Жаңаны ашу
Әртүрлі бағыттағы қозғалыс тек бір нүктеден ғана басталмай, белгілі бір арақашықтықтан да нысандардың екі жақ бағытқа қозғалатынын түсіндіру.
а) Автокөліктердің арасы сағат сайын неше километрге артып отырады?
ә) Кестені толтыр.
б) Қанша сағаттан кейін автокөліктердің арасы 300 км-ге тең болады.
Мынадай ереже тұжырымдалады:
Бір-бірінен қарама-қарсы бағытта қозғалған кезде қашықтау
жылдамдығы жылдамдықтардың қосындысына тең.
V1 + V2 = Vқаш.
60 + 40 = 100 (км/сағ) –автокөліктердің бір-бірінен
қашықтау жылдамдығы.
Неше сағаттан кейін автокөліктердің арақашықтығы
300 м-ге тең болатындығын білу үшін, осы арақашықтықты
бір-бірінен қашықтау жылдамдығына бөлу керек.
300 км : 100 км/сағ = 3 сағ.
t = S : vқаш.
74-сабаққа арналған электронды дискідегі презентацияны қолдану.
(Ж) Түсіндіре отырып алғашқы бекіту үшін оқушылар
4-тапсырманы орындайды.
а) Бір вокзалдан бір уақытта екі жолаушылар пойызы бір-бірінен қарама-қарсы екі бағытқа жолға шықты. Біріншісі 60км/сағ, ал екіншісі 70км/сағ жылдамдықпен жүрді. Екеуінің арасы 4 сағаттан кейін қандай қашықтықта болады?
Бұл есепті неше тәсілмен шығаруға болады?
Әртүрі тәсілмен шығарылу жолын түсіндіріп бер.
1-тәсіл
|
2-тәсіл
|
1) 60 ∙ 4 = 240 (км)
2) 70 ∙ 4 = 280 (км)
3) 280 + 240 = 520 (км)
|
1)70 + 60 = 130 (км/сағ)
2) 130 ∙ 4 = 520 (км)
|
5-тапсырма. Автобекеттен бір уақытта қарама-қарсы екі бағытқа екі жолаушылар автобусы шықты. Біріншісі
66 км\сағ, ал екіншісі 59 км\сағ жылдамдықпен жүрді.
6 сағаттан кейін автобустардың арасы неше километр болады?
1)66+59=125(км/сағ) – қашықтау жылдамдық
2) 125 ∙ 6=750(км) – 6 сағаттан кейінгі қашықтық
Шешуі: (66+ 59) ∙ 6=750км
6-тапсырма.
70 + 90 = 160 (км /сағ) – қашықтау жылдамдығы
320 : 160 = 2 (сағ) – 2 сағаттан кейін арасы 320 км болады.
7-тапсырма
Есептің шартына сұрақ қой және оны шеш.
Екі велосипедші бір-біріне қарама-қарсы бағытта жолға шықты. Біріншісі 25км\сағ, ал екіншісі 17 км\сағ жылдамдықпен қозғалды. Бастапқыда олардың арақашықтығы 84 км болды.
Бұл есеп кездесу қозғалысына берілген. Алдымен ненің белгілі екенін анықта. Әрі қарай оқушылар өздері сұрақ қояды. Есепті құрастыра алған баланы мадақтау керек.
Велосипедшілер неше сағаттан кейін кездеседі?
25 + 17 = 42 (км/сағ) – жақындау жылдамдығы.
84 : 42 = 2 (сағ) – уақыт.
Өрнек:
(25+17):42
|