Тұқымды жемістілердің аурулары. Тұқымды жемістілер көбінесе шірігінен, парша мен күйе саңырауқұлағымен зақымданады. Физиологиялық аурулар (күю, жұмсағының қараюы, солу және т.б.) дұрыс емес сақтау кезінде пайда болады. Тұқымды жемістілердің зиянкестеріне плодожорка, долгоносик, щитовка жатады.
Сүйекті жемістілер.
Сүйекті жемістілерге шие, қара шие, көк өрік, абрикос, шабдалы жатады. Сүйекті жемістілер қабығынан, шырынды жұмсағынан, сүйектен тұрады.
Сүйекті жемістілерді тұтынушылық жетіле стадиясында жинайды, себебі олар жиналғаннан кейін пісу қабілеті жоқ. Олар ұзақ тасымалдау мен сақтауға төзімсіз. Оларды балғын түрінде және өңдеу үшін: кептіру, тосап, компот, шырындар, тұндырмалар жасауға қолданады.
Шие (вишня). Ол маусымда-тамызда піседі. Жеміс құрамында 7-18% қант, 0,8-2,5% органикалық қышқылдар бар. Шырынының түсіне байланысты шиені екі топқа бөледі: морели және аморели.
Морели (гриоттар) қабығы қою шие түсті және боялған шырыны қышкыл дәмді. Бұл топқа кең тараған шие сорттары жатады: Любская, Шубинка, Лотобая, Плодородная Мичурина және т.б.
Аморели жемістері ашық түсті және түссіз шырыны бар. Олар морелиға қарағанда қышқылдығы төмен. Оларға Краса Севера, Аморель Розовая жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |