Тапсырма Қазақ халқының дүние танымындағы өзін-өзі танудың орны


«Өзін- өзі тану» жобасы басқа білім беру жобаларынан қандай айырмашылығы бар ?



бет4/6
Дата27.05.2022
өлшемі93,99 Kb.
#145250
1   2   3   4   5   6
«Өзін- өзі тану» жобасы басқа білім беру жобаларынан қандай айырмашылығы бар ?

Өзін-өзі тану пәні басқа пәндерден айырмашылығы, бала өзін осы пәнде еркін сезінеді, ойларын ашық айтады, қарым-қатынасқа белсене түсе алады. Қызықты жаттығулар арқылы білімдерін шыңдай түседі, барлық пәндерді осы кезде пайдалана алады. Өнерлерін де көрсете түседі. Бұл пәнге этика, психология, биология, валеология, экология, медицина қатысты болғандықтан, басқа пәндерден ерекшеленіп тұрады.

  1. Аталған жобаның авторлық идеясының негізінде не жатыр ?

Біздің қоғамда әрбір адам өзі туғаннан берілген қабілетін толық іске асыра алатын және сол арқылы тек біздің мемлекетімізге емес, жер бетіндегі барлық адамдарға пайдасын тигізе алу үшін, атап айтқанда білім беру арқылы адамгершілік-рухани құндылықты жаңғырту

  1. «Өзін- өзі тану» пәні теориялық немесе практикалық пән бе?

Бағдарламадағы оқыту кешенді сипатқа ие. «Өзін- өзі тану» пәні теориялық та, практикалық та пән. Бағдарламада жаңа әдістемелер қолданылады: пікір-сайыс, «миға шабуыл», микротоптармен, рөлдік ойындар, жағдаяттарды шешу, әртүрлі шығармаларды оқу.

  1. «Өзін- өзі тану» бағдарламаның дін мен қандай айырмашылығы бар? Бір біріне ұқсай ма?

«Өзін-өзі тану» бағдарламасы адамгершілік, қайырымдылық пен зұлымдық, құндылық туралы діни емес түсініктерге сүйенеді. Алайда діни және діни емес нормалар мен қағидаларға ортақ аймақ, яғни қайырымдылық пен зұлымдық, құндылық туралы адамзаттық түсінушілік аймағы тән.
«Өзін-өзі тану» бағдарламасы дінге қарағанда кеңірек іс-әрекет бағдарланған. Ол өмірдің заманауи жағдайларына негізделеді, онда дербес, белсенді, әлеуметтік өзгерістер орталығында орналасқан, қиындықтарды жеңе алатын адам неғұрлым жетістікке жете алады.

  1. «Өзін- өзі тану» бағдарлама мен этнопедагогиканың ұксастығы бар ма?

Этнопедагогика өзінің ішкі құрылымымен сан-салалы ғылымның басын қосатын аса күрделі білім саласы. Этнопедагогика – халықтық тәлім-тәрбие. Сондықтан екі пән бір-бірімен байланысты, ұқсастығы бар.
«Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі болу оңай емес. Өзін қоршағандармен сүйіспеншілік, қайырымдылық, шыдамдылық, өзара түсіністік негізінде қарым-қатынас жасай білетін адамгершілігі мол жеке тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік туғызу – «Өзін-өзі тану» пәнінің, білім беру философиясы мен құндылығын анықтайтын, үйлесімді адамды тәрбиелеуге бағытталған, жаңа педагогикалық парадигмада көрінетін пәнінің оқытушысының жоғары борышы.
Мұғалімнің «Өзін-өзі тану» сабақтарында инновациялық технология стратегиясын шебер жүйелі қолдануы оқушылардың жалпы адамзаттық рухани құндылықты жеткізуші адамдар туралы түсінігін кеңейтеді, оған қайырымдылық атмосферасында қарымқатынас жасауға және қоғамдағы қатынастарға дайындалуға мүмкіндік береді.
Бұл пәнді оқыту барысында педагогтің кәсіптік шеберлігіне талап қалыптасады, баланың және педагогтің өзінің жеке басы туралы түсініктерді қайта қарау қажеттігі пайда болады, өзара әрекеттің жаңа моделі жасалады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет