Ынталандыру
Көлікті басқаруға қатысы бар мамандықтарды тап.
Аталған мамандықтардың қайсысы ескірді? Өз жауабыңды тексер. (Жауабы 300). Қайсысының көлік басқаруға қатысы жоқ? (Жауабы 500). Өз жауабыңды тексер.
Ұшқыш
270 000 : 9
|
Мотоциклист
270 000 : 90
|
Ат айдаушы
270 000 : 900
|
Шопыр
810 000 : 9
|
Машинист
810 000 : 9000
|
Такси жүргізушісі
81 000 000 : 90000
|
Велосипедші
7 500 : 150
|
Жолсерік
75 000 : 150
|
Алысқа қатынайтын жүргізуші
75 000 : 15
|
Жолсерік көлік жүргізбейді.
Өзектендіру
Бұл тапсырманы орындауда «Астрономия» тәсілін қолдануға болады. Оқушыларға «Жылдамдық» түсінігіне қатысты сөздерді жазу (атау) ұсынылады.
Оқушылар жаңа тақырыпқа байланысты: жылдамдық, уақыт, арақашықтықты табуға байланысты есептер қосады.
Бір-біріне қарама-қарсы бағытта қозғалған кезде жақындау жылдамдығы жылдамдықтардың қосындысына тең:
v1 + v2 = vжақ.
60 + 40 = 100 (км/сағ) – автокөліктің бір-біріне жақындау жылдамдығы. Автокөліктің қанша сағаттан кейін кездесетінін білу үшін бастапқы арақашықтығын жақындау жылдамдығына бөлу қажет: t = S : Vжақ 400 : 100 = 4 (сағ).
Кестені толтырып, дәптерге жаз.
Қозғалыс уақыты
|
1 сағ
|
2 сағ
|
3 сағ
|
4 сағ
|
Мәшинелердің арақашықтығы
|
|
|
|
|
Мақсат қою
Тапсырманың жаңа түрін ұсыныңыз.
2-тапсырма. Сызбаға қара. Не бейнеленген? Қандай шамалардың мәні берілген? Не белгісіз? Екеуінің кездескен кездегі уақытын қалай табуға болады?
Оқушылар мұндай тапсырманы бұрын кездестірмеген. Біздің сабақтың мақсаты – екі қозғалыстағы дененің бір-біріне қарама-қарсы келе жатқан жылдамдығын шешу.
|