Тайм-менеджмент


Жалқаулық та уақытты өлтіруші



Pdf көрінісі
бет39/105
Дата18.11.2022
өлшемі2,81 Mb.
#158775
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   105
Байланысты:
tajm-menedzhment

Жалқаулық та уақытты өлтіруші
Уақытты босқа өткізетін, уақыттан ұтылдыратын себептердің
бірі – жалқаулық. Жалқаулық – адамның алға ұмтылып, биік
шыңдарды бағындыруына кедергі жасайтын кесел. Жалқаулық
– тәнге рақат сыйлап, жанға жара салатын дерт.


Сонымен қатар жалқаулық пен еріншектік – арлылық деген
асыл қасиеттен жұрдай қылатын жаман әдет. Арлы адам –
ешкімнен қол жайып ештеңені сұрамайтын, өзге біреудің
көлеңкесінде өмір сүруді қаламайтын жан. Сонда бұл –
жалқау адамда ұяттың, намыстың болмайтындығын аңғартса,
хакім Абайдың 38-ші қара сөзі де: «Күллі адам баласын қор
қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: әуелі –
надандық, екіншісі – еріншектік, үшінші – залымдық деп
білесің. Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны.
Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бәрі осыдан
шығады»
67
деу арқылы осыны дәлелдеп тұр. «Диқаншы нанын
жейді, еріншек арын жейді» деген нақыл да дәл айтылғандай.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының бұрынғылардың сөзін келтіре
отырып айтқан мына түсіндірмесінде жалқаулықтың зияны мен
одан арылу жолдарын көре аламыз: «Кедейлік үш ағайынды
болады: үлкені – кежірлік, ортаншысы – еріншектік, кенжесі –
ұйқы. Кежірліктің тамыры желкеде болады. Кежір кісінің
желкесінен тартып, қаңтарып қойған қырық қаңтаруы болады.
Бірі жіберсе де, бірі жібермей, ішетұғын астан, алатұғын олжадан
құр қалдырады. Жалқаулықтың тамыры жерге отырарлық
дүнбенің алақан аясындай айналасында болады. Орнынан
қозғалып тұрғысы келмейді, шайқалып отыра береді. Ұйқының
тамыры шынтақта болады. Ұйқышы болатұғын қу шынтағын жерге
тіреп жата береді. Тілалғыш, елгезек болып үйрен, кежірліктен
құтыласың. Тіпті дәнеме қылмасаң да, жаяу аяңдап, олай-былай
жүріп үйрен, жалқаулықтан құтыласың! Дүние-ақыреттің бірі
болмаса, бірінің уайымын ойлап: «Қалай қыламын, қайтіп есебін
табамын?!» – деген ойға түс, ұйқышылықтан құтыласың. Бұл
үшеуінен құтылсаң, әр нәрсеге жетеді. Бұл үшеуі: бірі желкеңнен
тартып, біреуі дүнбе құйрығының жерге қарай жабыстырып, бірі
шынтағыңнан қисайта құлатып жібермей, табандап жатқан соң,


қолың қайда жетсін?! Өзіңнен-өзің құйрығыңнан кейін қарай
кетіп, қор боласың».
68
Осылайша жалқаулық атты кесел адамды жұмысынан тежеп,
істен алшақтатып, қол қусырып отырғызып, қарап жатқызып,
қайран уақытын бос өткізеді. Сондықтан уақытты өлтіруші
болған мұндай дерт пен дұшпаннан арылуға тырысу қажет.
Жарым
Кердең-кердең жүресің сен, не таптың?
Мен айтайын – айнымайтын жар таптым.
Күндіз-түні жар қойнында жатамын,
Естімеймін уын-шуын жан-жақтың.
Қанша құшсам-дағы сусын қанбаған,
Жан жарым бар, неге керек мал маған!
Жұрттың бәрі-ақ: «Оңбаған жан!» – дей берсін,
Жан жарым бар, неге керек ар маған?!
Жарым күншіл, көз салдырмайд жан-жаққа,
Жібермейді жұмысқа да мансапқа.
Сондай ерке, оны құшып, керіліп,
Күндіз-түні күңірене бер тек жат та.
Әкем маған: «Сауда қылып, мал тап!» – дейд,
Жарым маған: «Мал деген не, тек жат!» – дейд.
Елім маған: «Елге еңбек қыл!» – дегенде,
Жарым маған: «Жатқан адам бекзат!» – дейд.
Жар айтқан соң, жаннан жақын көрген жар,
Жардың тілін алмауға не дәтім бар?!
Тілін алдым – үйден, елден айырылдым,
Бірі де жоқ – мал да, ел де, намыс, ар.
Жар жат дейді, жатамын да жатамын,
Mac адамдай бос ойға ылғи батамын.
Ашылғанда ұйқыдан көз, бар ісім -
Қылжалаңдап, жоқты-барды шатамын.
Әрине, енді мені мақтар пенде жоқ,
«Жап-жақсы еді, жар аздырды-ау!» – дейді көп.
Жұрт сөзі не? Жан жарымның қойнында
Жата берем: «Жаным, жаным, жарым!» – деп.


Бұл жарым кім? Тапшы қәне. – «Денсаулық?»
Сен дейсің ғой: «Алма бетті, ақ жаулық...»
Жоқ, жолдасым, адасасың, айтайын:
Жарым менің – аты шулы жалқаулық!
Мағжан Жұмабаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет