Тақырып: Тізбек бөлігі үшін Ом заңы. Электр кедергісі. Толық тізбек үшін Ом заңы. Мақсаты: Білімділік



Дата04.08.2017
өлшемі53,78 Kb.
#22683
түріСабақ
Мұғалім: Алтынбеков Аян Серікұлы

8сынып


Күні: 7.12.2010ж

Тақырып: Тізбек бөлігі үшін Ом заңы. Электр кедергісі. Толық тізбек үшін Ом заңы.

Мақсаты:



Білімділік: Тізбек бөлігі үшін Ом заңын зерделеп, физикалық мағынасын, формуласын анықтау. Электр кедергісі, тәуелді болатын шамалар, өлшем бірлігі.

Дамытушылық: оқушылардың таным объектілерін салыстыра білуін, негізгілерді бөліп алып, қорытындылар жасай білу машығын жетілдіруіне жағдай жасау;

Тәрбиелік: Пәнге қызығушылығын, таным белсенділігін арттыру.

Көрнекі құралдар: амперметр, вольтметр, жалғағыш сымдар, шам, слайдтар, жеке карточкалар

Сабақ жоспары:

I. Ұйымдастыру кезеңі,үй жұмысын тексеру.

Экспресс-тест «Шартты белгілер»

ІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру

ІІІ. Есеп шығару.

IV. Жеке карточка бойынша өздік жұмыс

V . Қорытындылау

Сабақ барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі , үй жұмысын тексеру

Экспресс-тест «Шартты белгілер»



ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Тізбек бөлігі үшін Ом заңы. Электр кедергісі. Толық тізбек үшін Ом заңы.

Электр тогы деп электр зарядтарының реттелген қозғалысын айтады.

Өткiзгiштегi оң зарядталған бөлшектердiң қозғалыс бағыты электр тогының бағыты ретiнде алынады.

Ток күшi деп аталатын шама I электр тогының сандық сипаттамасы болады. Өткiзгiштiң көлденең қимасы арқылы бiр уақыт аралығында тасымалданатын заряд мөлшерiн ток күшi дейдi. Егер

өткiзгiштiң көлденең қимасы арқылы t уақыт аралығында q заряды тасымалданса, ток күшi тең болады.


Халықаралық бiрлiктер жүйесiнде СИ ток күшi ампермен (1 А) өлшенедi. Ол француз ғалымы Андре Мари Ампердiң атымен аталады.

Немiс физигi Георг Ом ток күшi тiзбектiң бөлiгiндегi кернеуге тура пропорционал екенiн тапты:

I~U .

Ол өткiзгiштi басқа өткiзгiшпен ауыстырғанда тiзбектегi кернеу дәл сондай, ал ток күшi өзгеше болатынын байқады. Демек, әр түрлi өткiзгiштер тiзбектегi ток күшiн әр түрлi шектейдi. Тәжiрибелер нәтижелерiн математикаша былай жазуға болады:




мұндағы 1/R -пропорционал коэффициентi, ол өткiзгiштердiң қасиетiне тәуелдi. Өткiзгiштiң тiзбектегi ток күшiн шектеу қасиетiн сипаттайтын шама кедергi деп аталады. Еркiн электрондардың кристалл торының иондарымен соқтығысуы өткiзгiш кедергiсiне себеп болады.

(5.3) өрнегi бойынша, ток күшi тiзбек бөлшегiндегi кернеуге тура пропорционал және сол бөлшектiң кедергiсiне керi пропорционал болады



(5.3) формула тiзбектiң бөлiгi үшiн Ом заңын өрнектейдi


Ом заңы бойынша өткiзгiш кедергiсi өткiзгiштiң ұштарындағы кернеудiң ток күшiне қатынасына тең:

Халықаралық бiрлiктер жүйесiнде СИ кедергi оммен (1 Ом) өлшенедi:





Көптеген тәжірибелердің негізінде тұрақты температурада өткізгіштің кедергісі оның l ұзындығына тура пропорционал, S көлденең қимасының ауданына кері пропорционал және оның жасалған материалына тәуелді болатындығы тағайындалды.



ρ- өткізгіштің меншікті кедергісі ,

Халықаралық жүйеде (57) меншікті кедергінің өлшем бірлігі

Әдетте, қимасының ауданы 1м2 өткізгіштер болмайтындықтан, меншікті кедергіні жүйеден тыс бірлікпен ернектейді

8-кестеде кейбір заттардың ρ меншікті кедергісінің мәндері берілген.


ІІІ. Есеп шығару.

19 жаттығу, № 5,6,8
5.Теңіздегі мүнай мүнарасын жағамен жалғайтын алюминий электр сымының көлденең қимасының ауданы 0,15 см2. Жағадағы оператор басқару орнында амперметр 4 А-ді, вольтметр 30 В-ті керсетсе, электр сымының мүнай мүнарасынан жагаға дейінгі үзындығын табыңдар.
6. 1800 м тереңдіктегі бүрғылау үңғымасына токты жеткізетін сымның кәлденең қимасының ауданы 6,2 мм2, жалпы кедергісі 4,7 Ом. Сымның меншікті кедергісін анықтаңдар.
8.Үзындығы 1 м, көлденең қимасының ауданы 1 мм2 никелин сымының кедергісі 0,44 0м-ға тең. Үзындығы 100 м, көлденең қимасының ауданы 0,5 мм2 никелин сымының кедергісін есептеңдер.

IV. Жеке карточка бойынша өздік жұмыс

I = 10 А ток t = 10 мин уақытта тасымалдайтын заряд.

A) 3000 Кл. B) 600 Кл. C) 6000 Кл. D) 0,6 Кл. E) 60 Кл.

Металл өткізгіш бойымен 320 мкА ток ағып жатыр.Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы әр секунд сайын өтетін электрондар саны



A) . B) C) D) E)

Ток күші 30 мкА. Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы 1 нс ішінде өтетін электрондар саны

(е =1,6∙10-19Кл)

A) B) C) D) E)

5 с ішінде өткізгіш қимасы арқылы өтетін заряд 50 Кл болса, онда ток күші

А) I = 200А В) I = 100А С) I = 2А D) I = 10А Е) I = 20А


Үй жұмысы : §38, 19 жаттығу, № 7

IV. Қорытындылау

Кафедра меңгерушісі Ескендирова Т.Н

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет