Өзіндік жұмыс
№2 тапсырманы орындауды ұсынады. Есепті амалдар бойынша шығарып, жауаптарын түсіндіреді.
65 + 70 = 135 (м/мин) – жақындау жылдамдығы.
135 ∙ 30 = 4050 (м) – арақашықтық.
Жауабы: екі ауылдың арақашықтығы – 4 км 50 м.
№3.
Бір ауылдан бір-бірінен қарама-қарсы бағытта екі жолаушы шықты. Біреуі 5 км\сағ, екіншісі 3км\сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Олар қанша сағаттан кейін 16 км арақашықтықта орналасады?
Арифметикалық тәсілмен шығару:
3 + 5 = 8 (км/сағ) – қашықтау жылдамдығы.
16 : 8 = 2 (сағ) – уақыт.
Теңдеу құрып шығару:
(5 + 3) ∙ х =16
8 · х =16
х = 16 : 8
х = 2
Қиындықтарды түзету
Мұғалім тапсырманың дұрыс орындалуын тексереді.
– Кімде қиындықтар туындады?
– Қай жерінде қателестіңдер?
– Жіберілген қателіктің себебі неде?
– Өзіндік жұмыстарыңда қиындық туындамағандар, өздеріңнің әрекеттеріңнің мақсатын тұжырымдаңдар.
(Қосымша тапсырмалар орындау).
– Қиындықтарды анықтағандар, жұмыстарыңның әрі қарай мақсаты қандай?
(Қателіктерді түзету).
– Қателіктерді түзету алгоритмін қолданамыз.
– Әркім өзінің оқу тапсырмасын дауыстап оқиды.
(Ө) Дәптерге орындалатын өзіндік жұмыс.
Тапсырманы орындамас бұрын оқушылар мұғаліммен бірігіп критериалды бағалауды құрастырады.
Қарама-қарсы бағыттағы қозғалысты арифметикалық және алгебралық тәсілмен шығара алу.
Дескриптор
Мен:
қарама-қарсы бағыттағы қозғалысқа сызба сыза аламын, 2б;
есепке теңдеу құра аламын, 3б;
теңдеуді шеше аламын, 2б;
жауабын тексере аламын, 2б;
жауабын жаза аламын, 2б.
|