Тайм-менеджмент



Pdf көрінісі
бет10/105
Дата18.11.2022
өлшемі2,81 Mb.
#158775
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   105
Байланысты:
tajm-menedzhment

Тайм-менеджмент
Тайм-менеджмент – тек құрал ғана емес, ол – айналаға
басқа көзбен қарауды үйрететін тың көзқарас.
Бұл жаңа көзқарастың негізі мынадай қарапайым ақиқатты
түсінуде жатыр:


Өмір адамға бір-ақ рет беріледі. Өмірдің соңында бос
өткен 
уақыттар 
үшін 
«ар-ождан 
азабына» 
душар
болмайтындай өмір сүру қажет. Ал ақыреттегі мәңгілік
өмір бұл жалғанды қалай өткізгенімізге байланысты
болғандықтан, жер бетіндегі бір-ақ рет берілетін мүмкіндік
саналған 
өмірімізге 
асқан 
мұқияттылықпен 
қараудың
маңыздылығы арта түседі.


Уақыт – адам өмірінің құрамдас бөліктері. Басқа
қорлардың барлығы өмір барысында жоғалып, қайта
табылуы мүмкін. Ал уақыт тек қана келмеске кетіп, өте
бермек.


Уақыт пен ондағы адамның әрекеті қайтарымсыз. Жасалған
әрекетті ой елегінен өткізіп, кейбірін түзетуге, күнә болса
тәубе етуге, адамдардың кешірімін алуға болады, алайда
ешкім де болған жайтты түбегейлі жоюға қауқарлы емес.
Тайм-менеджмент – орны толмас өмірлік уақыттарды жеке
құндылықтарыңыз бен мақсаттарыңызға сай саналы түрде әрі


ақылмен қолдану.
Тайм-менеджмент – жай ғана күнделік пен жоспар емес. Ол
– өміріңіздегі орны толмас уақыт қорын мақсат-мұратыңыз
бен құндылықтарыңызға сай қолдануға жағдай жасайтын
әдістер жиынтығы.
Бұл түсініктің негіздері:

Таңдау еркіндігі. Таңдау еркіндігі адамның ішкі жан
дүниесі мен санасынан бастау ала отырып, өмірге деген
көзқарасына өтіп, адам әрекетінің еркіндігі мен әлемді
өзгерту еркіндігіне дейін мүмкіндік береді.

Жауапкершілік. Адам баласы өмірін қалай өткізгеніне,
уақытын қалай жұмсағанына Алланың әрі ұжданының
алдында жауапты. Ал санасыз түрде өмірдің ағысымен
жүре беретін, өмірін реттеу үшін ешқандай да ерік-жігерін
қолданбайтын, өз өмірі мен уақытына байланысты
жауапкершілікті өз мойнына алмайтын жанды «адам» деуге
келе ме?

Даму. Түрлі деңгейде әрі түрлі салада өз-өзін дамытуға
көңіл бөліну қажет. Өмір – даму уақыты, кемелдену
уақыты, алға ұмтылу уақыты.
Тайм-менеджмент – барлығына да керек құрал. Жұмыс
барысындағы адам, үй шаруасындағы әйел, оқудағы студент
пен оқушы, барлығы-барлығы да уақытқа мұқтаж. Ал уақыт
болса шектеулі. Сол шектеулі уақытта барлық істерін орындап
бітіру үшін уақыттың маңызын түсініп, тиімді пайдаланудың
жолдарын үйреніп, ысырап етуден аулақ болу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   105




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет