Бұйрықты сөйлем, негізінде, ауызекі тілге тән. Көркем әдебиетте ондай сөйлем диологта жиі ұшырайды. Бұйрықты сөйлемдер етістіктің бұйрық және қалау райы арқылы жасалады. Олар сөйлемнің баяндауышы болып жұмсалады да, сөйлем түгелімен асқақ әуенмен айтылады.

Бұйрықты сөйлемдердің айтылу әуені оларды қандай мазмұнда жұмсалуына қарай түрліше болады. Егер бұйрықты сөйлем бұйыру, қатал талап мағыналарында жұмсалса, ол көтеріңкі дауыс екпінімен айтылады; егер кеңес, жалыныш, тілек мағыналарында жұмсалса, олар бәсең дауыспен айтылады.