Тапсырма Қазақ халқының дүние танымындағы өзін-өзі танудың орны


«Өзін- өзі тану» бағдарламасы неге бізге қажет болды дейміз?



бет3/6
Дата27.05.2022
өлшемі93,99 Kb.
#145250
1   2   3   4   5   6
«Өзін- өзі тану» бағдарламасы неге бізге қажет болды дейміз?

Мемлекет біздің экономикамызды сауықтыру мен адамдардың әл-ауқатын жақсарту туралы ғана емес, сонымен бірге қоғамның жоғары құндылығы адамдардың рухани әлемі туралы қамқорлық жасауы қажет. Біз ұлы өзгерістер және техникалық прогресс дәуірінде өмір сүріп отырмыз және бізге өзіміздің ішкі жан дүниемізге үңілуге, өзіміздің орнымызды анықтауды ойлауға уақыт жетпейді.
Ал «Өзін-өзі тану» пәні біздің балаларымызға осы мәселелерді түсінуге көмектеседі. Біздің барлық ауруларымыздың және проблемаларымыздың себебі жақсы емес ойлардан, тәккаппарлық, қызғаныш, жалқаулықтан. Тек қана біз біздің болмысымызға мейірімділік, шыдамдылық, қалтқысыз сүйіспеншілікті қайтарсақ, сонда әлем жарықтау және қайырымдылау болады. Қазіргі кезеңде мектепте балалардың жан дүниесін түсінуге көмектесетін және ойын жақсы арнаға бұратын пән “Өзін-өзі тану”.
“Өзін-өзі тану” пәнінде балалар өз сырын ашады, неге өздерін өтірік пен алдаудың торы қоршайтынын түсінгісі келеді. Қарым-қатынас жасауда балаға жиі өзінің ренішін, өкпесі мен қорқынышын ақтаратын мейірімді нағыз достың ашық жүрегі жетпейді. Өмір жолында қауіп-қатер кездесетін ұзақ лабиринт және бала оны жеңу үшін басқалардың көмегін қалайды. Өзін-өзі тану сабағы балаларға өзінде, адамдарда, іс-әрекеттерінде, өмірде қателеспеуге көмектеседі. Өзін-өзі тану сабақтарында балалардан екінші күн бола алатын, қайырымдылық және үміт сәулесімен жылытатын, қуаныш пен тыныштық әлеміне енуге көмектесетін досы болғанын тілейтінін естиміз. Ықыласты әңгімеден кейін ғана балалардың көпшілігі өздерін басқаша сезініп, өз мүмкіндіктерін танудың қызықты жолдарын таба бастайды.

Өзін-өзі тану бағдарламасы қазіргі заманда өскелең ұрпақтың салауатты өмір салтын, адамгершілік қасиеттерін, экологиялық санасын, эстетикалық дамуын белсендіруіне өте қажет. Бұл бағдарлама адам өмірінің логикасына, жалпы адамзаттық жүйеге толықтай сәйкес келеді және жеке тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуға, өзін-өзі танып, өзін-өзі іс жүзінде мейлінше көрсете білуге айтарлықтай мүмкіндік береді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет