Тайм-менеджмент


«Сондай-ақ ол күні (қыруар нығметке бөленіп)



Pdf көрінісі
бет24/105
Дата18.11.2022
өлшемі2,81 Mb.
#158775
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   105
Байланысты:
tajm-menedzhment

«Сондай-ақ ол күні (қыруар нығметке бөленіп)
қуаныштан бал-бұл жанған қуанышты жүздер де
болады. 
(Дүниеде 
жүріп 
ақырет 
үшін) 
еткен
еңбектерінің жемісіне дән риза болған (жүздер)»
47
деген
Құран аятында сүйіншіленген адамдардың қатарында болуға
біздің де мүмкіндігіміз бар. Сондықтан ол күн келмей тұрып
сол күнге қамдануға барымызды салуымыз қажет.
Мұндағы өлімді еске алу дегенді дұрыс ұғына білуі өте
маңызды. 
Керісінше 
жағдайда 
жоғарыда 
келтірілген
ұстанымдар қате түсініліп, дүниеден, өмір сүруден толықтай
бас тарту мағынасында жорамалдануы ғажап емес. Ал
хадистерден ондай мағына шығару сол хадистер жеткізуге
тырысқан өмірлік сабақты дұрыс түсінбеу деген сөз. Өлімді
ойлау бізді қорқыныш пен үрейге бой алдырып, аяқ-
қолымызды тұсаулап қоятын болымсыз жағдай күйінде емес,
ісімізді кейінге қалдырмай, уақыт барда орындап үлгеруге
итермелейтін шабыт сыйлаушы кейіпінде болуы қажет.
Істің ең абзалы – аз да болса, тұрақты жасалғаны
Уақытты тиімді пайдалану мәселесінде маңызды жайттардың
бірі – тұрақтылық. Яғни, күнделікті белгілі бір уақытта бірдей
іспен айналысуды негізге алғанда оның әдетке айнала алуы
анық. Жұлдыздай жанып жоқ болатын, асқан құлшыныспен
басталып, су сепкендей басылып қала беретін шешімдер мен
әрекеттер хадистерде құпталмайды. Немесе уақыты келгенде
тынбай ғибадат етемін, адамдарға көп жақсылық жасаймын,
қыруар қаржы садақа беремін дегендей ізгі амалды кейінге
қалдырып, барлығын болашақтың еншісіне жинап қою да
дінімізде дұрыс саналмайды. Шамадан тыс ғибадат етуге
талпынған жандардың қалауларын естігенде не солай жасап
жүрген адамдардың әрекеттерін көргенде Алла Елшісі (с.а.с.)
былай деген: «Аллаға ең ұнамды амал – аз да болса, тұрақты
жасалғаны».
48


Осыған ұқсас риуаяттардан Пайғамбарымыз (с.а.с.) адамдарға
әрдайым күші жететін, мүмкіндігі болатын істермен айналысуға
кеңес бергенін көруге болады. Айша анамыздың (р.а.) әрбір
ісінде осы ұстанымды қағида еткені белгілі.
49
Адам құлшынысынан айырылып қалмау үшін әрдайым
мақсат-мұраты мен арманын есінде ұстауы қажет. Ниетін
нақтылап, қай бағытқа жол тартқанын ұғына білуі тиіс. Одан
соң істерін белгілі бір бөліктерге бөліп атқарғаны жөн. Әрбір
сәтті қадамының жетістігіне қуана алғанда адам санасы ол істі
оң қабылдап, тағы да жасауға құлшыныс пайда болады.
Мысал:
Өзіне көбірек тапсырма беруін өтінген шәкіртін ұстазы тамақтануға
алып барады. Шәкіртін өз қолымен тамақтандыруға кіріскен ұстазы оған
тамақты қасықтап бере бастайды. Бірінші қасығын аузына алған шәкірт
тамақтың дәмін татып, енді ләззәт ала бергені сол еді, ұстазы оның
аузына тағы бір қасық тамақ салады. Оны да шайнап болмай жатып,
келесісін әкеледі. Солай жалғастыра береді. Шәкірті тамақты тез
шайнаймын деп, дәмін сезуден қалады. Ақыры шыдай алмай ұстазынан
қайда асығып жатқанын сұрайды. Ұстазы бұл шәкірттің өз қалауы екенін
айтады. Көреген ұстазын бірден түсіне қоймаған шәкіртіне мәселенің мән-
жайын былай түсіндіреді: «Сен бастапқы тақырыптарды толық түсінбей
жатып, жаңа тапсырмалар беруді сұрадың. Алайда алдыңғы
тапсырмаларды орындамастан бұрын жаңасын үстемелеп беру онсыз да
тамаққа толы ауызға үсті-үстінен тамақ сала берумен тең. Жаңа
тапсырма алуға асықпа. Бұрынғы дана кісілер «Асықпай тез істе» деп
айтатын. Өмірдің әрбір тапсырмасын асықпай, қуанышпен әрі ынтамен
орында».
50


Өмірдегі әрекет ету жылдамдығымыз біздің көңіл-күйімізге
әсер етеді. Егер тым асығыстық жасап, өзімізге шамадан тыс
көп жұмыс алатын болсақ, әдетте қуанышқа кенелтетін
істердің өзі күйзеліске әкеліп соқтыруы ықтимал. Ал тым баяу
қимылдайтын болсақ та, одан жалығып, жалқаулыққа
салынып, 
көңіл 
жабырқайтын 
болады. 
Әрекет 
ету
жылдамдығымыз біздің ахуалымызға тікелей байланысты.
Мықты денсаулық (физикалық әрі психологиялық) өмірдің
сапасын төмендетпестен, көбірек тапсырма орындай отырып,
жылдамырақ әрекет етуге мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   105




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет