Тақырып: Нөлдермен аяқталатын көптаңбалы сандарды жазбаша бөлу/ Ерте замандағы тарих пен мәдениет



бет15/26
Дата28.01.2020
өлшемі13,52 Mb.
#56696
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26
Байланысты:
4-с Матем 2-3 тоқсан ҚМЖ ГУЛ-1



Математика 68-сабақ.


Тақырып: Екі айырма бойынша белгісізді табуға берілген есептер / Өз өлкеңнің экономикалық қызметі

Мектеп: №66 Қазығұрт ЖОББМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:


Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты


4.5.1.4 шамалар арасындағы тәуелділікке; пропорционал бөлуге, белгісізді екі айырма бойынша табуға берілген есептерді талдау және шығару

Күтілетін нәтижелер

Барлық оқушылар:

-белгісізді екі айырма бойынша табуға берілген есептерді шығара алады.



Көптеген оқушылар:

-белгісізді екі айырма бойынша табуға берілген есептерді шығара отырып талқылай алады.

Кейбір оқушылар:

-белгісізді екі айырма бойынша табуға берілген есептерді шығара отырып талқылайды және өздігінен есептер құрастыра алады.



Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

-белгісізді екі айырма бойынша табуға берілген есептердің шешу алгоритмін түсіндіре алады.



Пəндік лексика жəне терминология

Белгісізді екі айырма бойынша табуға берілген есептер.



Диалогке/ жазуға қажетті пайдалы фразалар топтамасы

Талқылау:

Бұл тапсырмаларда қандай үш өлшемді шамалар бар?

Бір шаманың екі түрлі мағынасын атап көрсетіңіз.

Шаманың мәнін табу үшін берілген екі шаманың айырмашылығын білу керек.






Жазу: кесте толтыру тапсырмаларды шешу және түсіндіру.




Алдыңғы алған білім

Шамалардың өзара байланысы.

Жоспар

Жоспарлан-ған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар

Қызығушы-лықты ояту


Ынталандыру

1-тапсырма. Өз өлкеңде орналасқан қандай кәсіпорындарды білесің? Олар не өндіреді? Қай елдімекенде қандай кәсіпорындар бар екенін білу үшін шамалардың мәндерін сәйкестендір.




"Манкент-1"

70 га





Түркістан облысы

Манкент ауылы

700 000 м2


"Арыстан"өндіріс-тік кешені

700см2






Қостанай облысы

Сарыкөл кенті

7дм2


К.Маркс атындағы кәсіпорын

70 000 см2






Қостанай облысы

Озерное ауылы

7 м2


"Ряжское" кәсіпорны

7км2






Қостанай облысы

Ұзынкөл ауылы

7 000 000 м2




Өзектендіру

Мұғалім үш өлшемді шамалардың өзара байланысына қатысты ережені еске түсіруді ұсынады. Ол үшін электронды жинақтағы формулаларды пайдалануға болады.

Мақсат қою

Балалар бүгінгі сабақтың мақсатын қояды. Мұғалім толықтырады.


Электрондық жиынтық.



Оқулық

Мағынаны тану


Жаңаны ашу

2-тапсырма. Аймақта тігін фабрикасы бар. Балалар осы фабрикаға саяхат жасады. Олар шалбар мен кофтаның әрқайсысына бірдей көлемде мата жұмсалатынын білді. Сол күні 8 шалбар, 5 кофта тігілді. Кофтаға қарағанда шалбарға 6 м мата артық жұмсалған болса, онда шалбарлар мен кофталарға жеке-жеке қанша метр мата кетті?

1) Қанша шалбар артық тігілді?

2) 1 киімге қанша метр мата жұмсалған?

3) Барлық шалбарға қанша метр мата жұмсалған?

4) Барлық кофтаға қанша метр мата жұмсалған?

8 – 5 = 3 (дана) – артық тігілген шалбар саны

6 м : 3 = 2 (м) – бір шалбарға жұмсалған мата.

8 ∙ 2 = 16 (м) – барлық шалбарға жұмсалған мата.

5 ∙ 2 = 10 (м) – барлық кофтаға жұмсалған мата.

Белгісізді екі айырма бойынша табуға берілген есептер өзара байланысты үш шаманы қамтиды. Мұндай есептің шартында бір шаманың екі мәнінің айырмасы берілген. Ізделінді шаманы табу үшін берілген екі шаманың айырмасын табу керек.



(Ж) Алғашқы бекіту

Оқушыларға 3– 4-тапсырмалар өткен тақырыпты бекіту үшін ұсынылады.

3-тапсырма

Түркістан облысында мақта-мата комбинаты бар.

Онда жібек, мақта, тоқыма және басқа да

маталар шығарылады.

Есепті шығар.

Бірдей бағада 3 метр жібек және 5 метр тоқыма мата

сатып алынды. Жібек матаға қарағанда тоқыма матаға 1200 теңге артық төленген болса, жібек және тоқыма маталарға жеке-жеке қанша теңге төленген?




Бағасы

Саны

Құны

Жібек

бірдей




?

Тоқыма



? 1 200 тг артық

1) 5 – 3 = 2 (м) – артық мата

2) 1 200 : 2 = 600 (тг) – 1 м матаның бағасы

3) 600 · 3 = 1 800 (тг) – жібек матаға төленді

4) 600 · 5 = 3 000 (тг) – тоқыма матаға төленді

(Т) 4-тапсырма

Кесте бойынша есеп құрастыр және оны шығар. Оқушылар есептің шартын құрып жаттығады. Бұл тапсырманы көптеген оқушылар орындай алады.






Ұзындығы

Ені

Ауданы

Жатын бөлме



бірд


ей

?, 8м2 кем

Қонақ бөлме

7 м

? м2




Оқулық, электрондықжиынтық,

дәптер, презентация






1) 7– 5 = 2 (м) – бір бөлменің ұзындығы екіншісінен артық.

2) 8 :2 = 4 (м) – әр бөлменің ені.

3) 5 · 4 = 20(м2) – жатын бөлменің ауданы

4) 7 · 4 = 28(м2) – жатын бөлменің ауданы.

Жауабы: 20 м2 және 28 м2.

Дәптерде орындалатын өзіндік жұмыс.

Тексеру эталоны.



Есеп шығару алгоритмін құрастыр және оны есепте.

Қоймадан бір дүкенге 3 мәшине ұн жөнелтілді, ал басқа дүкенге 5 мәшине жөнелтілді. Екінші дүкенге 40 ц артық ұн әкелінді. Әр дүкенге неше центнер ұн жөнелтілді?

1) 5 – 3 = 2 (м.) – кем жіберілген мәшине саны.

2) 40 : 2 = 20 (ц) – бір мәшинедегі ұнның салмағы

3) 20 ∙ 3 = 60 (ц) – бірінші дүкенге

4) 20 ∙ 5 =100 (ц) – екінші дүкенге

Шешуі: 40 : 2 ∙ 3 = 60 40 : 2 ∙ 5 = 100

Жауабы: 60 ц бірінші дүкенге, 100 ц екінші дүкенге.

Оқушылар критерийлерді анықтайды.

Белгісіз екі теңдікті табуға берілген есептер шығару және талқылау.

Дескриптор

Мен:


  • белгісіз екі теңдікке байланысты есептің алгоритмін құрастыра аламын;

  • амалдар бойынша шешуін жаза аламын;

  • есеп бойынша өрнек жаза аламын;

  • жауабын жаза аламын;

Өткен материамен жұмыс.

№6 тапсырма күнделікті өмірмен байланысты. Дүкеннен қай затты сатып алу тиімді екенін қалай анықтауға болады? Оқушылар салыстыру арқылы таңдауы керек.

100 г –50 тг, ал 50 г – 40 тг тұрады.

Мұны былай талқылаймыз:



100 саны 50-ден екі есе артық, ал 50 мен 40-ты салыстырсақ, ондай емес. Демек, А нұсқасы тиімді.

№7 тапсырма.

2,6,0,3 сандарымен екі таңбалы және үш таңбалы сандар құру.

Сандарды жазуда бірдей цифрлар қолдануға болмайды.

Ондықтарының саны 3-тен артық немесе 3-ке тең. Бұл –комбинаторлық тапсырма.

Оқушылар ереже бойынша нұсқаларды таңдай бастайды. Мақсат – ретімен таңдап алу әдісі үшінші тоқсанда қарастырылады, бірақ оқушылар қазірден дұрыс таңдауға талпынып көреді.

Екі таңбалы сандар 6 немесе 3 цифрынан басталуы мүмкін, сонда: 60, 62, 63, 30, 32, 36.

Үш таңбалы сандар құрастырылған екі таңбалы сандар негізінде құрылады. Құрылған екі таңбалы сандарға жүздіктер санын (олар 2, 6, 3 болуы мүмкін) цифрлар қайталанбайтындай етіп қосамыз:

60, 62, 63, 30, 32, 36

260, 362, 263, 630, 320, 236.

Әр нәтиже алынған кезде екі жағдай тексеріледі: ондықта қандай цифр және цифрлар қайталанбай ма?



Дәптер

Оқулық



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет