- “Модульдік оқыту” технологиясындағы
- оқыта үйрету ойындары
- “Бейнелі жады” ойыны: Мұғалім мен жүргізуші қазылар алқасын құрайды. Оқушыларға мәтінді оқып шығып, бастысын атау тапсырылады. Сынып топтарға бөлінеді. Мұғалім мәтіннің мәнді бір бөлігін мылқау сахналық қойылым түрінде көрсетуді ұсынады. Сөздер, мәтіннің мәнді бәр бөлшектері (деталі) жазылған парақтар пайдалануға, мәтін бөліктерінің өзара байланысы ретінде қолдарынан ұстасуға болады. Өз нұсқасын алдымен бір команда, сосын екіншісі бейнелеп көрсетеді.
- “Емтихан” ойыны: Оқушылар өзара жұптарға бөлініп, бірі мұғалім, екіншісі оқушы болып жұмыс жасайды. Оқушы болғаны серігіне өз конспектісінде не жазылғанын айтып, сосын оның қойған сұрақтарына жауап беруге тырысады. Серігі түсінік пен жауапты оқулық мәтінімен салыстырып, өз ұпайын береді. Сосын олар өзара орын алмасып, келесі оқушы мұғалім болады. Әр оқушы айтқан түсінігі мен жауаптарына ұпай жинайды. Берілген уақыт ішінде кім көп ұпай жинаса сол жеңімпаз болады.
Достарыңызбен бөлісу: |