Тақырып: Сақтау мерзімі көрсетілген құжаттар тізбегі Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы



бет1/2
Дата29.05.2020
өлшемі45,68 Kb.
#71618
  1   2
Байланысты:
Сақтау мерзімі көрсетілген құжаттар тізбегі


Тақырып: Сақтау мерзімі көрсетілген құжаттар тізбегі

Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 22 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 ақпанда № 10345 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 263 бұйрығымен



  • Мәтін

  • Ресми жарияланым

  • Ақпарат

  • Өзгерістер тарихы

  • Сілтемелер

  • Көшіру

  • Басқа

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 29.09.2017 № 263 бұйрығымен (01.12.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 2-тармағының 2-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мұрағаттық іс және құжаттама департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы тармақпен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді іс-шараларды орындағаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының




Мәдениет және спорт министрі

А. Мұхамедиұлы


 

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2015 жылғы 26 қаңтардағы
№ 22 бұйрығына қосымша

Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесі

Тармақ нөмірі

Құжат түрі

(оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжаттар)



Құжаттың сақталу мерзімі

Ескерту

1

2

3

4



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет