Байланысты: acbcd762-3e56-11e4-8251-f6d299da70eeТамақ өнімдері өндірісі-ң тех-сы
1. Крахмал алу технологиясының негізгі принциптері Крахмалды түрлі өнім түрлерінен алуға болады. Жүгері дәнінің көптеген сұрыпы үшін мынадай химиялық құрам қабылданады: (абсолюттік құрғақ затқа %-бен) крахмал 69,0-72,0; ерігіш көмірсулар 3,0-5,0; ақуыз 11,0-13,0; пентозан 4,0-4,5; клечатка 1,7-2,0; май 5,0-6,5; күл 1,5-2,0.
Дән 13-14 % ылғалдылықта 2 жыл және одан да көп уакытқа сақталуы мүмкін. Осы жүгері арқасында бір жыл бойы өнім шығаруға болады.
Технология мақсаты стандартты сапалы дәннен крахмалды максимальді түрде бөліп алу және неғұрлым эффектілі бөлу жіне дәннің басқа барлыққұрама бөліктерінің қолданылуы болып табылады.
Шикі жүгері крахмалы өндірісінің принципиальді схемасы төменде көрсетілген. Ол келесі операциялардан тұрады: дәннің беріктілігін азайту үшін шылау және ерігіш заттардың көп бөлігін алып тастау, ұру және крахмал бөліктерін босату үшін дөрекі уату, ұрықты бөліп алу, эндоспермнен ақырғы крахмалды бөліп алу үшін ботқаны жұқа ұнтақтау, ұрықтан және мезгадан крахмал ақуызды фракцияны бөліп aлy үшін сұйықтықты сүзу, ерігіш зат қалдықтарымен глютеннен крахмалды бөліп алуүшін крахмал ақуызды сұйықтықты айыру (сепарирлеу) және крахмалдан ерігіш қоспаларды ақырғы тазарту үшін крахмалды жуу. Көрсетілген барлықоперациядан кейін алынған шикі жүгері крахмалы құрғак крахмал, сірне, глюкоза, модифицирленген крахмал және босқа да крахмал өндірісі үшін шикізат болып табылады. Ұрық сорғып және кептірілген соң жүгері майын өңдеу үшін шикізат ретінде қолданылады, ірі және ұсақ мегза құрғақ азық (жем) өндірісіне жөнелтіледі, глютенді жем өндірісіне жібереді және шикізат ретінде қолданылады. Мысалы, глютаминді қышқыл ендірісі үшін. Сығынды (шылаудан кейінгі су) буланғаннан кейін медициналық және микробиологиялық өндірісте шикізат ретінде қолданылады және құрғақ азықтар өндірісіне жіберіледі.