басқалардың жұмысын жасаған-жасамағанына қарамастан, тек
Аллаға
тәуекел ете отырып, өз жауапкершілігіндегі істерді
барынша толыққанды орындауы тиіс.
Содан кейін әлсіздік пен өзіне сенімсіздіктен пайда болатын
және істі атқаруды бір-біріне сілтеу деп аталатын салғырттық
дұшпаны кезігеді. Бірақ мұсылман жан керісінше өзінің ісін
дұрыс атқарып, басқаларға сілтеп қоюдан аулақ болуы тиіс.
Себебі адам өзі тура жолда болса, адасқандар оған кесірін
тигізе алмақ емес.
Ендігі кезекте Алланың
ісіне араласу дейтін дінсіз, имансыз
дұшпан шығып, талпынысты көр етеді. Мұндай дінсіздік пен
имансыздыққа қарсы тұру үшін Алла Тағала бұйырғандай тура
болып, Оған қарсы шықпау қажет болмақ.
Мұнан кейін бүкіл машақаттың қайнар көзі, күллі
азғындықтың
ұясы
рақатқұмарлық
келеді.
Адамның
талпынысын тұсаулап, пақырлық зынданына құлатады. Алайда
адам баласы керісінше
рақатқа еңбек ету арқылы қол
жеткізілетінін ескеруі қажет. Себебі адамға өз еңбегінің ғана
қарымтасы беріледі. Адамның жан рақаты машақаттың ішінде.
Табиғаты тынымсыз адам баласының рақаты тек еңбек пен
бейнетте.
•
БОС УАҚЫТТЫ БОС ӨТКІЗБЕУ
Адам баласының немқұрайлылығы мен ұмытшақтығы себепті
көп жасайтын қателіктерінің бірі – уақытты ысырап ету. Өмір
– Алла Тағаланың әрбір жаратылыс иесіне тек бір рет
қолдану үшін ғана берген және белгілі бір уақытпен шектеген
өте құнды нығметі. Сондықтан
уақытты оның құнына сай
амалдарға жұмсау шарт.
Технологияның өмірімізде ойып орын алған заманында бос
уақытымыздың артуы себепті Исламның бұл мәселедегі ақыл-
кеңестері мен бағыт-бағдарларының маңызы арта түскеніне
сенеміз. Жалған дүниенің ләззатына берілген адамзаттың жан
тыныштығынан айырылуы бос уақыттарын қалай өткізгеніне
байланысты туындап отырғанында дау жоқ. Себебі қолы бос
адам бірден
өзіне пайдалы іс таба қоймаса, уайымға
салынып, күйзеліске ұшырайды және одан арылу үшін зиянды
істермен айналысып, ойып-сауыққа беріледі. Ойын-сауық
болса, адамды бірте-бірте азғындыққа жетелейді. Сондықтан
уайым-қайғы азғындыққа жол ашушы болып табылады. Олай
болса, дініміздің бұл мәселе төңірегінде де адамзатқа айтары
бар екендігі талассыз.
Достарыңызбен бөлісу: