Тайм-менеджмент



Pdf көрінісі
бет25/105
Дата18.11.2022
өлшемі2,81 Mb.
#158775
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   105
Байланысты:
tajm-menedzhment

Аз іс – үлкен нәтиже
Кез келген істі аз-аздан болса да тұрақты түрде атқаруды
жалғастыру адамға ауқымды жұмыстарды да бітіре алуға
мүмкіндік береді. Сол арқылы ісімізді кейінге қалдырмай, дер
кезінде орындауды үйрене аламыз.
Тайм-менеджмент «дастарханы» деген атаумен осы құнды
әдетті 
қалыптастыратын 
қағидаларды 
назарларыңызға
ұсынамыз:
1. «Пілді кесек еттерге бөлу»
Орындау керек тапсырма ауқымды әрі маңызды болып,
бірақ жедел болмаған жағдайда адамның оны орындауға өз-
өзін көндіруі қиынға соғады. Мұндай істерді тайм-менеджмент
тілінде «пілге» теңейді.
Піл – ауқымды, ауыр, көп тер төгуді қажет ететін, көбіне
жалықтыратын әрі белгілі орындалу мерзімі болмайтын істер.
Мұндай істердің мысалы төмендегідей:


Диссертациялық жұмыс жазу;


Үйге жөндеу жұмыстарын жасау;


Шет тілін үйрену;


Дене бітімін қалыпқа келтіру;


Денсаулығын жақсарту;


Ғылыми жобамен айналысу;


Кітап жазу;


Құран жаттау.


Адам баласы көбіне түймедейді түйедей қылуға бейім
болғаны секілді мұндай істерді де қиындатып, «пілді» барынша
үлкейтіп, орындап бітіру мүмкін еместей қылып елестетеді.
Мұндай ауқымды істерді орындауды қиындататын ең басты
мәселе – нәтиженің бірден болмауы. Адам бірнеше қадам
жасағаннан соң бірден нәтижесін көре алмаған кезде ол
нәтиженің болатындығына сенімі де сөне бастайды. Онымен
бірге қорқыныш та пайда болады. Солайша мақсатына жетуді
мүмкін еместей көре бастайды.
Мұндай қорқыныш пен үмітсіздіктен арылып, ауқымды
тапсырманы аяғына дейін жеткізіп, «пілді» толықтай жеп
тауысудың ең дұрыс жолы – оны кішкене «кесек еттерге»
бөліп, күнделікті бір бөліктен «жеп отыру». Әрбір бөлігі бір
күнде орындалуы мүмкін көлемде әрі бірте-бірте бізді алға
қойған мақсатқа жақындата түсетін болуы шарт. Ол үшін бұл
бөліктер SMART қағидасына сай бөлінген болуы қажет:


Specific – нақты;


Measurable – өлшеуге болатын;


Achievable – қол жетімді;


Relevant – маңызды;


Time bound – уақытпен шектелген.
Осылайша ауқымды істі күнделікті (апталық) орындау қажет
кішкене бөліктерге бөлу арқылы оңай аяқтай аламыз.
Жалпылама түрде тапсырманы орындау қажет деп қана
қоймай, күнделікті белгілі бір бөліктерін орындауды мақсат
тұтамыз.
51


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   105




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет