Эпидемиологиялықерекшеліктері. Күйдіргі жаз - күз мезгілінде жиі таралады. Көбіне үлкен жастағы адамдар ауырады. «Күйдіргінің топырақтық ошақтары» - ауру малды көмген жер, ауру малдарды көметін аймақ. Споралармен ластанған аймақтың топырағында қоздырғыштар көп жылдап сақталып қана қоймай, онда қолайлы жағдайда (+32+35 температура, жоғары ылғалдылық) өніп, көбеюі де мүмкін, сондықтан «күйдіргінің топырақтық ошақтары» өте қауіпті. Қазақстанда 3,3 мың ауруханалы қауіпті пункттер тіркелген, ОҚО – 216. ОҚО соңғы 40 жыл аралығында ең жоғары сырқаттану деңгейі тіркеледі, күйдіргіге қарсы егу жасалмаған малдардан жұғып отырады.