Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз



Дата26.01.2022
өлшемі16,58 Kb.
#114833
Байланысты:
Документ (1)


АСТАНА. 1 тамыз. ҚазАқпарат - Жаздың ыстығында күнге және ыстық құмға қыздырыну, салқын суға шомылу жанға сондай жайлы. Су сенің досың және дұшпаның.

Жас балалардың суға шомыла білмеуі, адамдардың суда қауіпсіздік ережелері, шараларын орындамауы орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатады. Сондықтан осындай келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін, төмендегі ережелерді орындаған жөн:

I. Суда шомылудың қауіпсіздік шаралары
- Суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз.
- Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз.
- Суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылыңыздар.
- Өте ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді шаршауға және тоңып қалтырауға дейін жеткізбеңіз.
- Суға түскенде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыз.
- Қоршау белгілерінен, буйлардан тысқары аумаққа шықпаңыз.
- Техникалык ескерту белгілерінің, буйлардың және басқалардың үстіне шығушы болмаңыздар.

II. Көлдерде, тоғандарда, тоқтау сулар мен шалшық суларда шомылудың қауіптері


Өзендер мен көлдерде, тоғандарда, тоқтау сулар мен шалшық суларда шомылудың қауіпі мол, себебі инфекциялық аурулардың қоздырғыштары ағын суда: Іш-сүзегі 183 тәулік, дизентерия 12-92, оба 4-92, туляремия 7-31, бруцеллез 4-45 тәулікке дейін өмір сүреді.

III. Аяқ-қол тырысуы (судорога) болғанда сіздің іс-әрекетіңіз


Суық суда шомылу қол-аяқтың тырысып қалуына әкеліп соғады.
- егер тырысу болғанда жүзуді тоқтатып суға арқаңызбен шалқалай жатыңыз, сабырлық сақтаңыз.
- Қолыңыздың саусақтары тырысып қалғанда жұдырығыңызды түйіңіз, қолыңызды бір жаққа қарай серпе лақтырып, жұдырығыңызды ашыңыз.
- Балтыр бұлшық еті тырысқанда бүгіліп қолыңызбен аяғыңыздың басын қысып бар күшіңізбен өзіңізге қарай тартыңыз, немесе аяғыңызды судың астына созып, аяғыңыздың бармақтарын алға иіңіз. Содан соң балтырыңызды сылаңыз.
- Тырысу қойысымен тынығып алып, жүзудің басқа әдісімен жағаға шығыңыз.

IV. Су иірімінен шығудың тәсілдері


- Егер иірімге тап болсаңыз, кеудені кере дем алып, иірімнің астына сүңгіңіз.
- Судың астында иірімнен алысырақ кетуге тырысыңыз.
- Иірімнен алыстаған соң судың бетіне қайта шығып жағаға қарай жүзіңіз.

V. Суда қатты шаршаған кездегі іс-әрекет


Суда ұзақ шомылу шаршап - шалдығуға әкеліп соғады.
- Егер суда шарашасаңыз немесе тоңсаңыз тез арада жағаға қайтыңыз. Сабыр сақтаңыз.
- Әлсін - әлсін шалқалай жатып дем алыңыз, күшіңізді үнемдеңіз, өзіңізді және уақытты бақылау үшін, жаймен дауыстап санаңыз.
- Егер өз күшіңізбен жағаға жете алмайтыныңызды сезінсеңіз шалқалай жатып қолыңызды бұлғап көмекке шақырыңыз.

VI. Суық судың қауіптілігі


Суық суға түсіп кеткен адам 10-30 минутта көбіне суық өтіп қайтыс болады (5-7С 2-ші дәрежелі гипотерамия). 5-15 минут қимылсыздық суықтан талуға (шок) және өлімге әкеліп соғады. Суық судан шығарылып, аман қалғанның өзінде жиі-жиі есінен танады.
Организімнің жалпы салқындауы қатты шаршағанда, ашыққанда, мас күйінде тезірек болады. Физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты әйелдер суық суға төзімдірек болады, ерлер 4-5 минуттан соң-ақ жүректері тоқтап қалуы мүмкін. Суық суда клиникалық өлім 30-60
минутқа, жылы суда 5-6 минутқа созылады. Тұщы суға батқан адам 1-3
минутта, ал теңіз суында 7-8 минутта қайтыс болады. Сондықтан суық суда әрбір секунд қымбат.

VII. Судағы қатерге ұшыраған адамға алғашқы көмек


Қатерге ұшыраған адамға көмек көрсеткенде мүмкіндігінше тездетіп оттегі жетімсіздігін қолдан дем алдыру тәсілін қолдану арқылы жойыңыздар.
- қатерге ұшыраған адамды судан алып шыққаннан кейін оның киімін беліне дейін шешіп, демалу жолдарының жоғары жағын және асқазанын судан босатуға кірісу;
- қатерге ұшыраған адамның аузын азу тістерінінің әр жағынан саусақпен қармай, немесе қол орамалмен, не дәке оралған пышақ жүзімен, шай қасықтың сабымен немесе жалпақ темір заттпен ашу керек.
- Ауыз ішін шырыш пен балдырдан тазалау керек.
- Қатерге ұшыраған адамның жоғарғы тыныс жолдары мен асқазанын судан арылту үшін оның кеудесін көмек көрсетушінің тізесінің бүгілген аяғының үстіне басын төмендетіп салып, кеуде сүйегінің астыңғы бөлімдерін ырғақпен қысып баса беру. Ең жеңіл және тиімді тәсіл - ауыздан - ауызға немесе ауыздан - мұрынға ауа үрлеу. Қатерге ұшыраған адамды бетін жоғары қаратып жатқызып, бір қолды оның мойнының астына жіберіп, екінші қолымен маңдайынан басып, басын мүмкіндігінше шалқайту. Бас бармақпен және сұқ саусақпен қатерге ұшыраушының мұрнын қатты қысып, демді ішке терең алып, оның аузына минутына 18-20 дем салу керек. Қатерге ұшыраушының жүрек соғуын ұдайы қадағалап отыру керек. Егер жүрек соғуы тоқтап қалса қолдан дем алдыру мен қатар, жүрекке тікелей емес массаж әдісін қолдану керек, ол үшін: қатерге ұшыраушының жүрек түсына бір алақанды қойып екіншісін айқастыра салу керек, екі колдың да саусақтары көтеріңкі болу қажет, дене салмағын пайдалана, төс сүйекті омыртқа жотасына қарай 4-5 см қысады, жиілігі минутына 70-72 рет.

Есте сақтаңыздар!


Судағы апаттан қорғанудың ең сенімді жолы - суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау.

Сіздер барлықтарыныз білесіздер өрт қандай жаман қасірет келтіретінін. От  үй мүлкін жояды, тұрғын үйлер жанып және бұзылады, қоғамдық құрылыстар, адамдар зардап шегеді, дене күйдіруге үшырайды, жарақат алады, кейбіреуі қаза табады.

Адамдардың қаза болуының басты себебі көмірқышқыл оксидімен (улы газбен) улану болып табылады. Өрттердің шығу себебі әртүрлі: электр сымының қысқаша тұйықталуы, жедің шамадан тыс жүктелуі, газды, жылыту пештерін дұрыс қолданбау. Өрттер табиғи және авария салдарынан болуы мүмкін, бірақ өрттердің көп бөлігі адамның байқаусыздығынан немесе дұрыс мән бермеу себебінен болады (өрт қауіпсіздік ережелері сақтамау, төсекте темекі шегіп жатып ұйқыға кету, лақтырылған темекі қалдықтары, балалардың отпен ойнауы және т.б.)

Өрт болған кезде қалай іс-қимыл жасау керектігін барлық адамдар білулері керек. Өрт шыққан кезде және сол кезде өзіңізді-өзің ұстап, тез арада жағдайды байқау және дұрыс шешім қабылдау керек. Осы жағдайда өзінді және сені қоршаған ортадағы үрейді болдымау керек. Өрт  болған кезде өртсөндіргіштерді қолдану, отты су арқылы сөндіру, құммен, кішігірім ошақарды қалың жапқыштармен бұқтырып тастау керек.


Өртпен күресу кезінде және зардап шеккендерге көмек көрсету кезінде есте сақтаныз, сізге ауаның жоғары температурасы, түтін, улы газдың таралуы, ғимараттың құлауы аса қаупті болып табылады. Есте сақтаныз: егер де заттар 10 метр қашықтықта көрінбесе, түтін жиналуы өмірге өте қауіпті. 
Өртті сөндіру кезінде ең бастысы өрттің таралуын тоқтату, ал содан соң қатты жанып жатқан от ошақтарын сөндіру керек. Сол кезде суды от жалына емес, жанып жатқан бетіне шашу керек. Егер тігінен жатқан жағы жанып жатса, онда үстінен астына қарай су шашу керек. Түтін басқан бөлмедегі өртті суды шашыратып сөндіру қажет, өйткені ол түтінді басып температураны басады.
Егер де үйде (пәтерде) кішкентай болсын от ошағы шықса, су құйып немесе суланған ауыр матамен жабыныз.
Жанып жатқан киім жабылған матамен сөндіріледі және де от көзін жою үшін жерге жатағалып домалау керек.
Жанғыш сұйықтықтарды көбік аралас құраммен сөндіру керек, құм немесе жер төгіп сөндіруге және ауыр матамен бұқтырып сөндіруге, бірақ ешқашан жанғыш сұйықты сумен сөндіруге болмайды.
Егер де электр сымдары жана бастаса, тез арада оны тоқ көзінен айыру керек. Электр сымын улықышқылы бар өрт сөндіргіштермен сөндіру керек, УӨ-5 немесе УӨ-10 (улықышқылы бар өрт сөндіргіші).

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет