Өріктер (абрикос). Өрік жемістері жоғары қанттылықпен, құрамында пектин, каротин, органикалық қышқылдар ароматы және құнды минералды заттар көп мөлшерде болады. Тағайындалуы бойынша абрикостан асханалық - консервілік және кептірілген сорттарға бөлінеді.
Асханалық- консервілік сорттар ірі жемістері мен ашық түсімен, ерекше дәмімен шырынды жұмсағымен ерекшеленеді. Бұл сорттарға: Никитинский, Краснощекий, Ананастық және т.б. жатады.
Кептірілетін сорттарда қант мөлшері көп, ал қышқылдар аз. Бұл топтарға: Хурмай, Исфарак, Бабай және т.б. жатады.
Шабдалы (персик) өріктерге қарағанда дәмі мен ароматы ерекше, жұмсағы нәзіктеу. Бетінің сипаты бойынша шабдалының бар сорттары түкті және түксіз болады. Сүйегі тез алынатын шабдалылардың жұмсағы талшықты, нәзік, шырынды болады және десертті жемістер ретінде қолданылыды. Сүйегі алынбайтын шабдалылар компот жасау үшін қолданылады. Шабдалылардың кең тараған сорттары: Ананасный, Никитинский, Золотой Юбелей және т.б.
Сүйекті көкөністерді буып-түю және сақтау. Сүйекті жемістерді торларға және себеттерге 6 кг-ға дейін және жәшіктерге 8 кг-ға дейін салады. Шие, қара шие, майда өріктер мен алқорыны ыдысқа төгіп салады. Ірі абрикостарды жәшіктерге салғанда астына ағаш қиқымдарын сеуіп үстіне қағаз салып қояды. Шабдалыларды екі қатар етіп салады. Әр жемісті жартылай жұқа қағазбен орайды. Сүйекті жемістілерді 00С температурада және 85-90% салыстырмалы ауа ылғалдылығында сақтайды.
Жидектер
Құрылымы бойынша жидектер үш топқа бөлінеді.
Нағыз жидектер ішінде тұқымды, шырынды жұмсағы бар бір жемістерден тұрады (жүзім, қарақат, мүкжидек).
Күрделі жидектер бір жерде жиналған бірнеше майда жемістерден тұрады (таңкурай, сиыр бүлдірген).
Жаған жидектер бетінде майда тұқымдар бар бір жидектер (қой бүлдірген, құлпынай).
Достарыңызбен бөлісу: |