Тақырып: Орта мектептің физика курсындағы «Тұрақты электр тогы» бөлімін кіріктіріп оқыту әдістемесі
Дипломдық зерттеy жұмысының мақсаты – оқушылардың оқу мотивациясын арттыруға ықпал ететін орта мектептің физика курсындағы «Тұрақты электр тогы» бөлімін кіріктіріп оқыту әдістемесін жасау. Физиканы оқытуда пәнаралық байланысты максималды қолдану практикасын жасау.
Зерттеy жұмысының мақсаты келесі міндеттердің орындалyын қажет етеді:
- Оқу үдерісінде пәнаралық байланыстардың классификациясы және ұйымдастырылу жағдайын анықтау;
- Физиканы кіріктіріп оқытyды жүзеге асырудың жолдарын айқындау;
- «Тұрақты электр тогы» бөлімін кіріктіріп оқытудың дидактикалық шарттарын айқындау;
-«Тұрақты электр тогы» бөлімін кіріктіріп оқытудың мақсаты мен мазмұнын жасау;
-«Тұрақты электр тогы» бөлімін кіріктіріп оқытудың формалары, құралдарын айқындау;
- Педагогикалық эксперимент нәтижелерін талдау.
Зерттеy жұмысының объектісі: жалпы және орта мектепте физиканы оқытудың білім беру үдерісі.
Зерттеy жұмысының пәні: физиканың басқа мектеп пәндерімен пәнаралық интеграциясы жалпы және орта мектеп оқушыларының ынтасын арттыру.
Зерттеy жұмысының болжамы: егер білім беру мекемесінде физиканы оқыту процесінде мектеп пәндерін кіріктіру негізінде жобалық іс-шаралар күндерін өткізуге жағдай жасалса, педагогикалық ұжымның пәнаралық байланыстарын іске асыруды жоспарлау жүзеге асырылса, әкімшілік пән мұғалімдеріне кіріктірілген сабақтарды әзірлеу бойынша талаптар қойса және бұл үшін кестеде сағаттар бөлінсе, физика сабақтарын басқа пәндермен өткізу әдістемесі іске асырылатын болса, оқушылардың оқу мотивациясы артады.
Достарыңызбен бөлісу: |