Эксперимент – балалармен олар әдеттенгендей жағдайда өтуі керек. Констатациялаушы экспериментте бала дамуының ерекшеліктері және деңгейлері анықталады. Бұл баланың тұлғалық дамуына және қоршаған әлемге деген қатынасына және интеллектуалды дамуына қатысты. Тұлғаның дамуы баламен әңгімелесу, жазбаша сұрақтар және жанама әдістер арқылы зерттеледі. Дегенмен әрбір зерттеу әдісінің тиімді және тиімсіз жақтарын ескеріп, соңынан қосалқы әдістерді қолдану керек.
Бақылау және сараптау әдістері және оны күнделікті іс-тәжірибемізде қолдана білу.Бақылау әдiсiнiң ерекшелiгiне балалардың күнделiктi өмiрдегi әрекеттерi, ойлары жатады. Бақылау әдiсi келесi жағымды жақтарымен ерекшеленедi:
- Ғалым баланың шынайы әрекетi туралы деректер жинайды. Балалар арттарынан ешкiм бақылап жүргенiн бiлмесе ғана өздерiн еркін ұстайды.
- Балалардың мiнез-құлықтарын бақылай отырып, ол әр баланы тұтас тұлға ретiнде көредi.
- Баланың ұжымдағы қылығы, сөйлеген сөзi, күйзелiстерi оның құрдастарының сөздерiнен, қылығынан туындайды. Сондықтан бақылау әдiсi баланың ұжымдағы басқа балалармен қандай қарым-қатынаста болатынына мүмкiндiк бередi.
- Бақылау әдiсi бала мен мұғалiм арасындағы өзара байланысын анықтауға мүмкiндiк бередi.
Жағымсыз жақтары:
- Бақылап жатқан деректердiң шындылығы әр құбылыстың түсiнушiлiгiн, талдауын қиындатады;
- Балаларды бақылай отырып, зерттеушi ешнәрсенi түзете алмайды, тек қана бақылап жатады.
- Зерттеушi бiр деректi бiрнеше рет қайталануын қамтамасыз ете алмайды.
- Бақылау әдiсi арқылы жиналған деректер суреттелген түрде қабылданады.