Көк пиязды (лук зеленый) майда басты пияздан өсіріледі. Көк пиязды жыл бойы өсіруге болады. Оның құрамында С (30 мг) және А (2 мг) витаминдері, кальций, темір, хлор, йод және т.б. минералды заттар болады. Көк пиязды тамаққа және көптеген салма есебінде қолданады.
Сарымсақ (чеснок) - пияз туысына жататын көп жылдық өсімдік. Дәмдік, дәрілік өсімдік. Сарымсақ 3-20% тістерден тұратын бадана құрайды, сыртын ақ немесе қызғылт қабықша қаптайды. Құрамында 64,66% су, 6,76% белок, 26,31% көмірсулар, 0,06% май, 0,77% клечатка, 1,44% күл, 10 мг шамасында С витамині бар. Басты пиязға қарағанда ылгалдылығы төмен, азотты, экстрактивті және минералды заттар көбірек.
Достарыңызбен бөлісу: |