Талас ауданы, Қаратау қаласы Мектеп -лицейі


Сонымен, Шыңғыс ханның тегі кім?



бет2/3
Дата12.04.2023
өлшемі441,55 Kb.
#174340
1   2   3
Байланысты:
Ханша Дария жоба

Сонымен, Шыңғыс ханның тегі кім?

  • Шыңғыс ханның шығу тегіне байланысты соңғы кезде әлем ерекше қызығушылық таныту­да. Моңғол зерттеушілері Шыңғыс ханды моң­ғол десе, қытайлық тарихшылар оның тегін қытай халқынан іздестіреді. Украин зерт­теу­шілері де қағанның тегінен дәмелі. Мәскеу­лік ге­нетиктер Моңғолиямен шекаралас болған Тува, Бурятия және Қалмақстан тұр­ғындарының 1,7 пайызында, тіпті, Алтай қа­зақтарында қаған­ның ДНК-сы 8,3 пайыз деп әлем­ге жар салып отыр. Шыңғыс ханның жоғарыдағы аты атал­ған халықтардың тегіне жататындығы туралы ешқандай тарихи дерек жоқ. Айтатында­ры - олардың халқының кей­біреуінде Шыңғыс хан­ның ДНК-сы (V хромасома) бар дейді.
  • «Ал енді осыны айтып отырған ғалымдар­дың қолында Шыңғыс ханның өзіне тән ДНК бар ма? Әрине, жоқ. Моласы, сүйегі табылмаған соң ДНК қайдан болсын?» деп тұжырымдайды ғалым Төреғали Тәшенов. ДНК оның қай жақындарынан алынғаны да белгісіз.
  • Ғалым М.Қарғабаевтың ұзақ уақыт жүргізген зерттеу жұмысында Шыңғыс хан Арыс бұтағының Жалайыр тармағынан тарайтын түркі деп нақтылайды. Тайпаның аты ағайынды Жал және Айыр аттарының біріктірілген түрімен аталады. Рудың таңбасы айыр түрінде беріледі. Мұндай таңба Шыңғыс хан заманынан да көп уақыт бұрын болған. Шыңғыс хан және оның ұрпақтары ата-бабаның дәстүрін бұзбай әрқашан жалайырдың осы белгісін күні бүгінге дейін сақтап келеді деген уәж айтады автор.
  • Шыңғыс ханның тегі туралы әлі де талай еңбектер жазылып, әртүрлі талас пікірлер туындар. Өйткені кім де болса, әсіресе ғалым­дардың өз көзқарастарын білдіруі - құптарлық іс. Бұл мәселенің шешілу кілті - біздің пікі­рімізше, ұлы қағанның сүйегін тауып, оған тегін анықтайтын (ДНК) талдау жасалып, бұл­тартпайтын дәлел анықталмайынша, әрқилы жорамалдар жалғаса береді.
  • Ендігі үлкен мәселе қайда жерлеу керек?
  • Шыңғыс ханның сүйегін табу үшін моң­ғолдармен қатар америка, жапон, француз, орыс ғалымдары да біраз тер төккен. Іздеу-зерттеу жұмыстары әлі жалғасуда. Оның өмірін 20 жылдан бері зерттеп жүрген америкалық ғалым Клавдистің пікірінше, бұл жұмбақ ұзақ­қа созылмайды.
  •  
  • Жоғарыда айтылғандардан шығатын қорытынды: Шыңғыс ханның өмірі тарих қойнауы­на тереңдеген сайын, оның беймәлім беттері де қоюлана түседі, ал олардың сырларын ашу алдағы ғасырлар еншісіне тиері сөзсіз. Олай болып жатса, ол сол кезеңнің ұлы кереметтерінің арасынан орын алатынына күмән жоқ.
  • Шыңғыс хан ұрпақтарының шежіресі
  • Шыңғыс ханның 500 әйелі және көңілдесі болған. Бірақ басты әйелдері болып тек бесеуі есептелетін. Олар:
  • Бөрте — қоңырат тайпасынан;
  • Құлан — меркіт тайпасынан;
  • Есуқат— татар тайпасынан шыққан;
  • Гунджу — Алтан ханның қызы;
  • Есулан — жоғарыда аталған Есуқаттың сіңлісі.
  • Осылардың ішінде тек Бөрте Шыңғыс ханның нағыз құрмет-ті және үлкен әйелі болған. Бөртеден ханның 4 баласы тараған: Жошы, Шағатай, Үгедей, Төлей-Төле. Осы төрт кулуктар «алтын руды» ру басшылары болып есептелген. Осы алтын рудың — алтын ұрықтың бөлшектенуі, Моңғол империясының ылырауы нәтижесінде Шыңғыс ханның ұрпақтарында бірнеше паралельді әулеттер құрылды: Жошы әулеті Дешті-Қыпшақта билік етті.
  • Ғалымдар Шыңғыс ханның денесі үш өңірдің бірінде жерленуі мүмкін екенін айтады. Біріншісі - Ішкі Моңғолия, екіншісі - Чита облысының (Ресей) оңтүстігі, үшіншісі - атақты адамдардың жерленген жері табылған Биндер тауының етегі. Алғашқы екеуіне қарағанда, соңғы болжам шындыққа жақындайды, өйткені, Шыңғыс хан дәл осы өңірде дүниеге келген. Кіндік қаны тамған жерге жерлеу де көптеген халықтардың, әсіресе, түріктердің салтында бар емес пе? Археолог ғалымдар Биндердегі қорымның бір зиратынан табылған қару-жарақтар мен әшекейлі заттар Шыңғыс хандыкі болуы мүмкін деген болжам жа­сап отыр.
  • Осы үш өңірдің қатарына Қазақстанды да қосуға болатын сияқты. Себебі қаған қайтыс болған кезде Аягөз маңында Бөрте бәйбіше жайлауда отырғанын, Шыңғыс ханның осы маңда да көз жұмуы, оны бәйбішесіне алып келуі мүмкіндігі туралы айтқанбыз. Қай халықтың да өлген адамды кешіктірмей туған жер қойнауына беруі ертеден келе жатқан салт-дәстүр. Қағанды туған жеріне жеткізудің қашықтығына және ауа-райының ыстығына байланысты әрі қарай жүру қиын болғандықтан, үлкен ұлы Жошының сүйегінің Ұлытауда жатқанын ескеріп, оның денесін сол Аягөз маңында жерлеуі мүмкін.
  •  


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет