Зерханалық жұмыс №13
Ауа микрофлорасын анықтау
13.1.Ауа микрофлорасындағы микроағзалар
13.2.Ауа микрофлорасын зерттеу әдістері
Атмосфералық ауа мен жабық бөлмедегі ауа микроорганизмдердің сапалық және сандық құрамы бойынша айтарлықтай ерекшеленеді. Бөлмедегі бактериялар жиынтығыны (бактериальная обсемененность) атмосфералық ауа тығыздығына қарағанда жоғары, сонымен қатар ауаға науқас адамдар мен жануарлардан келіп түсетін (сөйлескенде, жөтелгенде аэрозоль құрамындағы ауа тамшылары жолымен, тері мен түктері бетінің эпителиінің түлеуінде, төсек жабдықтарының ластануы мен топырақтың зақымдалуы кезінде) патогенді түрлері бойынша.Ауа микрофлорасы көптеген құрғау, күн жарығының ультракүлгін сәулесі, температураның ауытқуы сияқты басқа да қоршаған ортаның жағымсыз факторларына жоғары төзімділігімен ерекшеленетін топырақ микроорганизмдері негізінде құралады. Әдетте ауадан Micrococcus, Bacillus subtilis, В. cereus vat: mycoides, В. Mesentericus туыстарының өкілдерін, Actinotnyces, Penicillium, Aspergillus, Mucor әр түрлерін бөліп алады. Ауыз қуысы мен мұрын қуысының шартты – патогенді микроорганизмдері (жасыл және гемолитикалық стрептококктар, гемолиткалық стафилакокктар) ауа үшін санитарлық көрсеткіштер болып табылады.
13.2Ауа микрофлорасын зерттеу әдістері
Ауа микрофлорасын зерттеу үшін түрлі әдістерді қолданады.
Седиментациялық әдіс (Кох әдісі, 1881 ж.) – беті ашық Петри табақшасындағы қоректік орта бетіне ауырлық күшінің әсерімен бактериалды бөлшектер мен тамшылардың шөгуіне негізделген әдіс. Әдетте Омелянский бойынша есептейді: 100 см2 қатты ортаға 5 минут ішінде 10 л ауада болатын бактериялар саны шөгеді. Дегенмен, кейінірек бұл көрсеткіштер 3 есеге дейін төмендеген. Қозғалыс жылдамдығының үлкен ауытқулары орын алатын атмосфералық ауа үшін аталған әдіс нақты емес және мүлдем жарамсыз саналады. Әдіс тек қана электр энергиясы мен едәуір жетілген құралдар борлмаған жағдайда ғана қолданылуы мүмкін.
Фильтрациялық әдіс (ауа сұйықтық арқылы үрленеді) – кейін түрлі орталарға егу үшін қолдауы мүмкін болатын бактерияларды сұйықтық ішінен ұстап алуға негізделген, Дьяконов құралы. Микробтық аэрозольді бумен немесе сұйықтықты себу арқылы шөктіретін әдіс – Речменский құралы. Ауа ағындарының арнайы құралдарды қолдану арқылы күшпен соғылу принципіне негізделегн әдіс – Кротов құралы. Ауа ағыны сына тәрізді тар саңлау арқылы келіп, жоғары жылдамдықпен дымқыл қоректік орта бетіне соғылады. Соғылу нәтижесінде ауада болатын аэрозольдар, сонымен қатар, құрамында бактериялар бар шаң бөлшектері мен тамшылар ЕПА немесе элективті қоректік орталардың бетіне келіп соғылады. Мұндай құралдың өнімділігі 20-дан 40 л/мин құрайды. Мұндай әдістер айтарлықтай сенімді әрі нақты келеді.
Ауа микрофлорасын седиментациялық әдіспен зерттеу. Қоректік ортасы бар (ЕПА) Петри табақшаларын ашық күйде еденнен әр түрлі деңгейде орналастырады. Ауаның санитарлық жай-күйін анықтау кезінде табақшаларды отырған немесе тұрған адамның тыныс алу дәрежесіне сәйкес келетін түрлі биіктіктерде орналастырады. Қоректік ортасы бар табақшаларды ауаның болжанған ластануына қарай 10-20 минут сайын орналастырып отыру қажет. Кейін олардың бетін жауып, 25°С-та 48 сағат бойы инкубациялайды, бұл өсуі үшін едәуір төмен температураларды қажет ететін бактериялар мен зең саңырауқұлақтарының өсуін ынталандырады. Екі табақшадағы өскен колониялардың жалпы санын есептейді, 250 колониядан аз болса, ауа таза болып есептеледі, 250-500 колония – орташа ластану дәрежесін көрсетеді, колониялар саны 500-ден жоғары болса ластанған болып есептеледі.
Омелянский ережесіне сәйкес 100 см2 ауданға 5 минут ішінде 10 л ауада болатын микроорганизмдер шөгеді (1 м3 1000 л-ге тең). Микробтық санды мына формуламен анықтайды: Х= а . 100 . 1000 . 5 / в . 100 . t,
мұндағы, Х – 1м3 ауадағы микроорганизмдер саны; а – табақшадағы колониялар саны; в – табақша ауданы; t – табақша беті ашық тұрған уақыт; 5 Омелянский есебі бойынша уақыт; 10 – 5 минут ішінде микроорганизмдер шөгетін ауа көлемі (литрмен); 100 – шөгетін аудан (сантиметр квадратпен); 1000 – зерттелетін ауа көлемі (литрмен).
Достарыңызбен бөлісу: |