Мәлеметті жазған: Досмагамбетова Аружан Бауыржановна
Тапсырма №1 TIMSS және PIRLS функционалдық сауаттылықтың халықаралық зерттеулері. Зерттеу ерекшеліктері және тапсырмалар түрлері.
Халықаралық зерттеулер аясындағы өзгерістерді атап айтсақ, бұл TIMSS, PIRLS халықаралық зерттеулер бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мүмкіндігі. Осының ішіндегі функционалдық сауаттылыққа тоқталсақ: функционалдық сауаттылықты дамудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анық көрсетілген. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Жолдауында «Бесекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс. Сондай-ақ балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. TIMSS, PIRLS деген не? TIMSS халықаралық зерттеуінің негізгі мақсаты – әртүрлі елдердегі білім жүйесі мен орта мектепоқушыларының жаратылыстану-математикалық дайындық деңгейін салыстырмалы бағалау және осы дайындық деңгейіне әсер ететін факторларды анықтау.Қазақстан оқушылары TIMSS, PISA, PIRLS халықаралық салыстырмалы зерттеулеріне қатысуда.
TIMSS халықаралық зерттеуінің негізгі мақсаты – әртүрлі елдердегі білім жүйесі мен орта мектеп оқушыларының жаратылыстану-математикалық дайындық деңгейін салыстырмалы бағалау және осы дайындық деңгейіне әсер ететін факторларды анықтау. PISA үш жылдық мерзіммен өткізілетін білім беру ұйымдарында 15 жастағы білім алушылардың математикадан сауаттылығын бағалауға арналған Халықаралық зерттеу. Оқушылардың білім жетістіктерін зерттеу негізгі үш бағыт бойынша жүзеге асырылады: математикалық сауаттылық, жаратылыстану сауаттылығы, оқу сауаттылығы.
PIRLS_зерттеуі'>PIRLS зерттеуі – бастауыш сынып оқушыларының мәтінді оқу және түсіну сапасын зерттеуге арналған. Халықаралық жоба бесжылдық мерзіммен өткізіледі (2001, 2006, 2011, 2016) 2015 жылы Апробациялық зерттеуі, ал 2016 жылы негізгі зерттеуі өткізіледі.
PIRLS (ағылш. Progress in International Reading Literacy Study) – Білім жетістіктерін бағалаудың Халықаралық Қауымдастығы (ІЕА) арқылы жүзеге асырылатын халықаралық зерттеу.
PIRLS түрлі елдердегі бастауыш сынып оқушыларының мәтінді оқу және түсіну деңгейі мен сапасын салыстыруға, сонымен қатар ұлттық білім беру жүйелеріндегі айырмашылықтарды анықтауға мүмкіндік береді.
Оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту – бүгінгі заман талабы. Осы ретте, қазақ тілі мен әдебиеті пәнін заман талабына сай жүргізе білудің маңызы зор. Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру қазіргі таңда оқыту жүйесіне қойылып отырған әлеуметтік сұраныс талаптарымен сай келу үшін бастауыш сыныптардан бастап оқушының ақпараттық және проблемалардың шешімін табу құзіреттіліктеріне бағытталып жүргізілгенде ғана оң нәтижелерге қол жеткізуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |