Мотивациялық
қозғаушы
|
Бақшамызға барамыз,
Досымызды табамыз.
Сәлемет пе сен, сен, сен
Доспыз енді сенімен!
Балалар , мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер маған жауап беріңдер
Қыс бойына жатады, тәтті ұйқыға батады.
Бұл не?
Аю туралы не білесіңдер? Сурет арқылы сөйлем құрастыру
Өзі бір қу, жүрген жері айғай да шу.
Бұл не?
Түлкі туралы не білесіңдер?
Дегендей ешкім тимесін, алыпты қадап инесін.
Бұл не?
Кірпі туралы не білесіңдер?
Өзі қорқақ, көзі қыли, қыс пен жазда екі түрлі тон киеді.
Бұл не?
Қоян туралы не білесіңдер?
Бұтадан бұтаға секіреді, кішкентай ғана аң.
Бұл не?
Тиін туралы не білесіңдер?
Жарайсындар, балалар. Ендеше біз сендермен орманға барамыз, осы аңдар қалай қыстайтының көреміз
|
Балалар тақпақты қимыл-қозғалыспен көңілді айтады.
Балалардың жауаптары:
Бұл аю.
Аю орманда тұрады, аю үлкен, балды жақсы көреді.Қыста аю ұйықтайды.
Бұл түлкі.
Түлкі орманда тұрады. Әдемі тоны, құйрығы бар, қу аң.
Бұл кірпі.
Кірпінің инесі көп, өзі қоңыр, қыста ұйықтайды.
Бұл қоян.
Қоян қыста аппақ, өзі қорқақ.
Бұл тиін.
Тиін ағаштарда тұрады, жаңғақтарды жақсы көреді.
|
Іздену-
ұйымдастырушы
|
- Кәне сапқа тұрайық, пойызды біз құрайық
у-у-у-пш-пш-пш!
Пойызды біз құрамыз, орманға біз барамыз
у-у- чик-чик-чик!
Балалар, жайғасып отырыңдар «Көңілді көбелек» ертегісін бастаймыз
Ерте-ерте, ертеде , ертегілер елінде сауықшыл, әнші, биші көбелек болыпты. Көбелек жаз бойы ән салып, би билеп көңілді уақыт өткізді. Жаз өтті, күз өтті, қыс келді. Ағаштар, шыршалар қармен жамылды, жолдар аппақ болды, орманда тып-тыныш. Біздің көбелек тоңып келе жатыр, ән салуға, би билеуге шамасы жоқ.
Көбелек: Енді мен не істеймін? Тондым, қарным ашты...
Қараса біреудің үйі тұр, барып есігін қағады: Тоқ-тоқ-тоқ!
Аю: Бұл не?
Көбелек:Мен көбелекпін, аюжан, мені үйіне кіргіз, қыс біткенше асыра!
Аю: Қыс боларын білмедің бе?Қыста орман ұйқыға кетеді, ұйқымды бұзба! Ән айтып, би билей бер!
Көбелек жылап кетеді...
Көбелек: Енді мен не істеймін? Тондым, қарным ашты...
Қараса біреудің үйі тұр, барып есігін қағады: Тоқ-тоқ-тоқ!
Қоян: Бұл не?
Көбелек: Мен көбелекпін, қоянжан, мені үйіне кіргіз, қыс біткенше асыра!
Қоян: Қыс боларын білмедің бе? Мен қыста тонымды ауыстырамын, күндіз ұйықтаймын, түнде жүгіремін! Мазамды алма, ән айтып, би билей бер!
Көбелек жылап кетеді...
Көбелек: Енді мен не істеймін? Тондым, қарным ашты...
Қараса біреудің үйі тұр, барып есігін қағады: Тоқ-тоқ-тоқ!
Түлкі: Бұл не?
Көбелек:Мен көбелекпін, түлкіжан, мені үйіне кіргіз, қыс біткенше асыра!
Түлкі: Қыс боларын білмедің бе? Мен ұзақ жолға шығып барам, асымды іздеймін. Мазамды алмашы,ән айтып, би билей бер!
Көбелек жылап кетеді...
Көбелек: Енді мен не істеймін? Тондым, қарным ашты...
Қараса біреудің үйі тұр, барып есігін қағады: Тоқ-тоқ-тоқ!
Кірпі: Бұл не?
Көбелек: Мен көбелекпін, кірпіжан, мені үйіне кіргіз, қыс біткенше асыра!
Кірпі: Қыс боларын білмедің бе?Менің үйім тар, саған орын жоқ, өзім ұйықтап жатырмын.. Мазамды алмашы,ән айтып, би билей бер!
Көбелек жылап кетеді...
Көбелек: Енді мен не істеймін? Тондым, қарным ашты...
Ағаш басында Тиін отыр, оған жалынады:
Тиінжан, мені үйіне кіргізші, мен тондым,қыс біткенше асыра...
Тиін: Қыс боларын білмедің бе? Барлық аңдар қысқа дайындалды, мен өзім
саңырауқұлақ, жидек, жаңғақ жинадым,ал сен ән салып, би биледің.
Мақал бар: «Қыстың амалын жазда ойла»,
мазамды алма, ән салып, би билей бер!
Көбелек жылап кетеді, бір ағаштың астына барып отырады...
Балалар, қарандаршы көбелек тоңып-жаурап жүр орманда, ол жәндік, қыста ол ұйықтау керек.
Біздің аңдар да қыста қиыншылықты көріп жатыр,оларға да көмек керек.Мына қар астында бірдене бар. Бұл не?
Бұл аңдардың көректері.
Бұл – бал, балді кім жақсы көреді?
Бұл – сәбіз, оны кім жақсы көреді,
Бұл – жемістер, оларды кім жақсы көреді?
Бұл – саңырауқұлақтар, оларды кім жақсы көреді?
Бұл – жаңғақтар, оларды кім жақсы көреді?.
Балалар, қыста аңдарға , құстарға қамқорлық жасау керек, көмектесуіміз керек.
Аю: Мен көбелекті қуып жібердім, бал беруші едім..
Қоян: Мен сәбіз беруші едім..
Түлкі: Мен жемістерді беруші едім.
Кірпі: Мен саңырауқұлақтарды беруші едім...
Тиін: Мен жаңғақтарды беруші едім ..
Көбелек сол кезде келе жатып жерге құлап түседі
Тиін: Келіңдер, келіңдер, көбелекке көмектесейік!
Аңдар жиналып, көбелектін қолдарын, аяқтарын ұқалап, жылы көрпе жауып тірілтіп алады.
Көбелек көзін ашады: Мен қайдамын?
Түлкі: Қорықпа, сен достардың арасында!
Көбелек: Достар, рахмет сендерге, мен енді қысқа дайындаламын, жылы үй іздеймін, ұйықтаймын..
Аңдар көбелекке көректерін алып келеді, сыйлайды.
Көбелек: Рахмет сендерге, менде сендерге мына әуенімді сыйлаймын
Аңдар балаларды биге шақырады.
Рахмет сендерге
|
Балалар сапқа тұрып, пойыз құрып, ән айтып, дыбыстап жүреді
Ертегіні зейін қойып тыңдап, көреді.
Балалардың жауаптары:
Балды аю жақсы көреді, аюға береміз.
Сәбізді қоян жақсы көреді, қоянға береміз.
Жемістерді түлкі жақсы көреді, түлкіге береміз.
Саңырауқұлақтарды кірпі жақсы көреді, кірпіге береміз.
Жаңғақтарды тиін жақсы көреді, тиінге береміз.
Балалар аңдармен бірге көңілді билейді.
|
Рефлексивті
коррекциялаушы
|
Балалар естіп, көріп, білгендерімізді қорытындылап жіберейік.Ертегіде қандай кейіпкерлер болды?
Көбелек неге көңілсіз орманда жүрді?
Балалар, қыста аңдарға , құстарға қамқорлық жасау керек, көмектесуіміз керек. Қыста дала суық,орманда қалын қар жатыр. Аңдарға көректерін табуға қиын,сондықтан адамдар аңдарға, құстарға көмектеседі
Балалар бізге бақшаға қайту керек, аңдар бізді шығарып салады, пойызға отырып қайтайық
Кәне, сапқа тұрайық, пойызды біз құрайық,
у-у-у-пш-пш-пш!
Пойызды біз құрамыз, бақшамызға барамыз,
у-у- чик-чик-чик!
|
Қоян – заяц, түлкі – лиса,
аю – медведь, тиін – белка, кірпі – ежик,
көбелек – бабочка.
Сөздерді қайталап еске сақтауға жаттығады.
Көбелек қыста тоңды, қарны ашты, сондықтан көңілсіз.
|