“Кәдімгі керемет” ойыны: Мұғалім үй тапсырмасын ерекше түрде береді: кезекші оқушы хат таратады, тапсырма әр қырына әр түрлі әріп жазылған кубик арқылы таңдалады, қорапшадан тапсырма номері лоторея си
“Кәдімгі керемет” ойыны: Мұғалім үй тапсырмасын ерекше түрде береді: кезекші оқушы хат таратады, тапсырма әр қырына әр түрлі әріп жазылған кубик арқылы таңдалады, қорапшадан тапсырма номері лоторея сияқты алынады, т.б.
“Шығармашылық шарт” ойыны: Қабілетті немесе тілек білдірген оқушыларға міндетті тапсырмамен қоса шығармашылық шарт тапсырылады. Ол шарт бойынша оқушы сол тапсырмаға байланысты сөзжұмбақ құрастырып, қызықты деректер жинауы немесе тірек белгі жасап, әзіл сурет дайындауы қажет.
“Айрықша тапсырма” әдісі: Қабілетті оқушылар үйге ешкім орындамаған күрделі де, қиын тапсырма алады. Ол салтанатты түрде табыс етіледі және арнайы дәптерге орындалады. Орындалған тапсырмаға “төрттен” төмен баға қойылмайды.