Тақырыптық ашық тәрбие сағаты 7 – мамырға арналған «Сарбазы болам елімнің» Мақсаты



Дата10.10.2020
өлшемі19,04 Kb.
#64385

Астана қаласы № 63 «Әсем-Ай» балабақшасы

«Алпамыс», «Ақбұлақ» шағын орталығы

«Бәйтерек» мектепалды даярлау тобының

тәрбиешісі: Арзыкулова Роза Ширенбаевна

Тақырыптық ашық тәрбие сағаты 7 – мамырға

арналған «Сарбазы болам елімнің»

Мақсаты:  Балаларға 7 – мамыр Отан қорғаушылар күні мерекесі жөнінде түсінік беру. Ұлы Отан соғысының мазмұнын әңгімелеп осы соғыста ерлік көрсеткен батырлардың ерліктерін, жыл сайын жеңіс күнінің мерейлі мерекесін бүкіл халық тойлап отыратынын айтып, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың, бүгінде саны азайып қалған майдангерлердің рухына бас ие отырып, балаларды Отан қорғауға, Ұлы Отан соғысының батырларының ерлік істеріне тағзым етуге, батыл да ержүрек болуға үйрету. Елін, жерін жаудан қорғай білуге, елінің патриоты болуға тәрбиелеу. 
Тәрбиеші: - құрметті ұстаздар, балалар. Бүгінгі 7-мамыр Отан қорғаушылар күнімен және де 9-мамыр жеңіс күнімен құттықтаймыз. «Сарбазы болам елімнің» атты мерекемізді бастауға рұқсат етіңіздер.

(балалар сап түзеп тұрады) 


 Ән ұран айтылады.

Тәрбиеші:

Жауынгер біздің саңлақтар


Жауды жеңген солдаттар
Ардақта Отан- ел үшін
Бақытты туған жер үшін    
1:Тебіренді тауың, желпінді далаң,
    Көтерді көкке туларды ғалам.
     Жеңістің ұлы күнімен сені,
    Құттықтау үшін келіп тұр балаң.

 

2:Жеңіс келді далама,


   Жеңіс келді ән болып.
   Жеңіс келді қалама,
   Келді ауылға сән көрік.

3: Көлеңкесі жоқ көңілге күшті


    Алтын мамырдың сәулесі түсті.
    Дүниеге ұлы жеңіс келді деп,
    Көгіне тағы ұшырды құсты.

4. Жеңіс-күні бар әлемге әгілі


    Көктем шуақ тоғызыншы май күні
    Айтшы кане,біздің жеңіс шеруі
  Кездейсоқ па көктемге тұс келуі

5.Жеңіс келді ән болып

Келді ауылға сән көрік

Жеңіс келді алақай.

Ұмытылмас мәңгілік


6.Достықты біз қолдаймыз, 
Бірге күліп ойнаймыз. 
Ұлдарды да құттықтап, 
Мерекесін тойлаймыз. 

Ән: «Сарбаздар» әні. 
Тәрбиеші:-Балалар ,жер шары балаларының тілегі не?

Балалар:-Бейбітшілік болсын!

-Соғыс болмасын!

-Достық болсын!

-Адамдар бір-бірімен тату, дос болсын!

Тәрбиеші: -Біздің ата –бабаларымыз ұлдардың мықты, шымыр, епті болып өсуіне жіті көңіл бөлген. Ол үшін біздің қазақ халқында көптеген ұлттық ойындарымыз бар. Балалар айтыңдаршы қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?

-Аударыспақ

-Көкпар

-Күрес


-Асық ойыны

-Қыз қуу


-Қамшы тастау

-Тақия тастау

Олай болса жігіттеріміздің күшін сынау үшін сіздермен бір ойын ойнасақ ойынына екі ұлдан шықсын. Ортаға екі ұлдан шығып күш сынасады.

Ойын: «Қол күрес»
7.Достарды біз қолдаймыз, 
Қиын шақта қорғаймыз. 
Біздің топта ұл-қыздар, 

Тату тәтті ойнаймыз

8:Әуеге асқақтаған өлеңіміз, 
Бақытты байтақ елдің бөбегіміз. 
Әрқашан тауларға біз жиі шықсақ, 
Сол таудай асқақ болсын өнеріміз. 


9:Жарысып ойнап желменен, 
Биікке талмай өрлейміз. 
Еш шаршауды білмейтін
Қашанда қайсар өренбіз. 


10:Ұлы елдің әлпештеген ұланымыз, 
Сол елге лайық болу ұранымыз. 
Құлпырған еліміздің ұл- қызымыз, 
Ертеңгі жарқыраған жұлдызымыз. 
11:Көңілін қиял кернеген, 
Өмірін шаттық тербеген. 
Ертеңге қанат сермеген, 
Қашанда қайсар ұланбыз. 

12:Мен баламын балдырған, 
Түнде ұйқысын қандырған. 
Қорықпаймын бас бұғып, 
Жауған қар мен жаңбырдан. 

Би:«Ақ көгершін» қыздардың орындауында
Тәрбиеші: -Балалар, шымыр да деніміз сау болып өсуіміз үшін не істеуіміз керек айтыңдаршы?

-Таңертең жаттығу жасау керек

-Спортпен шұғылдану керек

-денемізді таза ұстауымыз керек

-тек пайдалы тағамдарды жеуіміз керек

Тәрбиеші: - дұрыс айтасыңдар балалар. Мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр. Сендер ден саулығы мықты, үлкен азамат болу үшін қандай тағамдарды тұтыну керек екенін білесіңдер ме?

-Олай болса пайдалы тағамдарды анықтаңдар.



Дидактикалық ойын: «Пайдалы тағамдарды анықта»

Балалар берілген карточкалардың ішінен пайдалы тағамдарды көк ыдыстың ішіне, зиянды тағамдарды кызыл түсті ыдыстың ішіне салады. Карточкаларды салып біткен соң, тәрбиеші дұрыс салынғандығын тексереді.



13:Пайдаң тиіп Отанға, 
Риза болсын халқымыз. 
Аман болсаң қашанда, 
Қуанамыз бәріміз. 


14:Мен кішкентай балдырған, 
Болам жігіт зор әлі. 
Қазақстан жалауын, 
Көтеретін жоғары. 

15Жеңіс келді ән болып, 
Келді ауылға сән көрік. 
Жеңіс келді алақай, 
Асыр салып қуантып. 
16:Жеңіс күні құтты болсын,
Құтты болсын Аталар!
Ұмытпайды ешқашанда
Жауынгерді балалар.

17:Ей жігіттер!

  Сендерге артар міндет көп.

 Көтер биік ата салтын құрметтеп

 Ақтай білсең ата-баба үмітін

Әрбір сөзі – тәлімі мол бір мектеп.



 18:Буырқанып тұрса да барша маңым,

  Ақ сұңқардай дауылға қарсы ағамын.



 Қиындықты алмастай қиып өтіп,

“Жаса, Бейбітшілік! – деп жар саламын.
Ән «Әрқашан күн сөнбесін» хормен.

Жүргізуші: Осымен «Біз Отанның сарбазы» атты мерекелік ашық тәрбие сағаты аяқталды. Аспанымыз ашық болсын, бейбітшілік болсын, еліміз тыныш болсын!Тыңдап, көргендеріңіз үшін көп-көп рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет