ШЖМ – нің оқу - тәрбие үрдісінің бірнеше өзіндік ерекшеліктері бар: - біріншіден, сабақтың ерекшіліктері: бірнеше сыныппен бір уақытта жұмыс істеу сабақтың құрлысын анықтауды, оқушы мен мұғалімнің дұрыс ұйымдастыруды қажет етеді, өзіндік жұмысты мұғалім әр сынып сайын міндетті түрде ұйымдастырып отыруы тиіс; - сабақтын екінші ерекшелігі - тікелей мұғалімнің басшылығымен атқарылатын жұмыстың оқушының өздік жұмысымен алмастырыла жүргізілуі; Осы екі ерекшелік - ШЖМ - нің негізгі мектептен төмендегі ерекшелігін туғызады: - бір сыныптын өздік жұмысына бөлінген уақыт мұғалімнің басшылығымен жұмыс істеп отырған келесі сыныпқа бөлінген уақытқа байланысты; - екіншіден, 3 - 4 сынып қатар оқытылғандықтан, сабақ кестесін, сабақ жоспарын дұрыс жасау, оқушылардың өздері орындайтын жұмыстарын шебер ұйымдастыру, сабақ уақытын дұрыс, тиімді пайдалану қажет