Бірқатар сұраулы сөйлемдер бірдеңенің жайын білуді ғана көздеп айтылмай, айтушының бірдеңеге күмәнданғанын да білдіреді. Ондай әрі сұраулы, әрі күмәнді сөйлемдердің баяндауыштарының құрамында ма//ме…екен, екен-ау, ә деген сөздер болады. - Бірқатар сұраулы сөйлемдер бірдеңенің жайын білуді ғана көздеп айтылмай, айтушының бірдеңеге күмәнданғанын да білдіреді. Ондай әрі сұраулы, әрі күмәнді сөйлемдердің баяндауыштарының құрамында ма//ме…екен, екен-ау, ә деген сөздер болады.
- – Сол жаққа мен де барсам ба екен?
- – Мына мың болғыр бой бермей кетер ме екен?
Баяндауышының құрылысы күмәнды сұрақ формаларында немесе деймісің деген сөзбен келетін сұраулы сөйлемдер кейде бірдеңеге таңдану, таңырқау мағынасында да айтылады. Ондай сөйлемдер әрі сұраулы, әрі лепті болатындықтан, жазуда олардан соң сұрақ белгісі мен леп белгісі қатар қойылады: - Баяндауышының құрылысы күмәнды сұрақ формаларында немесе деймісің деген сөзбен келетін сұраулы сөйлемдер кейде бірдеңеге таңдану, таңырқау мағынасында да айтылады. Ондай сөйлемдер әрі сұраулы, әрі лепті болатындықтан, жазуда олардан соң сұрақ белгісі мен леп белгісі қатар қойылады:
- – Сізде де арман бар ма екен?!
- – Арық адамның көзі өткір болады екен-ау?!
- Кейбір сұраулы сөйлемдер жауап күту мақсатымен айтылмай, бірдеңенің жайын хабарлау мақсатымен де айтылады. Ондай сөйлемдерде риторикалық мән болады. (риторика гректің rhilos – шешен – деген сөзінен алынған) Риторикалық сұраулы сөйлемдер көркем әдебиетте жиі қолданылады:
- Күнде жақсы бола ма,
- Бір қылығы жаққанға?
- Оқалы тон тола ма,
- Ар-ұятын сатқанға?
- Ойлансаңшы Мағышым,
- Кімнің гүлі солмайды?
- (Абай)
- Енді жұрт машина мен мотоцикл іздейді, арбаны қайтсін?....
- Бұйрықты сөйлем біреуді
- іс істеуге жұмсау мақсатымен
- айтылады. Ондай мақсатпен
- айтылатын сөйлемдер жалаң
- бұйрық ретінде ғана айтылмайды,
- сонымен қатар кісінің еркін,
- талабын, кеңесін, тілегін,
- жалынышын т.б. білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |