«Тамақ өнімдері өндірісінің технологиясы» (2)


Алма сапасына қойылатын талаптар



бет79/94
Дата08.02.2022
өлшемі432,13 Kb.
#98787
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   94
Байланысты:
acbcd762-3e56-11e4-8251-f6d299da70eeТамақ өнімдері өндірісі-ң тех-сы

Алма сапасына қойылатын талаптар. Ерте пісетін алмалар сапасы бойынша бірінші және екінші тауарлық сортқа бөлінеді және олар бүтін, қажетінше піскен, таза, жеміс бетінде артық ылғалсыз, бөтен иіссіз және дәмсіз болу керек. Ең үлкен көлденең диаметрі 1-ші сорт үшін - 55 мм; 2-ші сорт үшін 40 мм болу керек.
Кеш пісетін алмалардың сапасы келесі көрсеткіштермен бағаланады: сырқы түрі, ең үлкен көлденең диаметрі бойынша өлшемі, жетілу дәрежесі, рұқсат етілетін ауытқулар. Домалақ формалы жоғары сортты алмалар үшін (65мм); 1- ші сорт үшін 60, 2-ші сорт үшін - 50 және 3-ші сорт үшін - 40; овал формалы жоғары сортты алма - 60, 1-ші сортты- 50, 2- ші сортты - 45 және 3-ші сортгы -35.
Алмұрт (груша). Алмаларға қарағанда нәзіктеу, нашар сақталады, алмалармен салыстырғанда қышқыл мөлшері аз, қант мөлшері көп. Алмұртты балғын түрінде қолданады, компот, тосап, цукат дайындайды. Алмұрт құрамында 9% қант, 0,3% қышқылдар, 0,2% пектан заттары, 0,02-0,07% ілік заттар, 0,07% минералды элементтер, 0,6% клетчатка, С витамині бар.
Сапасы бойынша ерте пісетін алмұрт екі тауарлық сортқа: 1 және 2-ші; кеш пісетін алмұрт 2 помологиялық топқа және 3 тауарлық сортқа: 1,2 және 3-ші бөлінеді.
Айва жемістері ірі, жұмсағы тығыз, ауыз қуыратын дәм мен нәзік жағымды ароматқа ие. Консерві өндірісінің құнды шикізаты, одан тосап, джем, желе, цукат, компот дайындайды. Айва құрамында 7,6% кант, 0,9% қышқылдар, 0,8% пектин заттары, 0,6% ілік заттары, 0,08% минералды заттар, 23 мг С витамині бар. Айваның өзіндік ароматы құрамында энант - этил және пеларгон - этил эфирлерінің болуына негізделген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет