Жаңаны ашу
Оқушылар мұғаліммен бірге алгоритм құрастырады.
Бірліктерді бөлемін: 624 : 78 = 8, бөліндіге 8-ді жазамын. Қалдық нөлге тең, яғни толық бөлінді.
Жауапты оқимын: 8.
(Ж) Түсіндіре отырып алғашқы бекіту үшін оқушыларға 2-тапсырманы пікірлесе жұппен орындауды ұсынады.
№ 2
351 : 39 = 9
196 : 28 = 7
|
396 : 66 = 6
553 : 79 = 7
|
644 : 92 = 7
585 : 65 = 9
|
288 : 32 = 9
405 : 45 = 9
|
Әрі қарай 3А-тапсырманы балалар тәсілдерді салыстыру арқылы табады.
Тұжырым бойынша нөлмен аяқталатын көптаңбалы бөлінгішті бөлгішке бөлеміз (585 жүздікті 65-ке), әрі қарай нөлдерді мәніне қосып жазамыз.
Түсіндіре отырып алғашқы бекіту үшін оқушыларға 3Ә- тапсырманы топпен орындауды ұсынады.
168 000 : 24 = 7 000 29 200 : 73 = 400 15 600 : 52 = 300
Дәптерде орындалатын өзіндік жұмыс
Оқушылар тапсырманы орындамай тұрып бағалау критерийлерін жасайды:
Критерий бойынша өзін-өзі бағалау:
Шешу алгоритмін құрастыр.
№ 4 тапсырма оқушылардың күнделікті өмірде математикалық сауаттылығын дамытуға бағытталған.
а) 11 айға.
ә) 2014 – 1859 = 155 (жыл)
№5-тапсырма. Есепті шығарады.
Тапсырманы сызба сызу арқылы шығаруға болады.
Оқушылар былай талдайды:
Автобустың қозғалыс жылдамдығы мен аялдамаға дейінгі жүрген уақытын біле отырып, шамалардың қатынасы туралы білімді қолданып (S = v · t), автобустың аялдамаға дейінгі жүрген арақашықтығын табамыз:
72·5 = 360 (км) – автобустың аялдамаға дейін жүрген жолы.
қолдана отырып анықтаймыз. Яғни арақашықтықты 3-ке көбейтеміз.
360 ∙ 3 = 1 080 (км) – барлық арақашықтық.
Автобус әлі қандай арақашықтықты жүру керек екенін табу үшін, барлық жолдан аялдамаға дейінгі жолды алып тастаймыз.
1 080 – 360 = 720 (км) – әлі жүруі тиіс арақашықтық.
Есепке өрнек жазып, оның мәнін табамыз.
(72·5) · 3 – 72 · 5 = 720 (км/сағ)
9-тапсырма - зерттеуге берілген тапсырма.
Әлияның әжесі 60 жаста. Оның жасы Әлияның әкесінің жасынан 2 есе үлкен. Қазір Әлия 10 жаста. Оның жасы әкесінің жасынан қанша есе кіші?
Тапсырманы кесте толтыру арқылы орындауға болады.
|
Жасы
|
Әжесі
|
60
|
Әкесі
|
30
|
Әлия
|
10
|
Әлияның жасы белгілі. Әлияның жасы әкесінің жасынан неше есе кіші екенін білу үшін, әкесінің жасын Әлияның жасына бөлеміз.
30:10 = 3(есе) – Әлияның жасы әкесінің жасынан 3 есе кіші.
|