

Жаңаны ашу

Мұғалім жаңа ережелерді құрастыруды ұсынады.

Бірлескен өнімділікті табу үшін өнімділіктерді қосу керек.

v1 + v2 = vбірл.

Бірлескен жұмысқа екі қатысушының жұмыс уақытын анықтау үшін, орындалған жұмыс көлемін бірлескен өнімділікке бөлу керек.



t = А : Vбірл.

Бірлесіп орындаған жұмыстың көлемін табу үшін, бірлескен өнімділікті уақытқа көбейтеміз. А = Vбірл. ∙t



Алдыңғы тақырыпты бекіту үшін оқушылардың бір-біріне түсінік беріп, ой бөлісуі үшін оларға жұптық тапсырмалар ұсынылады.

3-тапсырманы орындауды ұсынады.



(Жеке) Өзіндік жұмыс дәптерде орындалады

Бірлескен әрекетті табу үшінөнімділіктерді______________ керек.



v1 v2 = vбірл.

Бірлескен жұмысқа екі қатысушының жұмыс уақытын анықтау үшін толтырылған жұмыстың көлемін бірлескен өнімділікке ________ керек.



t = А Vбірл.

Бірлесіп жасаған жұмыстың көлемін табу үшін бірлескен өнімділікті уақытқа______________.А = Vбірл. t

Есептерді дұрыс шешу үшін керек болған алгоритмдерді табу керек. Қандай формулаларды қолдандың?

Шебер айына 10 сөмке тігеді. Ал шәкірті 4 сөмке тігеді. Екеуі біріге отырып, жарты жылда неше сөмке тігеді?

1) 10 + 4 = 14 (дана/ай) – бірлескен өнімділік.

2) 14 ∙ 6=84 (дана) – жарты жылда біріге отырып, істеген өнім.

Шешуі: (10 + 4) ∙ 6=84

Жауабы: жарты жылда 84 сөмке тігілді.

Тапсырманы орындап болған соң, балалар дескрипторларды жазады:

Өткенмен жұмыс.

4–5-тапсырмаларын жалғастыра отырып, топпен орындауды ұсынады. Әр топқа бір тапсырмадан және оны қорғауға уақыт беріледі.



1-топ

2-топ

Өрнектің мәнін орындамай өрнекті өсу ретімен орналастыра аласың ба?

7 451 + 526 7 451 + 536

7 451 + 566 7 451 + 586

Осыған ұқсас тапсырманы құрастыра аласың ба?

Оны қасыңдағы оқушыға ұсынып көр.



3-топ Әр бағандағы бірінші өрнектің жауабын қолдана отырып өрнектің мәнін тап.

Оқулық,

дәптер


Рефлексия


Ата.

Бірлескен жұмыс формуласын ата.



Неліктен?

Неге бірлескен өнімділікті қосындымен табады?



Түсіндір.

«Бірлескен жұмыс» ұғымы қай жерде кездесетіндігін түсіндір.

Жаңа тақырыпта бекіту үшін ұсынылған №9 тапсырма үйге беріледі.

50 800 : 20 = 2 540 теледидар – бір күнде.

2 540 + 10 = 2 550 теледидар – бір күнде жаңа жоспар бойынша.

2 550·30 = 76 500 теледидар – қараша айында шығарады.







Оқу ісінің меңгерушісі:______________ Күні:_____________Шығардым



Математика 65-сабақ.

Тақырып: Бірлескен жұмыс\ Қала мен ауылдағы мамандық түрлері


Мектеп: №66 Қазығұрт ЖОББМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:


Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты


4.5.1.4 шамалар арасындағы тәуелділікке; пропорционал бөлуге, белгісізді екі айырмасы бойынша табуға берілген есептерді талдау және шығару;

Күтілетін нәтижелер

Барлық оқушылар:

-шамалар арасындағы тәуелділікке, бірлесіп жұмыс істеуге байланысты тапсырмалар орындай алады.



Көптеген оқушылар:

-шамалар арасындағы тәуелділік пен бірлесіп жұмыс істеуге байланысты тапсырмаларға формулалар қолдана алады.



Кейбір оқушылар:

-жұмыс (өнімділік, уақыт) пен қозғалысқа (жылдамдық, уақыт, қашықтық) байланысты тапсырманы орындау барысында шамалардың өзара байланысын шешуге арналған үдерістердің ұқсастығын анықтайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

-шамалар арасындағы тәуелділікті түсіндіреді.

Пəндік лексика жəне терминология

Өнімділік. Бірлескен өнімділік.



Диалогке / жазуға қажетті пайдалы фразалар топтамасы

Талқылау:

«Бірлескен өнімділік» дегеніміз не? Бірлескен өнімділікті қалай табамыз?






Жазу: формула: жұмыс, өнімділік, бірлескен өнімділік, уақыт.




Алдыңғы алған білім

Шамалардың өзара байланысы.

Жоспар

Жоспарлан-ған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар

Қызығушы-лықты ояту


Ынталандыру

Суретке қарап әңгіме құру. «Қала мен ауылдағы мамандық түрлері»



Өзектендіру.

№1 тапсырма

Кесте бойынша есеп құрастыру және шығару.




V

t

А

1-тігінші

5 бұй./сағ

бірдей


3 сағат

? бұйым


2-тігінші

8 бұй./сағ

3-тігінші

12 бұй./сағ

5 + 8 + 12 = 25 (бұйым) – үш тігінші жасайтын бұйым.

25 ∙ 3 = 75 (бұйым) – 3 сағатта жасайды.

(Т) «Мен – сен –біз»

№2 есепті шығарыңдар.

Екі шалғышы бірлесіп, 360 м2 жердің шөбін шапты. Оның бірі – 1 сағат, екіншісі 2 сағат жұмыс істеді. Олардың жұмыс өнімділігі бірдей болса, олардың әрқайсысы қандай ауданның шөбін шапты?

Шешуі:


1) 1+2=3 (с) – жұмысқа кеткен жалпы уақыт.

2) 360 : 3 = 120 (м2 /с) – өнімділік.

3) 120 х 1 = 120(м2) – біріншісінің шапқаны.

4) 120х2=240 (м2 ) – екіншісінің шапқаны.

1. Оқушылар өз беттерімен тапсырманы ойластырып, оны орындайды.

2. Жұптарымен ой бөліседі.

3. Топпен ой бөліседі.

4. Топта өз ойларын талқылайды, тобының ұстанымдарын таныстыратындарды тағайындайды.

Қорытынды жасап, сабақтың мақсатын анықтайды.

Мақсат қою

– Бүгінгі сабақтың мақсаты қандай?

– Бірлескен жұмыстың формуласын қалай түсінгенімізді тексеру.


Оқулық

Мағынаны тану


Өзіндік жұмыс

4-тапсырманы орындау ұсынылады.

Есепті шығару.

Ұзындығы 900 м жолдың жөндеу жұмыстарын бір бригада 30 күнде, ал екіншісі 45 күнде аяқтайды. Егер дәл осындай еңбек өнімділігімен бір уақытта екі бригада жолдың екі жақ шетінен бастап жұмыс істейтін болса, бұл жұмысты қанша уақытта аяқтайды?

Шешуі:

1) 90 : 30 = 3 (м\күн) – 1-бригада.



2) 90 : 45 = 2 (м/күн) – 2-бригада.

3) 2 + 3 = 5 (м\күн) – бірлескен өнімділік.

4) 90 : 5 = 18 (к.) – уақыт.

Жауап: 18 күнде



Қиындықтарды түзету

Мұғалім тапсырмалардың орындалуының дұрыстығын тексереді.

– Кімде қиындықтар туындады?

– Сендер қай жерде қателік жібердіңдер?

– Жіберілген қателіктің себебі неде?

– Өз жұмыстарында қателік болмағандар, өздеріңнің іс-әрекеттеріңнің мақсатын тұжырымдаңдар.



(Қосымша тапсырмалар орындау).

– Қателік байқағандардың жұмысындағы әрі қарайғы мақсаты қандай?



(Қателіктерді түзету).

– Қателіктерді түзету алгоритмін қолданамыз.

– Әркім өзінің оқу тапсырмасын айтады.

Сабақты дұрыс түсінбеген оқушыларға 3-тапсырманы орындауды ұсынамыз.

Телефон жөндеуші бір күнде 11 нысанға қызмет көрсетеді.

Егер күнде дәл осындай мөлшерде жұмыс істейтін болса,

онда 77 нысанға қызмет көрсетуді қанша күнде бітіреді?

Басқа оқушыларға мына тапсырмалар беріледі: кесте бойынша өрнектер құрастырып, оның мәнін табады.

Қосылғыш

52416 : 52

80 012

73 650


Қосылғыш

11 × 451


28 054 –

87

850 : 50



Осыдан кейін кестеде жіберілген қателікті сыныптың екінші бөлігі түзетеді.

(Ө) Өзіндік жұмыс. Оқушылар дәптердегі мына тапсырманы орындайды.

Кесте бойынша есеп құрастыр және оны шығар.




v

t

А

1-жұмысшы

90 кг/тәул.

бірдей


630 кг

2-жұмысшы

75 кг/тәул.

? кг







Өрнекті былай құрады: 630 : 90 ∙ 75

Дескриптор:

Мен:


Пропорционал бөлуге берілген есептердің шешу жоспарын құру;

Өнімділік, жұмысқа жұмсалған уақыт, атқарылған жұмыс шамалары арасындағы байланыстарды пайдаланып, есептерді шығару;

Есеп бойынша өрнекті жаза алу.


Оқулық,

дәптер, жинақ полотносы





Өткен материалмен жұмыс.

№ 5


52 416 : 52 + 11∙ 451 = 5 969

80 012 + 28 054 – 987 = 107 079

73 650 + 850 : 50 = 73 667

Оқушылар қалған уақытта 6–8-тапсырмаларды кезекпен жұп болып немесе топпен орындайды. 6-тапсырма өздеріне белгілі жоспар бойынша шығарады. Мұғалім ең алдымен тапсырманы оқытып, оған талдау жүргізеді.

Әлия фермаға барып, сиырды сүт сауатын аппаратпен

шелектерге немесе сүттүтікке сауатынын білді. Әлияға есепті шығаруға көмектес.

Бірінші сауыншы сүт сауатын екі аппаратпен ыдысқа бір сағат ішінде 15 сиыр сауады. Екінші сауыншы сүттүтікке бір сағат ішінде 22 сиыр сауады.

4 сағат ішінде олар бірлесіп қанша сиыр сауады?

Есеп шығару алгоритмі:


  1. Бірлескен өнімділікті қалай білеміз?

  2. Екі сауыншы бірігіп, 4 сағатта неше сиыр сауады?

№ 6

15 + 22 = 37 сиыр – екі сауыншы 1 сағатта сауады.

37 ∙ 4 = 148 сиыр – екі сауыншы 4 сағатта сауады.

№7 тапсырма 5-ке және 10-ға бөлінгіштік белгілерін анықтай алатын оқушыларға ұсынылған.

5-ке де, 10-ға да бөлінетін сандарды бос ұяшыққа қойып, жауабын тексер.

32 150 340 700 800 87 603 650

8-тапсырма (а).


  1. 1) 1800 : 18 = 100 кәстөм/күн – 1-цех шығарады.

  2. 1800 : 9 = 200 кәстөм/күн – 2-цех шығарады.

  3. 100 + 200 = 300 кәстөм – екі цех орындайды.

  4. 1800 : 300 = 6 күн – екі цех өнім шығару үшін қажет.

9-тапсырма.

а) Есепті сәйкестендіру тәсілімен шығарады.

24 кг 12 кг-нан 2 есе артық.

Демек оларға 5 күннен 2 есе артық күнге жетеді.

5∙2=10(күн)

ә) Бұл есеп те сәйкестендіру тәсілімен шығады.

70 кг 140 кг-нан 2 есе кем. Демек 6 күнге қарағанда 2 есе кем күнге жетеді.

6:2=3


Өрнек: 6:(140:70)





Рефлексия


Сөйлемді толықтырыңдар:

– Бүгін мен ... білдім.

– Маған ... қызық болды.

– Маған ... қиын болды.

– Мен тапсырманы ... орындадым.

Балалардың жеке қиындықтарын ескере отырып, үй тапсырмасын анықтайды. 10-тапсырманы беруге болады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет